Жеке тұлғаның дамуы жайлы психолог педагогтардың көзқарастары



Дата07.01.2022
өлшемі3,76 Mb.
#16941

Қ.Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті

ОББӨЖ

Тақырыбы: Жеке тұлғаның дамуы жайлы психолог педагогтардың көзқарастары

Қабылдаған: Алимбекова С



Орындаған: Әшірбай А

Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа деиін әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын – ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді.



Платон

Аристотель құл болушылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Сондықтан олардың пікірлері ойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы болып туатын сияқты.

Аристотель

Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі — преформистер. Преформизм — XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің организмінде болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.

Көптеген ғалымдар жеке адамның дамуында тұқым қуалаушылық факторын жетекші роль атқарады деп таниды. Америка психологы Эдуард Торндайк (1874-1949) баланың дамуын геналарға байланысты, бала геналардың ерекше батереясы.









Америка философы, педагогы Джон Дьюи (1858-1952) өзінің даму теориясын баладан туа пайда болған инстинкт және қабілеттерімен дәлелдейді.









Австрия дәрігері Зигмунд Фрей адам мінез – құлқының қозғаушы күштері оның биологиялық тегіне байланысты деп түсіндіреді.

Эдуард Торндайк (1874-1949)

Джон Дьюи

Зигмунд Фрей

Прагматиктік педагогика апологеттері және осы уақыттағы түрлі философиялық ағымдар, неотомизм т.б. жоғарыда айтылған көзқарастарды қуаттай келіп, адамды әлеуметтік жағдайдан бөліп жеке қарастырады. Экзистенциализм жеке адамның дамуын, оның өзін – өзі жетілдіруі, бұған әлеуметтік ортаның қатысы жоқ деп түсіндіреді.





Ал неотомизм даму процесін діни идеалистік тұрғыдан, демек, құдай жаратқан адам жанының дамуы діни тәрбиенің ықпалымен аяқталады деп сендіреді. Сонымен, жоғарыда аталған және басқа да философтар мен педагогтар жеке адамның дамуы мен қалыптасуындағы қоғамның ролін теріске шығарады.

Адамның жан – жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екендігін XVI және XVII ғ.ғ. алғашқы рет байқаған гуманистер социалиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі — жалпыға бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін «Утопия» кітабында сипаттайды.



Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты, сондықтан тәрбие процесінде балалардың ақыл – ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.

Томас Мор

Т.Кампанелла

XIX ғасырдың басында қиялшыл социализмнің ілімін жасаушылар Ш.Фурье, Роберт Оуэн және Сен – Симон балаларды Жан – жақты қабілетті дамыту, яғни, оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге байланысты деп түсінді. Олар капиталистік қоғамды, ондағы тәрбие жүйесін батыл сынап, жеке адамның жан – жақты дамуына толық жағдай жасау үшін, халыққа білім және тәрбие арқылы таптық коғамды бейбітшілік жолмен жаңа қоғамға айналдыруды арман етті.

Алғашқы гуманистер және социал – қиялшылдар адамды жан – жақты, жарасымды етіп дамыту өндіріс құралдары мен жабдықтарына жеке меншіктік және адамды — адам қанау жойылғанда ғана қамтамасыз етіледі деп тұжырымдады.

Жеке адамды жан – жақты дамыту және тәрбиелеу жайлы мәселелерді ең алғашқы рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К.Маркс, Ф. Энгельс болды. Олар қоғамның даму заңдарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға басуының мақсаты бақытты өмір сүріп, жан – жақты дамуына игілікті жағдай жасайтын жаңа қоғамды орнату керек деген қорытындыға келді. Даму—жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді. Баланың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен қасиеттер пайда болады.

И.П.Павловтың ілімі бойынша, даму—ішкі нерв жүйесі қызметінің және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі. Педагогика баланың дамуына өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп қарастырады. Даму процестерінің қозғаушы күштері — ішкі қайшылық күресі. Даму процесінің сан өзгерістері сапа өзгерістеріне ауысып отырады.



Даму — әр уақытта бірыңғай тұтас процесс. Оның кейбір ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Организмнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп жетілуіне байланысты. Ал, әр түрлі мүшелер (бастың көлемі, көкірек шеңбері, қол – аяқ және т.б.) бір қалыпты өсіп жетілмейді. Өйткені, организмнің өсу қарқыны тұрақты емес. Сондықтан өсудің тездеу кезеңдері баяулау кезеңдерінен кейін немесе керісінше байқалып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет