Жыл Астана XVIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басында Фармацияның дамуына К. в. Шееле, К. ф. Мора, Н. Н. Зининнің қосқан үлесі



бет1/2
Дата07.12.2022
өлшемі30,32 Kb.
#55636
  1   2

«Астана медициналық университеті» КеАҚ
Фармацевтикалық пәндер кафедрасы

ОБӨЖ

Алыайдарова Назерке


В085 – 102 – 2022 группа
Фармация мамандығы
2022-2023 жыл Астана
XVIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басында Фармацияның дамуына К.в. Шееле, К.ф. Мора, Н. Н. Зининнің қосқан үлесі

Тақырыптың жоспары:


Кіріспе бөлім: Англиядағы өнеркәсіптік төңкеріс
Негізгі бөлім: XVIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басында Фармацияның дамуы
Қорытынды бөлім: К.В.Шееленің Фармацияға қосқан үлесі

XVIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басында Фармацияның дамуына К.в.Шееле, К.ф.Мора, Н. Н. Зининнің қосқан үлесі

Англиядағы өнеркәсіптік төңкеріс пен Ұлы Француз революциясы капитаизмді жалпы тарихи жобада әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде бекітті. Капитализмнің дамуына Батыс Еуропаның бірқатар елерінде болған 1848 жылғы көтерілістер, АҚШ-тағы 1861-1865 жылдардағы азамат соғысының соңына қарай болған буржуазиялық –демократиялық төңкеріс, жекелеген елдердегі бірқатар әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар әсерін тигізді.
Капитаизм қоғамның дамуында прогрессивті роль атқарды. Ол ұлттық мәдениеттің қалыптасуына, діннен бөлек ғылымның негізін қалауға септігін тигізіп, өзінің дамуының ерте бастамаларында-ақ философиялық ойлардың классикалық бейнесін сомдады. Феодалдық тәртіпті жоя отырып, өзінің билігін нығайта отырып, буржуазия дамушы класс ретінде шіркеуге қарсы идеологиялар таратты, бұл істі француз материалистері: Д.Дидро, Ж.Л.Аламбер, К.А.Гельвецкий, П.А.Гольбах және т.б. ашық түрде жүргізді.
Метафизикалық және механикалық сипатына қарамастан ХVІІІ ғасырдағы француз материализмі 1789-1793 жылдары төңкеріске дайындалып, тұрақтанған буржуазияның айқын белгісі болса да, шынайы ғылымның әрі қарай дамуына әдістемелік негіз бола отырып, сол замандағы ғылыми-техникалық прогресстің дамуына әсерін тигізді.
Капитализмнің жаңа сатысы машиналы өнеркәсіпке өтумен жалғасты, капиталистік қоғамның жаңа класстары – пролетариат пен буржуазияның дамуына ықпал етті. Дәл сол кезде (ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың үшінші жартысыында) капитализмнің айқын динамикалық белгілері пайда болып, өнеркәсіптегі, ғылым мен техникадағы ұлы өзгерістерге қол жеткізуге жол ашылды.
Ғылым жылдам қарқынмен дамыды, ол тура және жанамалай болса да химияның, медицинаның және фармацияның дамуына әсер етті. Осылайша И.Ньютон (1643-1727) және Х.Гюгес (1629-1695) классикалық механиканың басты ережелерін жасап шығарды. Р.Гук (1635-1703) физикалық денелердің тығыздығының теориялық негізін қалады. Е.Торичелли (1608-1647) атмосфералық қысым мен вакумды ашып, сынапты барометрді ойлап тапты. Б.Паскаль (1623-1662) гидростатиканың негізгі заңын құрастырды. Б.Пален (1647-1714) клапаны бар бу пешін жасап шығарды.
Алдыңғы қатарлы дәрігерлер физиканың жетістіктерін адамдарды емдеуде қолдануға тырысты. Дене қызуын өлшеуге арналған термометр, тамыр соғысын анықтайтын құрал ойлап шығарды.
Иатромеханика өкілдері дененің түрлі қозғалысын зерттеуде экспериментальды жұмыстар жүргізді. Ғылым бүкіл әлемдік сипат алып, ғалымдар өз жаңалықтарымен алмаса бастады.
Шынайы білімнің дамуына Ф.Беконның механикалық материализм ережелері шешуші әсер берді. Ол ғылымның жаңаруына бағдарлама ұсынды, олардың жіктелуін анықтап, ғылыми танымның әдістемесін жасады. Философия мен шынайы ғылымның дамуына Р.Декарттың (1596-1650) шынайы ғылыми көзқарастары әсер етті. Ол математик әрі материяның корпускулярлы теориясын жасап шығарған адам.
Химияның дамуының негізін қалаушы ағылшын ғалымы Роберт Бойло (1627-1691) болды. Оның жаңалықтары және теорияық тұжырыдары, химияға экспериментальді әдістерді енгізуі ғылыми химияның дамуына әсер етті. Физика, математика, астрология мен оптикадағы кеңінен танымал классикалық еңбектерімен қатар И.Ньютонның (1643-1727) химия аймағындағы еңбектері қызығушыық тудырды. Химияық зертханасы болғандықтан, ол металлдарды қорыту анализімен айналысты. Ғалым бөлшектердің өзара тартылысына аса көңіл бөліп, оны химияның әсерінен болатындығымен түсіндірді
ХІХ ғасырда медицинаның дамуына ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ірі шынай ашылымдар әсер етті.
Газдардың механикасы аймағындағы жетістіктер, органикалық химияның пайда болуы, эмбриологияның, өсімдіктер мен жануарардың салыстырмалы анатомиясының дамуы табиғатта болып жатқан өзгерістермен тікелей байланысты екенін тануға зор ықпал етті. Бұл мәселе жөнінде Ф.Энгельс үш шынайы ашылымдарға ерекше назар аударды: жасаушаға, энергияның өзгеру заңына, қоршаған ортаның эволюциясы туралы ілімге.
Шынайы ашылымдар табиғатқа деген метофизикалық көзқарасты өзгертуге, диалектикалық танымды қаыптастыруға әсерін тигізді. Олар органикалық және органикалық емес табиғаттың арасындағы, өсімдік пен жануарар дүниесі арасындағы тұтастықты ашып, құбылыстардың жалпы байланысын анықтап, даму туралы ілімнің төңірегіндегі шынайы білімдердің берік іргетасын қалап, медицина мен фармацияның дамуына зор әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет