«Технология және ғылымдар» факультеті «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасы



Дата31.10.2022
өлшемі17,5 Kb.
#46469
Байланысты:
Философия БӨЖ№2-Мектепова (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК


«Технология және ғылымдар» факультеті


«Компьютерлік ғылымдар» кафедрасы


7М06102 – «Ақпараттық жүйелер»

7М06102 – Ақпараттық жүйелер мамандығы, ғылыми–педагогикалық бағыт,


«Ғылым тарихы мен философиясы» пәні бойынша
БӨЖ №2 Ғылыми білімнің құрылымы.
Орындаған:


1-оқу жылы магистранты Ж.Ж.Мектепова

Ақтау, 2022



  • Ғылым не үшін керек? (салыстырмалы түрде –жеке адамға, қоғамға, мемлекетке, жалпы адамазат баласы үшін)

  • Неге Абай атамыз: «Ғылым таппай мақтанба» дейді?

  • Қарапайым адам өмірінде ғылымның маңыздылығы қандай?

  • «Білім-күш», білімді мыңды жығады, білім адам баласы үшін маңызды, ал ғылым қаншалықты қажет деп ойлайсың?

  • Ғылымның пайдасы мен зияны қандай?

  • Қазақстан ғылымының дамуына қандай баға берер едің?

Қазіргі таңда ғылым қоғамда маңызды рөл атқарады деп айтуға болады. Ғылым дамуының деңгейі - қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі, сондай-ақ мемлекеттің қазіргі дамуының көрсеткіші болып табылады. Адамның айналасындағы барлық нәрсе - ғылымның жетістігі.
Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді болсаң, сол білімді тек өз басыңа жаратып қана қоймай, біліміңді халыққа еңбек етуге жарата біл деп адам бойындағы ең үлкен қазына - ғылым, білім, өнер екендігін өскелең ұрпаққа өсиет етіп қалдырған.
Медицина, биология, генетика, эмбриологияның дамуының арқасында адамдар көптеген ауруларға арналған «антидот» таба алды. Біздің ата-бабаларымыз ХХІ ғасырда емделушілердің организміндегі зақымданған мүшенің орнын жаңа мүшемен алмастыруға болатынын елестете де алмаған еді. Қазіргі қоғамды ғылымсыз елестету мүмкін емес.
Білімсіз ғылым жоқ. Білім адам баласының көзін ашады. Ал, ғылым адамзатқа игілік әкеледі. Ғылым - қоғамның мәдениетінің маңызды нысандарының бірі болып табылады және оның дамуы адам қызметінің барлық салаларын жаңартудың маңызды факторы болып табылады. Заманауи ғылым адамның дүниетанымын қалыптастырады, техникалық прогреспен тығыз байланысты, қоғам дамуының болжамдарын жасауға, бағдарламалар әзірлеуге, адамзат алдында тұрған мәселерді шешуге көмектеседі. Ғылымның пайдасының арқасында адамдардың өмірі жеңілденді, уақыты үнемделіп, күш-қайратын орынсыз жұмсамайтындай жағдайға жетті. Бірақ ғылым әрқашан адамзат үшін қауіпсіз бе? Ойланып қарасақ, ауруды жазатын дәріні ойлап табушылар да, адамзатты құртып жіберетін ядролық атам бомбасын ойлап табушылар да белгілі бір ғылымға сүйенеді. Менің ойымша, бұл сұрақ мәңгіге шешілмей қалады.
Қазақстан ғылымы даму үстінде. Ал, өркениетті елдермен салыстыратын болсақ, біздің ғылыми даму деңгейіміз әлдеқайда төмен. Бұған себеп – қаржыландыру көзінің аз болуы. Ғылым-білімнің дамуында ғалымдар саны мен сапасы да өз әсерін тигізеді. Шетелдерде ғалымдарға әлеуметтік-материалдық қолдау көрсетіліп (баспанамен қамтамсыз ету, басқа да шығындарын өтеу және т.с.с) , ғылыммен айналысуға арнайы зерттеу кабинеттерін жасақтайды, мамандық ретінде жоғары мәртебеге ие. Ал, біздің елімізде ғалымдарға жағдай жасалмаған және де ғалымдардың статусы төмен. Осыған орай, отандық ғылымды дамыту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет