Берел қорғандары
Берел қорымы – құнды жәдігерлер мекені
Берел №11 оба.
Обадан сақ көсемі мен әйелдің және
ер тоқымымен бірге жерленген
13 жылқының мүрдесі табылды.
Берел, №11 оба.
1998-1999 жж қазба жұмыстары.
Реконструкция нұсқасы.
Авторы: З.Самашев.
З. САМАШЕВ
белгілі археолог
Берел қорымындағы оба құрылысы мен жерлеу ғұрпы
Белгілі археолог З.Самашев: «№11 ең үлкен обада, сөзсіз, көшпелілер қоғамының билеушісі жерленген. Ер адам мен әйелдің мүрдесі жер үстінен төрт метр тереңдіктегі кең көлемді қабірдің түбіне орнатылған қима-таған ішіне орналастырылған көп ғасырлық самырсын ағашынан ойылған астау-табыт ішіне, бастарын күншығыс жаққа қаратып, ер адамды шалқасынан, әйелді аяғын бүгіп жатқызған».
Археологтар жерленген адамды «жоғарғы билік
иесі – көсем немесе патша болуы мүмкін» - деп болжайды.
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
2008 жылы 4 шілдеде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ашылды. Музейдің құрамына "Патшалар алқабы" аталып кеткен жазықтағы обалар мен құнды жәдігерлер сақталатын ғимарат кіреді.
Мәңгі тоң қабаты
БАЛЬЗАМДАУ – мәйітті ұзақ уақыт сақтау үшін шірітпейтін заттармен өңдеу.
- оба асты суық мәңгі тоң қабатынан тұрады.
- мәйіттің киімі, ат әбзелдері, ер-тоқым, маталар, ағаш ыдыстар, тері мен киіз бұйымдары сол қалпында сақталған.
- артефактілер ғалымдарға 2500 жыл бұрынғы адамдар өмірі туралы ақпарат алуына мүмкіндік берді.
1 - тапсырма. Берел қорғанынан табылған жәдігерлерді анықтаңыз
Берел қорғанынан табылған олжалар:
|
1.
|
2.
|
3.
|
4.
|
5.
|
6.
|
Берел, №11 оба.
1998-1999 жж. қазба жұмыстары.
Реконструкция нұсқасы.
Авторы: З.Самашев.
Дескриптор:
2-тапсырма. Берел қорымының Бесшатыр, Шілікті қорғандардан ерекшелігін анықтаңыз
Дескриптор:
- Берел қорымының Бесшатыр, Шілікті қорғандардан 3 ерекшелігін анықтайды.
1-ерекшелігі: ?
2-ерекшелігі: ?
3-ерекшелігі: ?
Үйге тапсырма - Берел обасынан табылған олжаларды пайдаланып, 2500 жыл бұрын өмір сүрген берелдік адамның бір күнгі өмірін суреттеңіз.
Ұсынымдар: - Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын 3-4 сурет салу;
- Берел адамының бір күнгі өмірін сипаттайтын 10 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |