Жауапсыздықтан қылмысқа бір қадам



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі15,49 Kb.
#132165
  1   2   3

Тақырыбы: “Жауапсыздықтан қылмысқа бір қадам”
Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру арқылы заң алдындағы жауапкершілікті көрсету.
Конституцияны т.б құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа ,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар мен оқушылар. Бүгінгі жасөспірімдердің арасында жиі болатын қылмыстық жағдайларға байланысты өткізіліп отырған “Жауапсыздықтан қылмысқа бір қадам”атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:
Мемлекетіміздің ата Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық , құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. “Оның басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” деген қастерлі сөзді кіргізген.

1-жүргізуші:
Иә, бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай тура жолмен жүріп , еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.

2-жүргізуші:
Арман қалай ойлайсың жасөмпірімдердің қылмыстық әрекетке баруына қандай себеп түрткі болды. Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Мектеп пе ? Әлде жүре түзеліп кетер деп қылмыстық әрекеттер істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма ?


1-жүргізуші:
Қазіргі таңда зерттеушілер жасөспірімділердің қылмысқа баруының мынадай үш себебін ашып көрсетеді: Отбасылық жағдай, жасөсперімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы,тұрмыстық жағдай.
Осыған орай “Мектептегі буллинг” атты көрінісімізді тамашалайық!

2-жүргізуші:
Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет