Маймаш Дастан
Мұратбеков Ерасыл Нұржанұлы
Жылқыбаев Дамирхан
Ұйымдағы жайлылық және оның маңызы
Ұйымдағы жайлылық – ұйым ішінде жайлы гармонияның орнығуы және ұйым жұмысының нәтежесін арттыруға көмектесетін бірден-бір фактор болып табылады. Жайлы ұйымның жұмыскерлерінің жұмыс нәтежесі артатыны дәлелденген факт болып табылады. Сол себепті, соңғы кезде бұл тақырып жие көтеріліп, осы көрсеткішке жоғарғы көңіл бөлінуде. Теория жүзінде қаншалықты маңызды екені айтылсада, іс жүзіне келгенде, көп ұйымдар бұл көрсеткішті көтеруге тырыспайды.
Ұйымдағы жайлылық және жұмыскерлердің өздерін жақсы сезіну маңызды көрсеткіш. Ұйым мүшелері бұл терминдерді бірдей түсінетіндей жағдай жасау қажет. Егер бұл терминді әр адам әртүрлі түсетін болса, гармония орнықтыру мүмкін емес. Жұмыскерлердің түсінігі бір деңгейге жеткен кезде ғана жұмыс политикасын орнықтырып, жұмыс процессін бастауға болады.
Мәселені шешуге көмектесетін жолдарды анықтау
Ұйымда қандайда бір мәселе туындағанда ұйым мүшелері кімге бару керек? Кейбір адамдардың пікірінше HR, кейбір адамдардың ойынша бастыққа бару қажет. Ал егер мәселе бастықта
болса? Барлық мәселені шешетін ортақ бір жолдың болмауы, ұйым мүшелерінің өз өкпесін ішіне сақтап, жұмыс көрсеткішінің төмендеуіне алып келетін бірден-бір себеп болып табылады.
Ұйымға жайлылық сыйлайтын процесстерді орнықтыру
Зерттеулерге сүйенетін болсак көптеген организацияларда ұйым жайлылығы жайлы тақырып тек бір мәселелер туындаған жағдайда ғана көтеріледі. Белгілі бір мәселелер туындамай жатып оның алдын алу ең жақсы шешім болып табылады. Ұйымда осы ұйымның жайлылығын арттыратын процесстердің болуы өте маңызды. Әр ұйым мүшесі өзін мазалап жүрген мәселені көтеріп, сол сұрағына жауап алатындай жұмыстар жүргізілуі қажет.