3.2 Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету 3.2.1 Жарақат Жарақаттар бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяққолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтсатығы қызметінің бұзылуы. Әсері механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін.
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.
Жабық зақымдану бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).
Ашық зақымдану бұл органдар зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жараққаттарға көптеген кәсіби жараққаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара).
Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады.
Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді. Қатты жарақаттану кезінде терінің астындағы клеткалар ғана емес сондайақ бұлшық ет, сүйек, нерв, сіңір, ірі қан тамырлары зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің ішінекілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі, осындай бойлай салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды.
Жаралар жарақаттаған заттың түріне байланысты: кесілген, тілінген, түйірілген, сыдыралған, тістелген, жарымдалған және оқ тиген болып бөлінеді.
Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік ретіндежұқпалы ауруларды асқындырушы ретінде қызмет етеді.
Алғашқы көмек көрсету:жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңу керек, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған дұрыс, таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жаранның үстіне жабылатын жастықшаға тиспеңіз, егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бірекі күннен кейін тілінген немесе сыдырылған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз. Сырқатты басу үшін зардап шегушіге ,2,г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.
Алғашқы көмек көрсету кезінде жараны спиртпен, сумен, йодтың ертіндісімен жууға, ұнтақ дәрілер себуге және май жағуға, жараны мақтамен жабуға, жарадан құм, топырақты сүртуге, басқада заттарды жараны ластайтын жолмен алуға болмайды.
1сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою
Жараға микроб түсіп асқыну салдарынан ауыр инфекциялық аурулар пайда болады (газдан шіру, сіреспе).
Сондықтан жараланған кезде ең бірінші қанды тоқтату және жараны ластанудан сақтау керек.