Жаттығу және жарыстық іс-әрекеттердің психологиялық ерекшеліктері Қарастырылатын сұрақтар



Дата03.11.2023
өлшемі16,59 Kb.
#121471
Байланысты:
Жаттығу және жарыстық


Жаттығу және жарыстық іс-әрекеттердің психологиялық ерекшеліктері Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Жарыстың психологиялық дайындық жүйесі
2. Спорттық іс-әрекеттің жалпы және дара ерекшеліктері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жарысқа психологиялық дайындық жүйесі спортшының жарысқа психологиялық дайындығын қалыптастыруды шешетін бірқатар міндеттьерді біріктіреді.
А.Ц.Пуни жасаған жарысқа психологиялық дайындықтың жобалық жоспарында осы жүйе берілген.
Келтірілген жобалық жоспар жүргізілген жұмыс үшін тек жалпы басшылық болуы мүмкін. Спорттың әр түріне және ешбір спортшыға жеке қолданғанда оны нақтылау керектігі заңды құбылыс.
Спортшының жарысқа дайындығы жүйесіне мынадай бөліктер кіреді:
а) жарыстың шарттары туралы ақпараттар жинау;
б) жарыс алдындағы спортшының жаттыққандық деңгейінің бағалануы мен өзін-өзі бағалау;
в) жарысқа қатысудағы мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы;
г) жарыста өнер көрсету мотивтерін актуальдандыру;
д)алдындағы ақыл-ой қызметін бағдарламалау;
е) спортшының өз мүмкіндіктерін іске асыруға сенімділік сезімін қалыптастыру;
ж) оптимальды эмоциональды жағдайды қалыптастыру;
з) максимальды еріктік күштерге дайындықты көбейту және оларды жарыс жағдайында ашып көрсету дағдысы;
и) жарыс жағдайындағы психологиялық қалыпты өзіндік реттеу тәсілдерін меңгеру.
Бұлардың бәрі бір-бірінен бөлінбейді қайта тығыз байланыста болады, егер осы звеноның біреуі әлсіресе, онда бүкіл жүйе ақсайды.
Дене шынықтыру да бұқаралық спортта да адамдардың іс-әрекеті өзіне, өздерінің физикалық және психологиялық сапаларын жетілдірруге бағытталған. Бұл іс-әрекеттің негізгіу мақсаты-тұлғаның гармониялық дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын физикалық өркендеу.Негізгі мақсатқа жету күнделікті арнайы физикалық жаттығуларды талап етеді. Жаттығулардың тиімділігі мен жүйелілігі, физикалық сапалар дыбыстарының белгілі бір деңгейінде айқындалады.
Адамның жеке басының қасиеттері іс-әрекеттерінде, қылықтарында көрінеді: ол өзінің пайдалы немесе зиянды сапаларын көрсетеді. Н.Г.Чернишевскийдің сөзіне қарағанда, адамның ақылы мен мінез-құлқы туралы ең анық мәліметтерді ол адамның іс-әрекеттерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.
Сонымен қатар адам өзінің іс-әрекетінде қалыптасады. Бұған мысал ретінде А.С.Макаренко басшылық еткен колонияның еңбек тіршілігін алуға болады. Ақылмен ұйымдастырылған іс-әрекет, бұл колонияда тәрбиешілерге ықпал жасау мен оларды тәрбиелеу шараларынгың терең ойластырылған жүйесі оларда адамның бағалы сапаларын қалыптастырады.
Адамның іс-әрекеті теориялық және практикалық формада жүзеге асырылады. Теориялық іс-әрекетінің мсалы ретінде ғылымның теориялық формула, ереже, сурет және т.с.с. құбылыстардың жалпы заңдылықтарын белгілейді. Сондай-ақ проактикалық іс-әрекеттің мысалы ретінде табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылап, эксперимент жасау арқылы зерттейтін ғалымдардың жұмысын алуға болады.
Бірақ қандай іс-әрекетте болса да теориялық және практикалық іс-әрекеттің компоненттері бар. Іс-әрекеттің құрылымындағы мақсат қоя білу, жоспарлауды, жұмыс әдістерін іріктеп алуды теориялық іс-әрекетке, ал қалғандарын практикалық іс-әрекетке жатқызуға болады.
Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы-адамның бір-бірімен қарым-қатынаста болуы. Бұл тек сөз сөйлеуде ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар іс-әрекеттің басқа формаларында да, айталық дене тәрбиелік және спорттық өнермен шұғылдануда да жүзеге асады. Олардың іс-әрекеті мыңдаған басқа адамдарға қуаныш әкеледі., сүйсіндіреді, олар белгілі спорт қайраткерлерімен қарым-қатынаста болып, шығармашылық қабілеттерін оданр шыңдауға кеңестер алады, елімізге жеңіс пен мәртебе сыйлайды.
Дене шынықтыру мен спортта оқытушылардың психологиялық негіздерінің ортақ қасиеттері бар, алайда оларда біраз айырмашылықтар да кездеседі. Спорттық және дене тәрбиесінің іс-әрекеттері психологиялық ерекшеліктері анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет