Желідегі ақаулар информатика M012 (Қазақ тобы) Дайындағандар: Күшай Гүлжанат Кажгалиева Набира Абилова Индира Алтынбекова Айгерім Тақырып жоспары



Дата02.09.2023
өлшемі2,28 Mb.
#105898

ЖЕЛІДЕГІ АҚАУЛАР
Информатика M012 (Қазақ тобы)
Дайындағандар:
Күшай Гүлжанат
Кажгалиева Набира
Абилова Индира
Алтынбекова Айгерім
Тақырып жоспары:
  • Деректерді тарату ортасында болатын ақаулар;
  • Желідегі кабеліне байланысты ақаулар;
  • Желі топологиясындағы ақаулар.
  • Желінің өткізгіштік қабілетіне байланысты ақаулар.

1. Деректерді тарату ортасында болатын ақаулар

Кабельдік арналардағы ақаулар
Есулі қосақталған (витая пара) кабельдер
Бір немесе бірнеше сымның бірігуімен өрілген өткізгіштерден тұрады. Кабельдердегі электрмагниттік кедергілерді бәсеңдету үшін, өткізгіштерді бір-біріне жұптап өреді.
Мұндағы ақаулар:
Жұп сымдар мен жиілікті сақтау керек. Әрбір жұпта бұрылыстар әрқашан сақталу керек. Сәйкес келмейтін қосқыштар деректерді беру сапасын төмендетеді.
Кабельдік арналардағы ақаулар
Коаксиалды кабель
Жергілікті желілерде қолданылатын кабельдің бір түрі.
Оның түрі бір-біріне кигізілген цилиндрге ұқсайды. Ол мыстан жасалған екі өткізгіштен тұрады.
Мұндағы ақаулар:
  • Физикалық зақымдану;
  • Судан зақымдану;
  • Ыстыққа төзімсіз;

  • Коаксиалды кабелдің зақымдан-ғаны сыртынан білінбейді.

Кабельдік арналардағы ақаулар
Оптикалық талшық – шыны немесе пластикалық кабель
Қызметі деректерді тасымалдауда жарықтың таралу жылдамдығына негізделген. Алыспен байланыс жасау үшін, оптикалық талшықпен байланысқан желі қолданылады.
Мұндағы ақаулар:
  • Қорғаныс қабатының зақымдануы оптикалық талшықтардың тұтастығына бұзады;
  • Монтаж жұмыстары барысындағы зақымдануы;
  • Табиғи апаттар кезіндегі зақымданулар.

Сымсыз желідегі ақаулар
Радиотехника дамуының алғашқы кезеңінде радиобайланысты түсіндіруде «сымсыз» (wireless) термині қолданылған, яғни деректерді сымсыз тасымалдайтын жағдайларға қатысты пайдаланылған. Wi-Fi (ағыл. Wireless Fidelity – сымсыз дәлдік) технологиясы – қазіргі таңда болашағы зор технологиялардың бірі.
Ақаулар:
Сымсыз желіні пайдалану ыңғайлы болғанымен, ауа толқынындағы шуыл, ыңғайсыз ауа толқындары сигнал толқындарына кері әсерін береді.

3. ЖЕЛІ ТОПОЛОГИЯЛАРЫНДАҒЫ АҚАУЛАР
Шина желі топологиясы. Мұнда негізгі байланыс ретінде бір ғана кабель қолданылады. Осы кабельге жеке-жеке бірнеше компьютер жалғанады. Шина ретінде коаксиалды кабельдер қолданылады.

Кемшілігі:
Желінің құрылысы қарапайым, алайда мұндай желінің кемшілігі шинаның бір жері үзілсе, компьютерлер өзара байланысын жоғалтады.
Сақина тәріздес желі топологиясы бір-біріне тізбектеліп жалғанып, жабық шеңбер құрайтын бірнеше компьютерден тұрады. Желіде сигналдар бір бағытта беріледі. Компьютер көрші компьютерден алған сигналды күшейтіп, өзінен кейінгі компьютерге жеткізеді. Орнатылуы өте қарапайым.
Кемшілігі:_Желідегі_компьютердің_біреуі_істен_шықса,_желі_де_жұмысын_тоқтатады._Жұлдыз'>Кемшілігі:
Желідегі компьютердің біреуі істен шықса, желі де жұмысын тоқтатады.
Жұлдыз желі топологиясы. Желіні бұлай ұйымдастыруда компьютерлер бір-біріне тікелей жалғанбай, желілік бейімдеуішке (адаптер) жалғану арқылы байланысады. Желідегі бір компьютер істен шыққанмен, басқалары өзара байланысын жоғалтпайды. Желіні осылай жалғау арзан әрі тиімді. «Жұлдыз» желі топологиясы – бүгінде ең көп қолданылатын әдіс.
Кемшілігі:
  • Барлық компьютерлер хабқа тәуелді;
  • Бүкіл желінің өнімділігі хаб өнімдігіне тәуелді;
  • Кабелді ұзарту үшін желіні төсеу керек.

Иерархиялық (ағаш) желі топологиясы. Бұл желі түрін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Оны ұйымдастыру үшін бірнеше бейімдегіш қолданылады. Егер жоғарыда танысқан «Жұлдыз» желі топологиясына тағы бір бейімдегіш қоссақ, ол «Иерархиялық» желі топологиясына айналады. Бұл топология да қазіргі кезде көп қолданылады. Бұл топология желідегі қателіктерді анықтауға қолайлы.
Кемшілігі:
  • Төменгі деңгей жоғарғы деңгейге тәуелді.

Деректерді тасымалдау жылдамдығы бойынша ақаулар
  • төмен жылдамдықта (10 Мбит/с дейін);
  • орташа жылдамдықта (100 Мбит/с дейін);
  • жоғары жылдамдықта (1 Гбит/с дейін);
  • өте жоғары жылдамдықта (10 Гбит/с дейін).

  • Желідегі ақпартты тасмалдау жылдамдығының өлшем бірлігі 1 секунттағы биттер (бит/с) санымен анықталады.
    Ескерту: Интернетке қосылған құрылғыдан браузер арқылы https://speedtest.net/ сайты арқылы интернеттің жылдамдығын тексеруге болады.

Қорытынды
Желідегі ақпартты тасмалдау жылдамдығы, желідегі кабель типтері, топология түрлеріне қарай нашарлап кетуі мүмкін.
Жалпы кез келген желіде ақаулар болып тұрады. Ақаулардың жиі орын алуы пайдаланушылардың тұрақты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Ақауларды дер кезінде анықтап, дұрыстап отыру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет