Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-жұмыс. Аускультация. Жүректің дыбысын (тондарын) тыңдау



бет20/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102
3-жұмыс. Аускультация. Жүректің дыбысын (тондарын) тыңдау

Жүрек жиырылып босаңсыған сайын жүректің тондары деп аталатын екі түрлі түрлі дыбыс естіледі. Оларды фонендоскоп арқылы тыңдайды. Оны дыбысты жақсы өткізетін материалдан жасайды. Фонендоскоп – зерттелуші адамның кеудесіне қойып, тыңдауға арналған мембранасы бар капсула. Капсулаға тыңдаушының құлағына салынатын арнайы ұшы бар резина түтігі жалғасқан.
Бірінші тон (систолалық) – қатаң, төмен және созылмалы дыбыс (0,11-0,12 сек.), қарыншаның систола кезінде естіледі. Ол атриовентрикулярлық қақпақшаларының жабылуынан, тарамыс жіпшелердің тартылуынан, қарынша еттерінің жиырылуынан, айшық тәрізді қақпақшалардың ашылуынан пайда болады.
Екінші тон (диастолалық) – ашық, жоғары, қысқа (0,07-0,08 сек.). Ол айшық қақпақшаларының диастола кезінде жабылуынан пайда болады.
Жұмысты орындау: Бірнеше студенттердің жүрек тондарын тыңдайды. Акустикалық проекциялардың нүктелері: I тон – қос жармалы қақпақшаның дыбысы – бесінші қабырға аралығында сол бұғананың орта сызығынан 1 см ішке (оңға) қарай; үш жармалы қақпақшаларының дыбысы – төс сүйегінің семсер тәрізді өсіндісі бекітілген жерінде естіледі.
II тон – екінші қабырға аралығында: оң жақтан - қолқа қақпақшаларының, сол жақтан - өкпе артериясының қақпақшаларының дыбысы естіледі.


4-жұмыс. Электрокардиография

Электрокардиография дегеніміз жүректің қозу кезінде пайда болатын электр құбылысын жазып алу әдісі.
Жүректе пайда болған электрлік потенциал барлық организмге таралатындықтан, организмнің нақты жерлеріне қойылған электродтар арқылы жүректің биотоктарын жазады.
Электрокардиограмма үш жоғары бағытталған оң тістерден (Р, R, T) және екі төмен қарай бағытталған теріс тістерден (Q, S) тұрады.
Р тісі оң және сол жақ жүрекшелер қозғанда пайда болады.
Q, R, S, T – жүрек қарыншаларының потенциалдары, олар қозу процесінің қарынша еттеріне таралғанын көрсетеді. QRS комплексі - қарыншалардың деполяризацииясысын, Т- тіс реполяризациясын сипаттайды.
Электрокардиограмма комплексі тістерінің амплитудасы мен ұзақтылығы жүректің екі негізгі физиологиялық қасиеттерін (қозу мен өткізуді) сипаттайды.
Электрокардиографияны өткізу үшін электродтарды биполярлық және униполярлық тіркеу түрінде қолданып жасайды. Жиі таралған тіркеулер:
1) аяқ пен қолдардың арасындағы потенциалдар айырмашылығын үш стандартты биополярлық тіркеу арқылы жазады: I тіркеу – оң және сол қол, II тіркеу- оң қол және сол аяқ, III тіркеу – сол қол және сол аяқ. Оң аяққа индиференттік электрод бекітіледі;
2) жүрек тоғын – аяқ-қолдан үш униполярлық тіркеу арқылы жасауға болады. Аяқ-қолдағы активті электрод пен индиференттік электрод арасындағы потенциалдардың айырмашылығын жазады. Оң қолдан жазылатын ЭКГ-ма - аvR, сол қолдан - аvL, сол аяқтан - аvҒ әріптерімен белгіленеді;
3) жүрек маңынан ЭКГ-ма алты униполярлық тіркеу (Вильсон тіркеуі) арқылы жазылады. Мұндайда кеуде шеңберінде белгіленген нүктелердің потенциалы мен нольдік потенциалдың айырмашылығын жазып алады. Активті электрод V әріппен белгіленген алты нүктелерге орналастырады. V1 – төртінші қабырға аралығында төстің оң шетінен 1 см оңға қарай жерде; V2 - төртінші қабырға аралығында төстің сол шетінен 1 см солға қарай; V3 – V2 мен V4 ортасында;V4 - бесінші қабырға аралығында сол бұғананың ортаңғы сызығы тұсында; V5 – бесінші қабырға аралығында алдыңғы аксиллярлық сызық тұсында болады, V6 – бесінші қабырғааралығында ортаңғы аксиллярлық сызық тұсында.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет