3-тапсырма: Тақырыбы: "Жасөспірімдердің агрессия деңгейіне компьютерлік ойындардың әсері" Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезде жастардың белгілі бір бөлігі компьютерлік интернет тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып табылады. Сондықтан да қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсінуі қажет.
Гипотеза: компьютердік ойындармен қызығатын және сол жерде уақытын көп өткізетін 12-14 жастағы жасөспірімдердің комьрютерлік ойынға қызықпайтындармен салыстырғанда агрессивтлігі жоғары деңгейге ие.
Жеке болжамдар: 1. Компьютерлік ойындарға қызығатын және қызықпайтын жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерінде айырмашылықтар бар;
2. Компьютерлік ойындарға қызығатын және қызықпайтын жасөспірімдерде агрессивтіліктің деңгейлері және олардың көріну ерекшеліктері әртүрлі болып табылады.
Жасөспірімдердің агрессивтілік деңгейіне компьютерлік ойындардың әсерін эмпирикалық зерттеу.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін біз алдымызға келесі міндеттерді қойдық: 1. Адамның агрессивтілік деңгейін зерттеудің әртүрлі бағыттырын талдау.
2. Компьютерлік ойындарға қызығушылық дәрежелері әртүрлі жасөспірімдерді анықтау.
3. Компьютерлік ойындарға қызығушылық дәрежелері әртүрлі жасөспірімдердің агрессивтіліктерін және басқа да мінез-құлық ерекшеліктерінің көрінулерін салыстырмалы түрде талдау.
- Жасөспірімдердің агрессия деңгейіне компьютерлік ойындардың әсеріне теориялық тұрғыда қарау ;
- Компьютерлік синдромның алдын алу;
- Оқушылардың компьютер алдында жұмыс істеу ережесін зерттеу және сол жұмыстың балаға әсерін анықтау.
Зерттеудің нысаны – Қарағаш орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мектеп жасөспірімдері (12-14 жас аралығы 5-8 сынып оқушылары);
Зерттеудің пәні- 12-14 жастағы жасөспірімдердің ерекшеліктерін қарастыру.