Жылдардағы отандық тіл білімінің зерттелуі



бет1/2
Дата17.10.2022
өлшемі83,83 Kb.
#43701
түріОқулық
  1   2

20-30 жылдардағы отандық тіл білімінің зерттелуі.

Қорғаған: Ирисбаева Юлдуз

Тексерген: Ергубекова Жанат

Тобы: ФҚӘ-911(Ғ)

ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстандағы ғылыми білімдер жүйесін арнайы қарастырудың өзіндік себептері бар

  • Біріншіден, осы кезеңде қоғамдағы өзгерістерге байланысты білім-ғылым саласы қарқынды дамыды, оқулықтар мен оқу құралдары көптеп жарық көрді, жекелеген ғалымдар қазақ тілінің толық грамматикасын құрастырып, тіл біліміндетеориялардың қалыптасуына түрткі болды. Сол арқылы ұлттық тіл білімінің қалыптасуына жол ашты.
  • Екіншіден, осы кезеңде қазақ тілін оқыту, грамматикалық тұрғыдан сипаттау мəселесі қоғам тарапынан да қызу талқыға түсті.
  • Үшіншіден, ХХ ғасырдың 20 — 30-жылдарында ғылыми грамматика мен мектеп грамматикасының аражігі айқын көрініп, қазақ тілінің ерекшеліктерін грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың ғылыми негіздері нақтыланды, ғылыми сипаттама мен ана тілін оқыту тəжірибелерінің өзіндік əдіс-тəсілдері айқындалды.
  • Төртіншіден, осы кезеңде қазақ əдеби тілі стильдік тармақтарға жіктелді, соған байланысты қазақ тілі грамматикалары əдеби тіл нормаларына сəйкес түзілді. Сол себепті осы кездегі грамматикалық сипаттамаларға талдау жасай отырып, ғалымдардың қазақ əдеби тілін қабылдау, түйсіну ерекшеліктерін де байқауға болады.
  • Бесіншіден, ХХ ғасырдың басында тілді грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың бірнеше үлгісі жасалды. Қазақ тіл білімінің тарихында ғылыми парадигманың Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20 — 30-жылдарындағы лингвистикалық теориялар жүйесіне қаншалықты ықпал еткенін айқындауға болады.

Қазақ тілі білімі

  • Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің Материалы к изучению киргиз-казахского наречия деген еңбегінде ұшырасады. Бұл — қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А. Терентьевтің Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская (1875), П.М. Мелиоранскийдің Краткая грамматика казах-киргизского языка (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің Грамматика киргизского языка (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет