Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу



Дата05.11.2022
өлшемі19,9 Kb.
#47654


Тақырып

Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы
Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу



Оқу мақсаты

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру
8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу
8.3.3.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу



Бағалау критерийі



Білім алушы:

  • Жинақталған жиіліктің анықтамасын қолданады

  • Дисперсия мен стандартты ауытқуды есептейді




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты

25 минут






Тапсырма І нұсқа
1. Кестеде мектептегі оқушылардың жастары туралы мәлімет берілген. Кестені пайдаланып мәліметтерді гистограммамен беріңіз.

Жасы

7 - 9

9 - 11

11 - 13

13 - 15

15 - 17

17 - 19

Бала саны

240

272

230

280

220

60

[2]
2. Кестеде 20 күнде сабаққа келмеген оқушылардың саны көрсетілген.



Келмеген оқушылардың саны

0

1

2

3

4

5

Күндердің саны

3

5

5

4

2

1

Кестедегі берілгендерді пайдаланып, табыңыз:


а) таңдаманың өзгеріс ауқымын;
b) таңдау көлемін;
с) келмеген оқушылардың орта мәнін;
d) салыстырмалы жиілігін (кестені толықтыр);
е) жинақталған жиілігін (кестені толықтыр). [6]

Тапсырма ІІ нұсқа

  1. Кестеде кәсіпорындар өнімдерін өткізуден тапқан табысының орналасуы туралы мәлімет берілген. Кестені пайдаланып мәліметтерді гистограммамен беріңіз.

Кәсіпорын табысы

10- 20

20 - 30

30 - 40

40 - 50

50- 60

Кәсіпорын саны

2

8

14

9

3

[2]
2. Келесі кестеде халықаралық мектептің 8 сынып оқушыларының математика пәнінен алған ұпай нәтижелері көрсетілген.



Ұпай

1

2

3

4

5

6

7

Оқушылар саны

0

2

3

5

5

4

1

Кестедегі берілгендерді пайдаланып, табыңыз:


а) таңдаманың өзгеріс ауқымын;
b) таңдау көлемін;
с) орта ұпай мәнін;
d) салыстырмалы жиілігін (кестені толықтыр);
е) жинақталған жиілігін (кестені толықтыр). [6]


Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Интервалдық кестенің деректері бойынша гистограмма салады

1

осьтерді белгілеп көрсетеді

1

кестені пайдаланып, гистограмма салады

1

Арифметикалық ортаны табады; жинақталған жиіліктің анықтамасын қолданады

2

өзгеріс ауқымын

1

таңдау көлемін

1

арифметикалық ортаны табу өрнегін жазады

1

арифметикалық ортаны табады

1

салыстырмалы жиілігін тауып, кестені толықтырады

1

жинақталған жиілігін тауып, кестені толықтырады

1

Жалпы балл:

8


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет