Ұйқыдан кейінгі жаттығулар жинақтамасы



Дата15.12.2023
өлшемі18,02 Kb.
#138820

Ұйқыдан кейінгі жаттығулар» жинақтамасы
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, дене бітімін жақсарту, балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған. Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдың іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету. Көрнекіліктер: ілгекті жолдар, тастар, денсаулық кілемшілері, табандар, әтеш киімі. Музыка әуенімен әтеш бейнесіне еніп тәрбиеші кіреді. Тәрбиеші: Ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку.
Балапандарым кәне ұйқыдан тұрайық.
Тәрбиеші: Түс мезгілі, түс мезгілі.
Балапандар ұйқыға кірісті.
Балапандар көреді түсті,
Ғажайып сиқырлы әлемді.
Балалар ұйқыдан оянады.
Тәрбиеші:
Көзімізді ашайық,
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық,
Жаттығулар жасайық.
Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.
2. Балалар төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.
3. Балалар төсекте жатып, велосипед тебу.
4. Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ - қолды созу.
5. Балалар төсекте отырып, бір - біріне қарап сәлемдесу.
Тәрбиеші: Балалар кәне шеңбер құрайық.
Тыныс алу жаттығуы:
Ку - ка - ру, ку - ка - ри – ку, ку - ка - ри - ку.
Табанды шынықтыру массаждары:
1.«Балапандар серуенге шықты» шиқ - шиқ - шиқ.
2. Табанға арналған денсаулық кілемшелерімен жүру.
3. Ілгекті жолмен жүру.
4. Тастардың үстерімен жүру.
5. Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру.
6. Табандар арқылы жүру.Орындағандар:
1.Мырзазметова.А.М. 83 "Жансая" б/б
2.Капенова А.Ж
3.Мырзахметова Салтанат/38Шаттық б/б
4.Муканова Айгуль Жексембаевна 74дәурен б/б
5.Молдашева Асель 29 Ақ қайың б/б
6. Мухаметченова Шырын Асқаровна
7. Кажыгалиева Лаура
8. Адылжанқызы Назира.
9. Ешербай Меруерт Бейсенбайқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет