Жақсылық пен мейірімділік керуені



Дата04.05.2023
өлшемі14,08 Kb.
#89864

Жақсылық пен мейірімділік керуені
Мейірімділік, сүйіспеншілік секілді қасиеттер уақыт өте келе әр адам бойында қалыптасады. Егер де тірі жанның ақыл –санасы дамыған болса, оның жүрегі парасат пен жақсылыққа толы болса, адамның ұлт-өкіл түрі, әлеуметтік жағдайы, жан-жақты бағыттағы әр түрлі көзқарастары аса үлкен маңызға ие бола бермейді. Себебі, ақыл тоқтатып, жанашыр бола білген пенденің жақсы адам болатыны сөзсіз. Ал осы адам қауымы, оңай тілмен айтқанда ,елді-мекеннің халқын құрайды. Бұл дегеніміз қоғамдағы әр адамның тұлға ретінде қалыптасуы келешектегі ел жайына өз әсерін тигізеді деген сөз. Сол себепті де мейірімді бола білген жанның бағы ашылып, ол тек өзіне ғана емес, оны қоршайтын тіршілікке, елінің әлеуметтік жағдайына пайда әкеледі.
Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат баласының бойында адамгершіліктің, жақсылық жасауға деген ынтаның болуы жоғары бағаланады. Жүректен тарайтын жылуды жақынына немесе тіпті бөгде адамға сыйлауға әр адамның қолы келеді. Мысалғы, өздігінен жүріп-тұру жағынан қиындық көретін қарттарға, балалар үйіндегі періште сынды кішкентай бөбектерге, баспанасыз қалған немесе өзге проблеманын туындауынан біздің елге келген басқа этносты адамдарға қол ұшын созу қайырымды істердің бірі. Бұл өз кезегінде басқа адамдар үшін үлгі болады және солай жақсылық пен мейірім керуені жайылады. Адамдар арасында өзара ауызбіршілік ,ұлт-өкілдердің қарым-қатынасында құрмет нығайып, түсініспеушілік санының азаюы байқалады, Ризашылық бейбіт өмір сүріп жатқан дәстүрлі қазақ қоғамында көбейетін болады. Мемлекеттің де әлеуметтік жағдайынын жақсаруына осылайша әр адам көмектесе алады. Айта кетерлік жайт, қазақ халқы қонақжайлығымен ерекшеленеді. Елде қазіргі таңда 130-дан астам сантүрлі ұлттар өмір сүріп жатыр және де олардың дәстүрлері, тұрмыс –салттары кенінең ұсталынып,сақталуда. Ешқандай шектеулер қойылмаған. Осы жайт халықтың немқұрай емес екенің, елде сөз бостандығының және ең бастысы мейірімділіктің бар екенін айқындайды.
Қорытындыға келе, елдің тұтастығы мен бірлігі, миллиондаған өзге халықтың қазақстандық жерде тұрулары және соның натижесінде қазақ халқының алғысқа бөленуі екі жақ тараптын инициативасы әрі бірлесе жұмылдырған күш пен мейірімділіктің арқасында болғанын түсінеміз. Келешекте жас ұрпақ та қолдан келгенше жақсылық жасап, адамдарға көмектесіп, ел беделін көтереді деген сенімдемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет