Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет58/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   168

Ине жасырмақ. э т н. Бөлмеде отырған 

ойыншылардың  біреуі  далаға  шығып 

кетеді, екіншісі инені өз бойына жасыра-

ды. Сырттан келген ойыншы инені іздемек 

болып, бас киіміндегі күйені оның бетіне 

жағып кету ойыны; инемді тап. И н е  ж а 

с ы р м а қ ойыны жастардың бас қосуында, 

көбіне үйде ойналатын ойын (З. Жəкенов, 

Аяулы., 79).

Инемді тап. э т н. Ұлттық ойындардың 

бір түрі. «Инемді тап» ойынына керегі бір 

ғана ине. Жүргізуші «сен мынаны үстіңе 

жасыр,  мен  иіскеп  табамын»  дейді  де, 

сыртқа шығып, бөркін айналдырып киіп, 

төбесіне  көп  қылып  күйе  жағады.  Үйге 

келіп,  əр  жерін  иіскеген  болып,  инені 

жасырушының бетіне күйесін жұқтырып 

кетеді (Б. Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 72). Бұл 

ойындардың  ішінде  көптеген  күлдіргілі, 

көпшілік  ортасында  тапқырлықты  талап 

ететін «и н е м д і  т а п», «қарамырза», 

«айдап сал» сияқтылары да бар (Бұл да).

Ине  ұшында  отыру.  «Не  болар  екен» 

деп,  қатты  күдіктену,  қыпылықтау.  Ал

и н е  ұ ш ы н д а  о т ы р ы п, бүгінгі дал-

басалауын ненің белгісіне жорығаны мақұл 

(А. Мекебаев, Алапат, 109).

ИНЕҚАП з а т. Инелерді салып қоюға, 

алып жүруге арналған құрал. И н е қ а п т 

ы ң пошымы қорапша, құты немесе ұзынша 

түтік түрінде болып келеді (Қаз. этногра-

фия., 2, 651).

ИНЕР  з  а  т.  Түйенің  будандасудан 

шыққан бір тұқымы. И н е р мен үлектің бу-

дандасуынан – кердері, кердері мен үлектің 

будандасуынан – күрт шығады (Қаз. əдеб., 

25. 11. 1988, 1).



Инер маяАруана мен бураның будан-

дасуынан  туған  түйе.  Айыр  інген  мен 

үлектің будандасуынан – нар мая, аруана 

мен бураның будандасуынан – и н е р  м а я

 шығады (Қаз. əдеб., 25. 11. 1988, 1).



ИНЕТЕРАПЕВТ  з  а  т.  м  е  д.  Инемен 

емдейтін терапевт дəрігер. Жоғарыдағы 

жылы пікірлерді оқи отырып, и н е т е р а 



п е в т А.Таировтың шын мəнінде шебер 

маман  екеніне  көзіңіз  жетеді  (Қаз.  əдеб., 

25. 10. 1974, 4).

ИНЕТЕРАПИЯ з а т. м е д. Ауруды ине-

мен емдеу тəсілі. Біздің республикамызда

и н е т е р а п и я кеш қолға алынса да, ауыз-

ға көп ілініп жүр (Қаз. əдеб., 25. 10. 1974, 4).



ИНЕШАНШЫҒЫШ з а т. Күнделікті 

пайдаланып  жүрген  инелерді  шаншып 

қоятын кішкентай жастықша. Инені и н 

е ш а н ш ы ғ ы ш қ а тік шаншуға болмай-

ды. Ине и н е ш а н ш ы ғ ы ш т ы ң беткі 

жағына көлбей шаншылады (Қаз. этногра-

фия., 2, 653).



ИНТЕЛЛИГЕНТСЫМАҚ с ы н. Ин-

теллигент сияқты, интеллигент тəрізді

– Е, онда азды-көпті оқығаны бар, и н т е 



л л и г е н т с ы м а қ біреу шығар, – деп 

шағып алды əйелім тағы да (Ж. Қорғасбек, 

Жынды қайың, 241).

ИНТЕЛЛИГЕНТТІЛІК з а т. Интел-

лигентке  тəн  қасиет,  зиялылық.  Мыңға 

жуық қыздар и н т е л л и г е н т т і л і к, 

шын пейілділік, қайырымдылық, адалдық, 

еңбекқорлық  сияқты  қасиеттерді  қалаған 

(Қаз. əдеб., 21. 10. 1983, 10).

ИНТЕРНАТТЫ  с  ы  н.  Интернаты 

бар. – Ол өзі и н т е р н а т т ы мектеп 

қой? – Иə, бүкіл қазақ даласында бірден-бір 



и н т е р н а т т ы мектеп (Ғ. Мүсірепов, 

Жат қолында, 178).



ИНТЕРНАЦИОНАЛШЫЛ  с  ы  н.

Халықт ар  арасындағы  достықты 

жақтаушы.  Сол  тамаша  жырлар  қайнар 

сүйіспеншіліктен, и н т е р н а ц и о н а л ш 



ы л жүректен туған екен-ау! (М. Əлімбаев, 

Көңіл күнд., 126).



ИНТИМДІК с ы н. Адамның жеке ба-

сына, сезім-күйлеріне қатысты, соған тəн

Берқайырдың и н т и м д і к өлеңдері сон-

дай  табиғилығымен,  ерке  наздылығымен 

ұнайды (Қаз. əдеб., 22. 11. 1974, 3).



ИСІНШЕК  с  ы  н.  Исіне  беретін, 

исінгіш. И с і н ш е к бие – сауар алдын-

да  құлынына  жанасып,  исініп  сүтін  ағы-

зып  жіберетін  бие  (Ш.  Жанəбілов,  Ер 

қанаты, 305).



ИТ: Ит жеген терідей. Жұлма-жұлма 

болған,  түте-түтесі  шыққан. – Бір 

əңгімені  нəшіне  келтіріп  айтайын  десең, 



и т  ж е г е н  т е р і д е й жан-жағынан 

жұлмалап,  берекесін  бек  кетіресіңдер, – 

деді қарт (К. Сегізбаев, Беласқан, 200).


243

Байынқол Қалиев

Ит жүн. Иттің жүні секілді сабалақ-

сабалақ жүн. Сапасына қарай жүн: биязы 

жүн,  и  т    ж  ү  н,  жабағы  жүн  (өлі  жүн), 

боздақ жүн (тірі жүн), ұяң жүн, қылшықты 

жүн болып бөлінеді (Ж. Қоқанова, Түк жəне 

тері., 10-11).

Итке қос артқандай. Сөкет, сөлекет, 

жараспай тұр д.м. Бұрындары аядай бір 

бөлмеге  кəдімгідей  жасау  болып  тұрған 

мүліктеріміз  кең  жарық  терезелі  мынау 

қос бөлмелі кең сарайға и т к е  қ о с  а р т 



қ а н д а й жараспай-ақ тұр (К. Сегізбаев, 

Жап-жасыл., 175).



Ит қуғандай. Ит қуған сияқты, тым 

тез.  Серік  жайылып  жүрген  атты  ұстап 

алып, и т  қ у ғ а н д а й ауылға қарап шаба 

жөнелді (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 405).

Ит  ойнағандай.  –  Алай-түлей,  əлем-

тапырақ,  астан-кестен.  –  Жəй.  Ұйқым 

қанбаған шығар, – дей салдым. Əйтсе де 

ішім  и  т    о  й  н  а  ғ  а  н  д  а  й  алай-түлей

(К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 109).



Ит  терісінен  жек  көреді.  Суқаны 

сүймейді, ұнатпайды. – Сен не десең о де, 

мен  бар  ғой,  жымысқыланып,  тобықтан 

қаққан адамды и т  т е р і с і н е н  ж е к

к ө р е м і н (М. Мəжитов, Аманғали, 195).

Ит ырғылжың. Болар-болмас нəрсеге 

керіскен,  кергілескен  əрекет.  Ат  құмары 

қанар ма екен жосылмай, И т  ы р ғ ы л ж 



ы ң, əрі-бері босуды-ай! Ешқайсысы шыға 

алмайды шығандап, Ал аман жүр əлі шын-

дап қосылмай (Ж. Қыдыров: Лен. жас, 12. 

03. 1974, 4).



Итім білсін бе?! Кім білсін? Білмеймін 

д.м. – О, тоба, шын ба? – И т і м  б і л с і н 

б е, жаңа жаңалықтан айтты (Ж. Қорғасбек, 

Жынды қайың, 146).



ИТЕРІСПЕК з а т. Көп адамның бірін-

бірі  итеріп,  тықсырысуы;  бір-бірімен 

соқтығысуы. Қалың и т е р і с п е к к е 

алдымен  қолы  жетіп  қалған  кейбіреулері 

масайрап,  қылта  мойнынан  қысқан  көк 

шыныларын  жарқ-жұрқ  еткізіп,  ойқастап 

шыға берді (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 411).

И Т Ж А Н Д Ы Л Ы Қ   з   а   т.   Ж а н ы 

с і р і л і к ,   т ө з і м д і л і к ,   ш ы д а м д ы л ы қ

(Т. Нұрмағамбетов, Ата қоныс, 4).



ИТЖИДЕК з а т. Итжидек өсімдіктің 

шиеге ұқсас қара (кейде сары) түсті улы 

жемісі

ИТҚОНАҚ з а т. Итқонақ өсімдігінің 

тары тəрізді уақ дəні

ИТҚҰМАР с ы н. Итті жақсы көретін, 

итке  əуес.  Бес-алты  ағайынды.  Бəрі  де 

бай,  жалшылары  көп,  бағатындары 

аңшылық,  атқұмар,  и  т  қ  ұ  м  а  р 

(З.Иманбаев, Қос қайың, 212). Байқаймын, 

біздің  атқұмар,  и  т  қ  ұ  м  а  р  директор 

мұныма қатты қуанып-ақ қалды (Қаз. əдеб., 

20. 12. 1974, 4).

ИТМҰРЫН... 2. Итмұрын өсімдігінің 

жемісі.  Тікендердің,  жазғы  ал-қызыл 

гүлдерінің  орындарына  қып-қызыл 

моншақтай  болып,  и  т  м  ұ  р  ы  н  д  а  р 

самсыған  (С.  Сейфуллин,  Шығ., 5). Көк 

пияз, сарымсақ, салат, и т м ұ р ы н, қара 

қарақат,  помидор,  лимон  жемістерінде 

витаминдер  өте  көп  мөлшерде  болады 

(Ботаника, 4).



ИТМҰРЫНДЫ  с  ы  н.  Итмұрын 

көп  өскен,  итмұрыны  мол.  Жол  терең 

өзектегі  и  т  м  ұ  р  ы  н  д  ы,  талды  нуға 

сүңгітіп жібергенде, өтіп шыққанша зəрем 

қалмайды (М. Иманбаев, Жолда, 3).



ИТПЕ:  Итпе  ағаш.  э  т  н.  Жүрмеген 

малды артынан итеретін ашалы сырық. 

Осында  тағы  бір  сырық  бар  еді.  Бұтақты 

жерінен  аша  жасап, «и  т  п  е    а  ғ  а  ш» 

дайындайық  (К.  Мұқанжанұлы,  Ор-

теке, 15).

ИТПЕЛЕ  е  т.  Түйенің  мұрнына  итпе 

өткізу

ИТПЕЛЕУ   Итпел е  етістігінің 

қимыл атауы. Жалпы жүгендеу, тізгіндеу, 

бұйдалау, и т п е л е у, мұрындықтау деген 

сөздердің орнына – ауыздықтау деген бір-ақ 

ұғым береді (Ер қанаты, 268).



ИТСИГЕКТІ  с  ы  н.  Итсигек  өскен, 

итсигегі мол. Көз көрінім маңай – жусанды, 

и т с и г е к т і дала. Жусандар бұл жерге 

жаман өспепті, қалың қаулап тұр. Жүргенде 

аяққа оратылады (Т. Жармағамбетов, Нəзік 

бұлт., 181).



ИТТИМЕ з а т. м е д. ж е р г. Мешел. 

Сəбидің емшектегі кезінде ең бір еске ала-

тын жай – оны и т т и м е (рахит) ауруынан 

қорғау. Сондықтан əрбір ана қызының и т 



т и м е м е н ауырмауына жағдай жасауы 

керек (И. Қарақұлов, Қырық сұрақ 147).



ИТШАНА... Мені үйге и т ш а н а м 

е  н  сүйреп  апарыпты  (З.  Иманбаев,  Қос 

қайың, 271).



ИТШЫБЫН з а т. з о о л. Ірірек, денесі 

сары шыбын. Жарас аттардың шабынан бір 

уыс и т ш ы б ы н ұстап алып, уыстаған күйі 



244

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

қауын базарға қайта зытты (Ш. Мұртазаев, 

Қара маржан, 23).

ИТШІ  з  а  т.  Ит  күтуші.  Құптадың 

оның сөзін өзің тағы, Надандықтың белгісі 

ол  баяғы.  И  т  ш  і  ң  түгіл  көтермен  өз 

сөзіңді, Мен біреудің құлы емес байлаудағы 

(Шəкəрім, Шығ., 415).

ИТЫРЫҚ  з  а  т.  Азап,  қиыншылық

Осындай и т ы р ы қ п е н қой талай жер-

ге  жетті  (К.  Мұқажанұлы,  Ортеке, 13). 

Бірақ осыншалық жанды жер и т ы р ы қ

жұмыстан  жалықтырмас  бір  ұлы  қуат 

алғандай еді (О. Бөкеев, Əн салады., 120).



ИТЫРЫЛДАТАР з а т. э т н. Қалың-

дығына  келген  күйеу  жігітке  жасала-

тын  кəде.  Жігіт  атын  байлағасын  итке 

қапқызбай  аман  өтсін  деген  ниетпен  и  т 



ы р ы л д а т а р д ы жасаған (Б. Төтенаев, 

Қаз. ұлт. ойын., 25).



ИТІҢДЕ е т. Жүрмейтін көлікті (атты, 

өгізді)  жүргізу  үшін  үстіндегі  адамның 

екі  аяғымен  қайта-қайта  тебінуі;  итің-

итің ету. ≈ Үйден шыққалы и т і ң д е п 

келеді. 


ИТІҢДЕУ  Итіңде  етістігінің  қимыл 

атауы. Ашуына үрей араласып, ат үстінде 

и т і ң д е у д е н басқа амалы құрып келеді 

(О. Сəрсенбай, Шығ., 4, 142).



ИШЕМИЯ з а т. м е д. Қан тамырының 

тарылуынан болатын ауру

ИШЕМИЯЛЫҚ с ы н. Ишемияға тəн, 

соған қатысты. Ғалымдар жүректің и ш е 

м и я л ы қ ауруларының қалай пайда бо-

луын  анықтап  отыр  (Э.  Аханова,  Адамда 

жүрек., 4).

ИЫҚ: Иық қылды. с ө й л. Атының 

иығын жауыр қылды. Кей ердің алды аласа, 

арты биік, Мінбей жатып атыңды қ ы л а 



д ы  и ы қ. Бас бітімі бəсеңдеу көрінсе де, 

Адырайған артында болмас сиық (Шəкəрім, 

Шығ., 60).

ИЫҚТҰРЫҚ з а т. Киім ілетін иықты 

бұйым, киім ілгіш. Бос тұрған и ы қ т ұ р ы 

қ т ы алып, мипаздап, үстіндегі пиджагін 

кигізді  (М.  Мағауин,  Таңд.  шығ., 1, 384). 

Содан соң шифоньердің есігін ашты. И ы 

қ т ұ р ы қ қ а ілінген, киім дүкендердегі-

дей  қатарынан  тізілген  көп  костюм  тұр

(М. Мағауин, Көк мұнар, 136).

ИЫҚША  з  а  т.  г  е  о  г  р.  Көтеріңкі, 

қырлы  биік  жер.  Біз  бергі  и  ы  қ  ш  а  д  а 

тұрып үйлерін құрып жатқан ауылды көрдік 

(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 122).

ИІЛДІРУ  Иілдір  етістігінің  қимыл 

атауы.  И  і  л  д  і  р  у  деп – инелерге 

төселген  жіптің  бір  ізді  иілдірілуін  айта-

ды  (Ж.Абдуғапарова,  Трикотаж  өнді-

рісі., 13).



ИІЛДІРІЛ  Иілдір  етістігінен  жасал-

ған ырықсыз етіс

ИІЛДІРІЛУ  Иілдіріл  етістігінің  қи-

мыл атауы. Иілдіру деп – инелерге төсел-

ген жіптің бір ізді и і л д і р і л у і н айта-

ды  (Ж.Абдуғапарова,  Трикотаж  өндірі-

сі., 13).



ИІМПАЗ с ы н. Иіп келтіретін, иетін. 

И і м п а з, береңдік, өркеншіл, дарқаншыл, 

түскей,  масқарампаз – сөздерін  туғызған 

Ə. Тəжібаев (М. Əлімбаев: Қаз. əдеб., 14. 

11. 1975, 3).



ИІНТІРЕК з а т. м е х а н. Бір нəрсені 

көтеру  үшін  пайдаланылатын  тірек 

темір; рычаг (Бекітіл. термин., 41).

ИІНІШ  з  а  т.  Жейденің,  көйлектің 

иығының  астына  салынған  қосымша 

астар. Ал и і н і ш көйлектің (жейденің) 

алдыңғы иіні, иығы тұсына қабаттап салы-

нады (Қаз. этнография., 2, 264).

ИІР...  И  і  р – көпжылдық  шөптесін 

өсімдік. Сабағы тік, бұтақсыз. Тамыр саба-

ғы жуан, жапырағы жіңішке, семсер тəрізді, 

ұз. 60-120 см. Гүлі ұсақ, сары жасыл. Ертіс 

бойында кездеседі. Құрамында эфир майы, 

илік заттар бар. Тамырын қайнатып, дəрі 

ретінде пайдаланады (ҚСЭ, 1, 157).

ИІРУ...  Шөпті  шөмелелеуге,  бір  жер-

ге  апарып  и  і  р  у  г  е,  маялауға  жұмсала-

тын  шығын  жойылады  (Жетісу, 11. 07. 

1967, 3).



ИІРІМДЕЛ  е  т.  Иірім  жасау,  иірілу. 

Төскейінде  теңіз  мөлтілдеп,  теріскейінде 

жұқалаң шағыл жолақтар и і р і м д е л г е н 

бұл еңкеулік сонау бабалар заманынан бері 

Ақшұқыр  аталып  келеді  (Ə.  Сəрсенбаев: 

Қаз. əдеб., 08. 04. 1977. 1).



ИІРІМДЕЛУ  Иірімдел  етістігінің 

қимыл атауы

ИІРІМ-ҚОЙНАУ  з  а  т.  Бұлтарыс, 

қалтарыс. Оның и і р і м - қ о й н а у ы, 

соқпағы  мен  соқтықпасы  мол  сөздерін 

көздері ежірейіп, əрі қалт жібермей беріле 

тыңдады (Ұ. Доспанбетов, Шығ., 4, 100).



ИІСКЕЛЕН  Иіскеле  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс

ИІСКЕЛЕНУ  Иіскелен  етістігінің 

қимыл атауы

245

Байынқол Қалиев

ИІСКЕЛЕНШЕК  с  ы  н.  Иіскелене 

беретін,  көп  иіскегіш.  Аруана  атаулы 

жайшылықты оттау, күйсеуден танып, бура 

жағалап и і с к е л е н ш е к бола бастаған 

кез (С. Елубаев, Ойсыл қара, 35).



ИІСТІ:  Иісті  сабын.  Иісі  аңқыған 

ақ  сабын.  Төркіндеген  қыздардың  «ата 

жолы», «ана  жолы»  деп  ақ  кездеме  мен 

иіссу, и і с т і  с а б ы н апару ата-анасы-

на  деген  перзенттік  ақ  тілегінің  айғағы 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 4, 61).

ИЯНАТТА е т. с ө й л. Инаятта. И я н 

а т т а п, ылаттап, Сырты сұлу «советсіп», 

Қыз,  қымызбен  голайттап  Отыр  байдың 

шашты  ұлы  (І.  Жансүгіров,  Шығ., 385). 

Шыбық тимес шыңқ етер көкдолы Оспан 

баж-баж етіп жеті атасына түсіп и я н а т 

т а ғ а н (О. Бөкеев, Өз отыңды, 61).

Й

ЙОГ...  Қазір  бұл  өңірде  жоқ  қиын 

жаттығу  жасау  үстіндегі  й  о  г  тəрізді

(Р. Тоқтаров, Ғасыр наны, 316).

ЙОДТАНДЫР е т. Йод қосу, йод ара-

ластыру

ЙОДТАНДЫРУ  Йодтандыр  етіс-

тігінің қимыл атауы

Й ОД ТА Н Д Ы Р Ы Л   Й о д т а н д ы р 

етістігінен  жасалған  ырықсыз  етіс. 

Сондықтан йод тапшылығының алдын ала-

тын й о д т а н д ы р ы л ғ а н тұзды қолдану 

қажет («Түркістан», 12. 01. 2006, 8).



ЙОДТАНДЫРЫЛУ  Йодтандырыл 

етістігінің қимыл атауы

КАБАРДИН з а т. Кавказ халықтары-

ның  бірі.  Ал  Ресейдегі  қазақтар  саны 

ондағы удмурт, марий, к а б а р д и н, осе-

тин,  бурят,  еврей,  якут,  қалмақтардан 

əлдеқайда көп (Ана тілі, 28. 02. 2013, 10).



КАВКАЗ:  Кавказ  белдік.  Қара  ала 

түсті  оюмен  өрнектелген  күміс  белдік

Қимақы сұрғылт шекпен, к а в к а з  б е л 



д і к, Омырауға тізілген оқ түйме дерлік. 

Қыранның топшысындай екі иығы, Өрт бо-

лып тұтанып тұр өңінде ерлік (И. Байзақов, 

Құралай., 141).



Кавказ  өрнек.  э  т  н.  Қақталған  ақ 

күміске  салынған  қара  ала  түсті  өрнек 

(Қаз. этнография., 3, 11).



КАЗИНО... Соңғы кездері жұртшылық 

əуестене бастаған к а з и н о д а бұл екеуі 

біріне-бірі  қарама-қарсы  жайғасып,  емін-

еркін  отырған  беттері  еді  (О.  Кемаль, 

Тəлкек., 58).

КАЙРА з а т. з о о л. Арктиканың теңіз 

жағалауларында тіршілік ететін, үйрекке 

ұқсас, бірақ басы, жотасы – қара, бауыры 

(алдыңғы жағы) – ақ, ірілеу құс. К а й р а л 

а р құс базарының ең шулы, неғұрлым саны 

жағынан көп тұрғындары болып есептеледі 

(Құстар, 14). Ең үлкен құстар тобы – к а й 

р а л а р. Олар ақ-қара түсті, ұзын тұмсық-

ты, үлкендігі қазбен шамалас (Тірі табиғат, 

14).

КАЗУАР...  Мұндай  таңғажайып  құсқа

к а з у а р д ы жатқызуға болады. Ол түйеқұс 

тектес  құс  (Құстар, 8). Австралияның 

тропикалық  ормандарында  к  а  з  у  а  р 

мекендейді.  Бұл  құс  ұша  алмайды,  бірақ 

сағатына 50 шақырым  жылдамдықпен 

жүгіре алады (Тірі табиғат, 36).



КАКАДУ...  К  а  к  а  д  у  д  ы  ң  басын-

да  мамық  айдары  бар.  Бұл  əдемі  құстар

Австралия  мен  Жаңа  Гвинея  орманда-

рын мекендейді (Құстар, 57). Екінші алып 

тоты – к  а  к  а  д  у.  Ол  Жаңа  Гивенияда, 

Австралияда,  Тасманияда  кездеседі  (Тірі 

табиғат, 37).

КАКАНДОЗ з а т. ж е р г. Пештің күлін 

шығаратын қалақ. Пештен күл шығаратын 

бұл аспапты бізде к а к а н д о з дейді (Қаз. 

əдеб., 05. 04. 1985, 15).

КАЛЕНДЕР з а т. к ө н е. Диуана. Мін-

генде атың қара кер Не сұрайсың к а л е н



д е р... (Алпамыс: Қаз. əдеб. хрест., 8 кл., 122).

КАЛГОТКИ з а т. Əйелдердің капрон-

нан  жасалған,  жұқа  бұт  киімі.  Екеуміз 

тоғайдың ішіне кіріп, тасалау жерге барып, 

оның к а л г о т к и і н сығатынбыз (Қарқат 

тер., 69).



К

246

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КАЛОШТЫ с ы н. Аяғына калош киген, 

калошы бар. Жағалы драп пальто, к а л о ш 

т ы қара пима, былғары тысты құлақшын... 

(Р. Əутəліпов, Алтын жемісті., 158). 



КАМЕРАЛАС  с  ы  н.  Бір  камерада 

отырған, камерасы бір (адам). Жанындағы 

к  а  м  е  р  а  л  а  с  ы  қолына  пышақ  алып 

оған  жақындап  келе  жатты  (Ə.  Байбол, 

Теміржол., 318).

КАНАУЫС  з  а  т.  Қымбат  матаның 

бір түрі. Жасау артуға 25 түйе, к а н а у ы с 

пен жібектен тігілген 125 шапан, 50 кілем... 

берген (Х. Арғынбаев, Қаз. халқы., 266).

КАНУН з а т. м у з. Əл Фарабидің өзі 

жасаған саз аспабы. Жəне естуімше, осы 

к а н у н аталатын музыка аспабын ол [Əл 

Фараби] өзі жасаған көрінеді (Лен. жас, 03. 

01. 1973, 3).

КАПУСТА: Капуста биті. з о о л. Ка-

пуста (қырыққабат) зиянкестерінің бірі. 

Овощ  дақылдарының  негізгі  зиянкестері 

– түрлі бүргелер, капуста көбелегі, к а п у 

с т а  б и т і, капуста күйесі жəне капуств 

шыбыны (Коммунизм туы, 6, 05, 1967, 2).



Капуста  көбелегі.  з  о  о  л.  Капуста-

мен қоректенетін зиянкес көбелек. Овощ 

дақылдарының негізгі зиянкестері – түрлі 

бүргелер, к а п у с т а  к ө б е л е г і, капуста 

биті, капуста күйесі жəне капуста шыбыны 

(Коммунизм туы, 06, 05, 1967, 2).

Капуста  күйесі.  з  о  о  л.  Капустаға 

зиянын тигізетін жəндік (күйе).

КАРАТИСТ... – Иə,  əлден  тебісі  қат-

ты екен. К а р а т и с т болатын шығар

(Д. Рамазан, Жылап аққан., 152).

КАРБАС  з  а  т.  Матаның  бір  түрі. – 

Сонда қара қазақ жейделік к а р б а с пен 

кебіндік бөзді қайдан алады? (І. Есенбер-

лин, Алмас қылыш, 219).



КАРДИОГРАММАЛЫҚ   с  ы  н. 

Кардиограммаға  қатысты,  кардиограм-

ма  арқылы.  Жүрегін  к  а  р  д  и  о  г  р  а  м 

м  а  л  ы  қ,  асқазанын  гастрологиялық, 

ультрадыбыстық, компьютерлік тексеруден 

өткізіп көрді (М. Құдайқұлов, Құпия., 48).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет