Байланысты: ХХІ ғасыр әдебиеті сабағында не үйрендім
ХХІ ғасыр әдебиеті сабағында не үйрендім? Ең алғаш осы сабақққа кіріп, апайдың берген әдебиеттер тізімін қарағанда: " ай, мынаны ешкім оқымайды-ау" деп ойлағанмын. Апайдың оқып келмегендерге қарап "отырыңыз,отработка" деген сөзіне де қатты мән бермегенмін. Апай тақтаға мәтіндегі тірек сөздерді алып жазып жатқанда да маған бұл сабақ бір қызықсыз көрінген.
Уақыт өте келе апайдың берген әңгімелерінің бәрін оқып, жаттанды, ескі, бірсарынды тәсілмен емес, жаңа үлгімен талдай бастағанда осы сабаққа қызыға бастадым.
Әдеттегідей әңгімені оқып, оны композициялық құрылымға талдап, көркемдеуіш құралдарды тауып әуре болмадық. Керісінше, әңгіменің бетін ғана оқып қоймай, оның астарындағы мағыналарға үңілдік. Бұрын өзіміз мектепте оқып, өзімізше түсінік қалыптастырған әңгімелердің шын мәнінде мүлде басқаша мағыналарға толып жатқанын білдім.
Сабақ өту барысында көптеген әңгімелерлі талдадық. Әңгімелердегі кейіпкерлерге рейтинг бойынша баға беруді,әңгімедегі негізгі детальды,әдеби фонды,психологиялық параллелизмді,т.б табуды үйрендік. Соның арқасында әңгімені оқып отырып, ойша талдау жұмыстарын жүргізе беретін болдық. Мысалы:
Ең алғашқы сабақтарда О.Бөкейдің «Қар қызы» әңгімесін талдадық. Шығарманы оқып, жай ғана мистикалық жанрда жазылған шығарма деп басты назарды «Қар қызына» қоюымыз мүмкін. Бірақ, шынында Бақытжан, Аманжан,Нұржан шын мәнінде бір адамда болатын қасиеттерге ие кейіпкерлер яғни, үшеуін бір адам деп қарауымызға болады. «Қар қызы» мұнда әдеби фон. Әңгімеде жалғыздық+жатсыну+қарсылық сарындары бар. Антитеза мен психологиялық параллелизмді де байқауға болады. Кейіпкерлер арасындағы қақтығыстардан конфликтті де көреміз. Сонымен қатар үш басты кейіпкерді «Қоңқай шалмен» қарама-қайшы кейіпкерлер ретінде қарастыруға болады. Осының барлығын біз дәстүрлі форматтағы қызықсыз,іш пыстырарлық форматтағы талдау үлгісімен емес, жаңа, бұрын қолданып көрмеген форматта талдадық.
Бір сөзбен айтқанда, сабақ барысында түрлі жаңа әңгімелермен таныстық, жаңа форматтағы талдау үлгісін қолдандық, өзіміз оқып жүрген немесе жай ғана бетін шолып астарлы мағынасына үңіліп,қарамай жүрген әңгімелердің мағынасын тереңнен аштық, виртуалды проза ұғымымен таныстық...