«Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім »



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата29.12.2016
өлшемі1,63 Mb.
#680
  1   2   3

 

 

 «Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, 

Қайта тудым өмірге, қайта келдім, 

Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, 

Айта бергім келеді, айта бергім ... » 

Жұбан Молдағалиев 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



«... Осыдан 20 жыл бұрын жастарымыз жиналып, тотолитарлық жүйенің    

толымсыз істеріне, сұрқия саясатына қарсы шыққан болатын. «Қазақ өзін-өзі 

басқара алмайды, ішінен басшы туған жоқ»,-

деп, елімізге дінімізді, тілімізді, 

тарихымыз бен мәдениетімізді білмейтін

жаны ашымайтын адамды алып 

келгеніне намыстанып, біздің жастарымыз 

алаңға шығып, Горбачевтің 1985 

жылы 

жариялаған сөз бостандығы мен 



демократияның рас екендігіне 

сеніп, өз 

наразылықтарын білдірді. Бұл 

ерліктің 

ғана емес, елдіктің де нышаны еді. 

Бейбіт 


сезімдегі жастарымызды ұрып-

соғып, 


артынан қуғын-сүргінге түсіріп, 

талай 


жағдайды жасағанын бәріміз де 

білеміз. 

Оның бәрі – тарих. Тарихтан 

тағылым 


алу керек, сөйтіп отырып, алға    

қарай жүру 

керек». 

 Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев

 

 



 

 

 

 

 

 

 

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия оқушыларына таратылатын газет, №2-19 желтоқсан, 2011-2012 

оқу жылы, /тоқсанында бір рет шығарылады/ 

 



 

 «Астана сапарынан түйген ой...» мектеп директорымен сұхбат 

 



Мектептің «Балауса» радио-ақпарт орталығында «20 жұлдызды 

күн» 

немесе 

«Тәуелсіздіктің 

20 

шыңы» 

аясында 

ұйымдастырылған республикалық деңгейдегі іс-шара өткізілді.  

 



Азаматтық  қоғам  бағыты  бойынша  «Алаш  аманаты  - 

Тәуелсіздік»  атты  тарих  пәнінің  мұғалімдері  ұйымдастырған 

ғылыми-теориялық конференция өтті. 

 



11 қараша күні мектепішілік ғылыми жобалар сайысы өкізіліп, 

барлық  8  жоба  облыстық  турға  жіберілді.  Облыстық  іріктеу 

кезеңінен 4 жоба өтті.  

 



30 қараша күні 7-11-сынып оқушылары арасында мектепішілік 

олимпиада өткізілді. 

 



Облыстық  «VI  Мұқағали  Мақатаев»  оқуларында  10-сынып 

оқушысы Сейілханова Дария I орынды жеңіп алды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,  

ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында" 

(

Н.Назарбаев

)

 

«Астана іс-сапарынан түйген ой... » 



Жуырда  мектеп  директоры  ‒  Сламбекова  Рымкеш  Хамитқызы  іс-сапармен  Астана  қаласына  барып 

қайтты. Сіздердің назарларыңызға Рымкеш Хамитқызымен жүргізген сұхбатымызды ұсынамыз. 

‒  Сәлеметсіз  бе,  Р.Хамитқызы!  Сізді  шын  жүректен  ел  тәуелсіздігінің  20  жылдығымен  құттықтаймыз! 

Енді жуырда Астанаға барған іс-сапарыңыз жайлы айтып кетсеңіз? 

‒  Сәлеметсіздер  ме!  Рахмет,  балалар,  сендерді  де  ел  тәуелсіздігінің  20  жылдығымен  құттықтаймын.  Алдағы 

оқуларыңда мол табыс пен зор денсаулық тілеймін! Біз 8-10 қараша аралығында Павлодар облысының дарынды 

балаларға  арналған  гимназия  және  лицейлерінің  басшылары  «Дарын»  орталығының  директоры  Шолпан 

Акашқызының  басшылығымен  Астанаға  барып  қайттық.    Бұл  жиынға  баруымыздың  себебі  –  «Дарынды 

балаларға  арналған  мектептің  жұмысы    қандай  болуы  керек?»,  «жалпы  ондай  мектептердің  болашағы  қалай 

болуы керек?» деген сауалдар төңірегінде іс-тәжірибе алмастық.  

‒    Жұмыс  барысында  алғаш  табалдықырық  аттаған  мектепттер  туралы  айтып  өтсеңіз?  Жалпы  ол 

мектептер өзге білім ордаларынан несімен ерекшеленеді?  

‒  Ең  бірінші    «Дарын»  республикалық  орталығының    басшысы  ‒  Шолпан  Акашқызымен  бастаған  топ  бізді  – 

«Назарбаев  университетіндегі»    Хейлбери  мектебіне    апарды.  Аталған  мектепті  өз  көзімізбен  көрдік.  Сондай-ақ,  онда  болып  жатқан  істерді  көре  отырып, 

«болашақта  осы мектептердің  арасындағы  балалардың қарым-қатынасы қалай  болар?»  деген сұрақтарға  көптеген жауап  алып келдік.  Бүгінгі таңда  біздің  мектеп 

дарынды балаларға арналған гимназия болғандықтан, бұл мектептің алға қойған міндеттері зор және нәтижесі де мол болуы тиіс. Сондықтан Астанаға келгенде, 

бізді  қуанышпен  қарсы  алды.  Павлодар  облысын,  қаласын  «Ғылымның  отаны»,  «Павлодар  ғылым  орталығы»  деп  бекер  айтпайды...    Одан  кейін  «Хейлбери  

мектебі»  сабақтарды  ағылшын  тілінде    меңгереді  екен.  Мектепте  англиядан  келген  ұстаздар  сабақ  беретін 

көрінеді.  Жалпы  бұл  «Хейлбери»  мектебінде  балалар  да,  мұғалімдер  де  3  тілде  сөйлейді.  Келесі  аяқ  тіреген 

ордаларымыз  ‒  «НұрОрда  мектебі».  Бұл  мектеп  ‒  КТЛ  жүйесінде,  яғни  қазақ  түрік  лицейлерінің    шеңберінде 

жұмыс істейді. Бұл 1 ден 6 жасқа дейін жалпы білім беретін мектеп. 6 жастан бастап Павлодар қаласындағыдай 

және бұған дейінгі балабақшалар мен халықаралық білім беру мектептерндегі жүйелер сақталған. 

Менің арманым ‒ осы оқушылар (біздің мектептегі оқушылар) мектеп бітіргеннен кейін сол университетке 

түссе деймін. Біз барған университетке кірсеңіз барлық жағдай жасалған.  Мектептің ішкі алаңқайында әлемде 

өсетін  өсімдіктердің  барлығы  бар.  Тіпті,  дүкендер  мен  дәріханалардың  өзі  университеттің  ішінде  орналасқан. 

Кітапханалары  электрондық  жүйеде.  «Оқимын»  деген  балаға  барлық  мүмкіндік  жасалған.  Сонымен  қатар 

балалар  шетелге  барамын,  сонда  оқимын  деп  қиналмауы  үшін  біздің  Қазақстанда  «Болашақ»  бағдарламасы 

бойынша  ағылшын  ұстаздары  сабақ  беретін  мектеп  ашылды.  Оқушыларымыз  мектепті  бітіргеннен  кейін 

грантпен сол мектептердің біріне түсіп кетсе деп тілеймін!  

Бұрын біз -  жай гимназия болсақ, қазір дарынды балаларға арналаған гимназия болып отырмыз, сондықтан 

балаларымыз  тек  мектеп  бағдарламасын  игеріп  қана    қоймай,  ғылыми  жоба,  олипиадаларға  қатысып  жақсы  нәтиже  көрсетіп,  конкурстарға  қатысып  жоғары 

көрсеткіш  көрсетуі  тиіс.  Ал  менің  мақсатым  ‒  мектепте  балаларға  дұрыс  оқуға  жайлы  жағдай  жасау.  Біз  мектепті  жаңа  жылға  дейін  2  кабинетпен  9  млн-ға 

жабдықтадық. Бұл ‒ билогия кабинетінің интерактивті тақтамен және орыс тілі мультимедиялық кабинетінің 16 компьютермен жабдықталуы. Келесі жылы химия 

кабинетін жабдықтау жоспарланып отыр. Сол себепті балаларымыздың жаман оқуға «правасы жоқ». 

‒  Р.Хамитқызы,  ой  бөлісіп,  сұхбаттасқаныңыз  үшін  көп  рахмет!  Сіздің  алға  қойған  мақсаттарыңыз  біздің  де  арман-мұратымыз,  үмітіңізді  ақтап, 

шәкірттеріңіз еліміздің биік мінберінен көрінетіндігіне кәміл сеніңіз! 

Сұхбаттасқан Рахимжанова Рахила, 9-сынып  



======================================================================================== 

«Алматы сапарынан түйген ой ...» 

Гимназияда  2009  жылдан  бастап  республикалық  деңгейдегі  «Мұрагер»  бағдарламасы  енгізілді.  Бағдарламаның  басты  мақсаты  -  музыка  сабағында 

оқушыларды  домбыра  аспабына  баулу  арқылы  қазақ  халқының  дәстүрін,  тарихын  бойына  сіңіру  болып 

табылады. Осы орайда 7-11 қарашада Алматы қаласы «Көкіл» мектебінің директоры, ҚР мәдениет қайраткері, 

сазгер  Абдулхамит  Райымбергеновтың  бастауымен  «Тәуелсіздік»  атты  Республикалық    семинар  өтті.  Осы 

семинарға  гимназия  директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі    орынбасары  Г.Бакирбекова  қатысып  келді.  Енді 

Гүлбану Абусыздыққызымен жүргізген сұхбатымызды ұсынамыз.  

‒  Қайырлы  күн,  Гүлбану  Абусыздыққызы!  Гимназиядағы  «Мұрагер»  бағдарламасының  іске 

асырылуы жайында айтып өттсеңіз? 

‒ 2009 жылдан бастап  1-сынып оқушылары  музыка сабағында «Мұрагер» бағдарламасы бойынша  оқуда. 

Мұғалімдеріміз  Алматы  қаласында  курстан  өтіп, 

«Көкіл»  мектебі  тарапынан  гимназияға  25  домбыра, 

әдістемелік  құралдар  пен  оқулықтар  сыйға  берілді. 

Биылғы жылы 1-3-сыныптар осы бағдарлама бойынша 

оқуда. Оқушылар домбырада ойнауды меңгеру арқылы 

шағын  ән-күйлерді  тартуды  үйренуде.  Сонымен  қатар 

аңыз-әңгімелер 

арқылы 


халқымыздың 

ақын-жазушылары, 

жыраулары 

мен 


күйшілерінің 

шығармашылығымен танысуда. 



‒  Сіз  қатысқан  семинар  несімен  ерекшеленді?  Жалпы  біздің  мектеп  оқушылары  үшін  қандай 

пайдасы бар? 

‒  Семинар  өте  жақсы  өтті.  Осы  бағдарламамен  жұмыс  жасайтын  Алматының  мектептері  ашық  сабақтар 

көрсетіп,  өз тәжірибелерімен  бөлісті.  Әсіресе №172  мектеп  оқушыларының  өнері  ұнады. 5-7  сынып  оқушылары  күй  тартыс,  айтыс,  ән  айту  арқылы  домбыраны, 

қазақ өнерін қаншалықты жақсы меңгергенін  көрсетті. Сол күні кешке А.Райымбергеновтың бастауымен жыр кеші өткізілді. Кеште Ұлжан Байбосынова, Айгүл 

Қосанова сияқты өнер майталмандары  келген қонақтарға өз өнерлерін паш етті. Тіпті, олармен сұхбаттасуға мүмкіндік туды. 

‒ Алматыдағы семинардан қандай ой түйдіңіз? 

‒ Бүгінгі күні бағдарламаның маңызы үлкен деп ойлаймын. Себебі қазіргі кезде балалар көбіне теледидар көріп, компьютерден бас алар емес, кітап оқитындар да 

азайып барады. Сондықтан мектеп қабырғасында  жүріп, өз елінің салт-дәстүрін, өнерін, халық ауыз әдебиетін оқып, санасына сіңіре жүргені болашақ ұрпақты елін 

сүюге, ұлтжанжды азамат болуға, өнерге жақын болуға тәрбиелейді деп ойлаймын. Ал домбыра аспабында ойнай білу, ән салу әр адамның басқалармен тез қарым-

қатынас жасауына, басқа ортаға  оңай бейімделуіне, өз достарының арасында беделді болуына жол ашары анық. 

Сұхбаттасқан Шәймерденова Әсия,  9-сынып 



 

 

 

 

Мектебіміздің  «Балауса»  радио-ақпарат  орталығында  «20  жұлдызды  күн»  немесе  «Тәуелсіздіктің  20  шыңы»  аясында 

ұйымдастырылған  республикалық  деңгейдегі  іс-шара  өткізілді.  Шараның  мақсаты  –  оқушыларымыздың  қазақ  елінің  дамуы  мен 

өркендеуіне қосқан үлесін, ұлттың ұлттық болмысын танып, салт-дәстүріміз бен рухани құндылықтарымызды насихаттауды көздеді. 

Республикалық деңгейдегі шара барысында «Тәуелсіз елдің ұландары» атты танымдық сайыс-бағдарламасы өткізіліп,  бұған 5-9-

сынып оқушылары белсене қатысты. 



======================================================================================== 

28 қараша күнімектебіміздің бір топ ұстаздары Павлодар қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 10 лицейдің 

шығармашылық  есеп  беру  кешіне  қатысып  қайтты.      Шығармашылық  есеп  беру  кеші  облысымыздағы 

мәдениеттің  белді  ошағы  саналатын  қара  шаңырағымыз    «Жүсіпбек  Аймауытов  атындағы  қазақ 

музыкалық  драма  театрында»  өткізілді.  Кеш  барысы  оқушылардың  шығармашылық  қарым-қабілетін 

ерекше танытуымен ұтымды шықты. Оқушылар ән-күй, би өнерінің сазы мен тылсым сырын балалық өр 

мінезімен шебер ұштастырды. 

 

=======================================================================

================= 

 

1 желтоқсанда мектеп әкімшілігінің ұйымдастырумен  ұстаздар әдістемелік бірлестіктері арасында 



«Менің  көкейімдегі  дарынды  балаларға  арналған  мамандандырылған  мектеп»  тақырыбында  семинар-

трейнинг өтті.  Семинар-трейнингтің мақсаты ‒ мектеп ұстаздарының және әдістемелік бірлестіктердің 

арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, алда орындалатын жұмыс барысын, жалпы дарынды ұрпақтың 

ұлттық санасын кемел біліммен ұштастыруды көздейді. 



 

=======================================================================

================= 

  7  желтоқсан  күні  «Алаш  аманаты    ‒    Тәуелсіздік»  атты  тарих  пәнінің  мұғалімдері  ұйымдастырған  ғылыми-теориялық 

конференция  өтті.  Конференцияның  ұйымдастырылу  мақсаты  –  қазақтың  зиялы  қауымдарының,  ел  тәуелсіздігі  үшін  күрескен 

Алаштың  айтулы  азаматтары    ‒  Әлихан  Бөкейханов,  Мұстафа  Шоқай,  Хәлел  және  Жаһанша 

Досмұхамбетовтер,    Тұрар  Рысқұлов,  Ахмет  Байтұрсынов  және  Міржақып  Дулатов  сияқты  арқалы 

азаматтардың тілеген тілегі  ‒ тәуелсіздік үшін күрескен ерліктерін насихаттауды  алға қойып отыр. Алты 

Алаштың аңсаған тілегі бұл күнде орындалды. Біз тәуелсізбіз, еркінбіз, еріктіміз!  

Еркін 


елдің 

ақ 


ордасы, 

білімнің 

қайнаған 

ортасы 


гимназиямызға 

Павлодар 

мемлекеттікпедагогикалық  институтының  ұстазы,  филология  ғылымдарының  кандидаты  –Елікбай  Серік 

Төлеубайұлы  арнайы  шақыртылып,  ғалым  бүгінгі  болашақ  ұрпаққа  тәуелсіздік  жолында  қасық  қаны 

қалғанша қасқайып тұрып күрескен  ерлердің ерен еңбектерін, олардың басынан кешкен «қилы кезеңнің» мән-мағынасын ашып берді.  

Сонымен  қатар  ел  тарихын  насихаттап,  оның  дамуына  елеулі  үлес  қосып  жүрген  тарихшыларымыздың  бірі    –тарих  ғылымдарының 

кандидаты Сыздықова Аймекен Мерекеқызы қатысты.  

=========================================================================

=============== 

1-нші  және  15-ші  желтоқсан  аралығында  мектебімізде  «Тәуелсіздіктің  20  жылдығына»  орай 

«Еліміздің  еркіндігі  -  Тәуелсіздік»  тақырыбында  ашық  сабақтар  өткізілді.  Ұстаздарымыздың  ашық  сабақ 

берудегі  мақсаты  –  оқушылардың  болмысына  ұлттық  рух  пен  Отансүйгіштік,  патриоттық  сезімдерді 

сіңірту.  Сонымен  қатар  еліміздің  келелі  болашағын  қалыптастыратын  ұрпақты  тәрбиелеуді  көздейді. 

«Тәрбие  –  тал  бесіктен  басталады»  деген  ұстанымды  алғы  шарт  ретінде  ұстанған  ұстаздарымыз  мектеп 

қабырғасында жас өркендеріміздің  бойына «Тәуелсіздіктің тәтті дәмін» сіңірте білді. 

========================================================================= 

26 қараша күні «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына» орай мектебіміздің кітапханашысы Гүлназ Арыстанбекқызының ұйымдастыруымен 

«Ғалымдар  еліне  саяхат»  атты  6 

«А»


  және  6 

«Ә»


  сынып  оқушылары  арасында  зияткерлік-танымдық  сайыс  өткізілді.  Интеллектуалды 

ойынның  мақсаты  ‒  бүгінгі  кемел  ұрпақтың  зияткерлік  әлеуметін  арттырып,  Отанға,  туған  елінің  құндылықтарына,  салт-дәстүріне, 

ғылымға  деген  ілтипатты  арттыру.  Жалпы  оқушылар  тәуелсіздіктің  қадыр-қасиетін  жете  түсінуін  насихаттауды  алғы  шарт  ретінде 

қойды. Ойын барысында жеңіс туы ‒ 6 

«Ә»

 сыныбының қанжығасына байланды.



 

========================================================================

================ 

 

12  желтоқсан  күні  бейнелеу  өнері  пәнінің  мұғалімі  Асхат    Оразымбетұлының  ұйымдастыруымен 



«Тәуелсіздіктің 20 жылдығына» орай бастауыш сынып оқушылары арасында сурет  көрмесі өтті. Сурет 

сайысында  мектебіміздегі  жас  қылқалам  шеберлерінің  қаламын  ұштап,  балалық  қиял  әлемін,  дүниеге 

деген көзқарасын дамытуды мақсат етті. Сонымен қатар жас жеткіншектердің туған елін сүюде олардың 

патриоттық сезімін оятып, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін танытуды алға қойды.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          «Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған» 

 

13,14  желтоқсан  күндері  «Тәуелсіздік-  ата  бабам  аңсаған»  атты 

салтанатты  жиын  өткізілді.  Салтанатты  жиын  әнұранмен  басталып,  

тәуелсіздікке  қол  жеткізу  жолындағы    қазақ  халқының    тарихы 

баяндалды.  Мектеп  директоры    толағай  жетістіктерге  жеткен  ұстаздар 

мен оқушылардың табыстарын қортындылап, марапаттады. Салтанатты 

жиынға    жергілікті  газет  тілшілері,  ардагер  ұстаздар,  ата-аналар 

қатысып, оқушылардың өнерін тамашалады



 

 

 

 

1.

 



1990  жылы  25  қазанда  Жоғарғы  Кеңес  «Қазақ  КСР-нің 

мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылданды. 

2.

 

1991  жыл  1  желтоқсанда  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  жаппай 



бүкілхалықтық  дауыс  беру  негізінде  айқын  басымдықпен  Қазақ 

елінің тұңғыш Президенті болып сайланды. 

3.

 

1991  жылы  16  желтоқсанда  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  Заң 



қабылданды. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасынан бірінші болып бауырлас 

Түркия Республикасы таныды. 

4.

 

1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 



Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров «Халық қаһарманы» және «Ғасыр адамы» атанды.  

5.

 



1992  жылы  қыркүйек,  қазан  айларында  Алматыда  дүниежүзі 

қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. 

6.

 

1992  жылы  4  маусымда  ҚР  мемлекеттік  Туы  мен  Елтаңбасы 



қабылданды. Дәл осы 11 желтоқсанда ҚР мемлекеттік  әнұраны  қабылданды.  2006 жылы  7 қаңтарда  «ҚР 

мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлыққа толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.  

7.

 

1993  жылы  5  қарашада  Президенттің  «Болашақ»  атты    халықаралық  стипендиясы  белгіленіп,  250 



студент  осы  стипендияның  алғашқы  иегерлері  атанды.  Бұл  жоба  2009  жылы  5000  студенттің  шетелде 

білім алуына жол ашты. 

8.

 

1993 жылы 15 қарашада Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңгеміз айналымға енді. 



9.

 

1994  жылы  шілдеде  екінші  қазақстандық  «Союз  ТМ-19»  ғарыш  кемесінің  борт  инженері  Талғат 



Мұсабаев ғарышқа ұшты. 

10.


 

 Еліміз  ұлттық  келісім  мен  ұлтаралық  татулықты  берік  сақтап  келеді.  Осыған  орай  Қазақстан 

халықтары  Ассамблеясы  өз  жұмысын  жақсы  атқаруда.  Яғни,  1995  жылы  1 

наурызда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.  

11.

 

 1993  жылы  28  қаңтарда  ҚР  тұңғыш  Конституциясы  қабылданды.  1995  жылы  30  тамызда  жаңа 



Конституция қабылданды. 

12.


 

 ҚР  «Бейбітшілік  кіндігінің»  негізгі  өзегіне  айналып,  Семей  ядролық  полигонының  жабылуы  

мен Қазақстан ядросыз аймақ болып жарияланды. 

13.


 

Ел  басының  тапсыруымен  «Мемлекеттік  тілді  қолдану  аясы  мен  дамуының»  бағдарламасы 

жасалды. 

Ей, такәппар дүние, 

Маған да бір қарашы. 

Танимысың, сен мені, 

Мен қазақтың баласы ... 

                      Қасым Аманжолов 

 


14.

 

 1997  жылы  қазанда  Президент  Н.Ә.Назрбаевтың  «Қазақстан  2030»  халыққа  жолдауы  жарияланды.  Жолдауда 



болашаққа болжам жасалып, қазіргі республикамыздың даму ерекшеліктері айтылды.  

15.


 

1997  жылы  «Жалпы  ұлттық  татулық  және  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу  жылы»  деп  жарияланды.  Бұл 

қазақтың  елдігі  үшін  күрескен  ақтаңдақтарды  еске  алу  күні  ретінде  қабылданып 

отыр. 


16.

 

  1997  жылы  астана  Ақмолаға  көшірілді.  Осы  жылы  10  желтоқсанда  Ақмола 



қаласы ресми Астана болып белгіленді.  

17.


 

1998  жылы  6  мамырда  Президент  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Ақмола 

қаласын  Астана  деп  атауға  жарлық  шығарды.  Дәл  осы  жылы  10  маусымда  жаңа 

астананың ресми тұсаукесері  болып өтті. 

18.

 

2010  жылы  Евразия  Қауіпсіздік  және  Ынтымақтастық  Ұйымының  «Астана 



саммиті» өтті.  

19.


 

 Қазақстан шекарасы ұлан-ғайыр даланы алып жатыр. 

20.

 

 Қазақстан қарулы күштері мықты ел қорғаны болып отыр. 



21.

 

 Қазақстан әлемді бағындырған спортшыларымен танымал. Биыл 2011 жылы «Азиада» спорттық олимпиада ойындары 



өтті. Бұл Қазақстанның әлем алдындағы беделін көтерді. 

 

 



Қаз дауысты Қазбек би айтқан аталы сөздің маңызы жоғалмайды ...  

«Біз қазақ, мал баққан елміз, 

 Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 

 Елімізді басынбасын деп, 

 Ордамыздан құт қашпасын деп

 Найзаға үкі таққан елміз. 

 Жау аяғына басылмаған елміз,  

 Дұшпан аяғына жаншылмаған елміз. 

 Басымыздан намысты асырмаған елміз

 Адалдықтыәрқашан жасырмаған елміз, 

 Адал ниетті ақтай білген елміз. 

 Атаның өсиетін балаға, 

 Баланың өнерін атаға, 

Айтып, тарата білген елміз ... »  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

Ақын жанды Дария 

Жуырда  Павлодар  қаласындағы  дарынды  балаларға  арналған  «Жас  дарын»  мектебінде  «VI  Мұқағали 

Мақатаев  оқулары»  атты  республикалық  сайыс  өткізілді.  Бұл  аталған  мәнерлеп  оқу  сайысының  мақсаты 

республикалық  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының  арасында  ақиық  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың 

шығармаларын  насихаттауды  көздейді.  Сонымен  қатар 

оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін,  эстетикалық 

талғамдарын,  тума  талант,  табиғи  дарындылық  қасиеттерін 

ашуды нысанаға алады.  

Қазақтың 

Хантәңірісі 

атанған 

Мұқағали 

шығармашылығын  насихаттап,  өзіндік  іздемпаздығымен 

ерекшелеген  оқушылар  обылысымыздың  әр  өңірінен  топ 

жарып,    өздерінің  таланттарын  көрсету  үшін  аталған  оқу 

орнына жиналды.  

Сайыс  алты  кезең  бойынша  жоспарланды.  Бірінші 

кезеңде оқушылар «Менің пірім - Мұқағали»  айдырында ақын 

Мұқағалиға  арналған  арнау  өлеңдерін  оқыды.  Екінші  кезеңде 

«Жауқазын  жыр  жанымды  жүр  мазалап»  айдарында  өз  төл 

туындыларын жатқа оқыды. Бұнда ой кестесіне сай көркемдік, терең 

философиялық  ойлылық,  мәнерлеп  оқу  сияқты  өлең  оқу  мәнеріне 

қойылатын  негізгі  талаптарды  орындау  көзделді.  Келесі  кезеңде 

ақынның  айтулы  туындылары  «Жыр  эстафетасы»  айдарында 

«Аққулар  ұйықтағанда»  және  «Райымбек,  Райымбек»  атты  ауқымды 

екі  поэмасын  жатқа  айту  көзделді.  Төртінші    кезеңде  -  берілген 

ұйқасқа  сай  өлең  құрастырып,  оны  ақын  өлеңдерімен  салыстыра  ой 

көркемдігін  анықтау  талап  етілді.  «Өлеңнен  өрілген  ой»  кезеңінде 

ақынның  қазылар  алқасы  ұсынған  өлеңдерінің  бірін  тақырыптық-

идеялық жағынан ашу талап етілді. Ал соңғы  «Жорға» атты ойында 

бір минут ішінде берілетін 10 сұраққа шапшаң жауап беруді нысанаға 

алған  ақын  шығармашылығы  мен  өмірінен  түрлі  қызықты,  әрі  қиын 

да қисынды сұрақтар қойылды.   

Өткен  оқу  жылында  «V  Мұқағали  Мақатаев  оқулары» 

республикалық  сайысы  біздің  қаламызда  бірінші  рет  өткізіліп, 

жүлделі    I  орынды  Ақсу  қаласының  дарынды  балаларға  арналған 

мамандандырылған  гимназиясының  9-сынып  оқушысы  Сейілханова  Дария  жеңіп  алып,  ал  облыстық  турда  II 

орынды иеленген еді.  

Ақын Мұқағали өзі жырлап өткендейін:  

«Іздемпаздық менің де бар өмірім, 

Будан жасап бидай мен тары егемін. 

Қазан миым бәрін де қайнатады

Дара қойып қазақтың қара өлеңін ...»,-  

деген  асыл  сөзді  Дария  да    ту  етіп,  қазақтың  қара  өлеңінің  қадірін  өзгеден  дара  қойып,  пір  тұтып,  облыстық 

сайыста  20  үміткер  жас  ақындар  арасынан  оқ  бойы  алға  озып  жас  тіл  маманы  Ғазиз  Еңлік  Ғазизқызының 

жетекшілік етуімен жүлделі I орынды иеленді.  

Ендеше,  біз  де,  ақын  апаларымыз  Фаризадай  қаламыңның  қарамы,  аяқ  алысы  кеңейе  берсін  деген 

тілекпен білімді де зерек, жас ақын қызымыз Дарияға болашақтағы ақындық жолында сәттілік тілейміз! 

 

Рахимжанова Рахила 



 9-сынып 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет