Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні



Дата15.12.2023
өлшемі19,64 Kb.
#138254

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 02.03.2023ж
Білім беру саласы: Әлеуметтік. Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету. Мамандық түрлерімен таныстыру. .Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру.
Б.М : Мамандық түрлерімен таныстыру арқылы жаңа сөздермен сөздік қорларын толықтыру.
Д. м: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Т. м: қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.Еңбекқорлыққа бағалау. Сөздік жұмысы: Мамандық, тігінші, жүргізуші, дәрігер, шаштараз,ұстаз. Барлық мамандық керек, барлық мамандық қажет.
Қолданылатын көрнекі құралдар: мамандықтар бейнеленген суреттер, слайд, видеоролик, смайликтер

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс- әрекеттері

Ұйымдастырушылық-
қозғаушылық



І. Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.
ІІ. Топқа бөлу. Мамандық құралдары бойынша топқа бөлу. І-топ: Мұғалім, ІІ-топ: Дәрігер, ІІІ-топ: Шаштараз

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Атап беріндерші.
-Балалар, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталады.
-Бүгін біз мамандық иелері туралы өтетін боламыз.
Барлық мамандар өмірде қажет екен.
-Балалар, сендер күнде мектепте қандай маман иелерімен кездесесіңдер?

Бас иеді.

Қалам, шприц, шаш кептіргіш арқылы топқа бөлінеді.


Балалар жауап береді.



Ұйымдастырушылық-
ізденістік



ІІІ. Видеоролик көрсету.
-Олай болса балалар, барлығымыз экранга назар аударайық.
-Сонымен, видеоролик не туралы екен?
-Балалар олай болса жұмбақ шешіп, сендердің кім болғыларын келетіндігін «Арман гүліне» іліп қояйық.

Жұмбақ шешу.



  1. Мектептің жүрегі,

Білімнің тірегі. (Мұғалім)

  1. Сауықтырар сырқатты,

Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

  1. Тікті әсем киімді,

Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)

  1. Тыныштығын Отанның,

Күзететін адам кім? ( Солдат)

  1. Тәртіп заңды сақтайды,

Ел сенімін ақтайды. (Полиция)

  1. Тәп тәтті тамағы,

Тамақтың маманы. (Аспазшы)

-Ал енді балалар, кім мамандық туралы тақпақ біледі?


1. Көкке ұшамын –
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның.
2. Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолына.
Түрлі-түсті шаш қиып
Қызмет етем халқыма.
3. Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын.
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
Мен құрылысшы боламын.
4. Армандаймын мамандық,
Көңілім бар таланттық.
Өрт сөндіруші қалауым
Батыр мықты боламын.

ІV. Топтық жұмыс. Мамандық иелерінің құралдарын жапсыру


V. Сергіту сәті.


-Қанекей барлығым тұрып, бірге қайталайық.
Коллаж құрастыру



Видеориолик көреді

Жауап береді


Жұмбақтарды шешіп, гүлге іледі.
Тақпақ айтады.

Мамандық иелерінің құралдарын жапсырады.


Экранға қарап қайталайды.





Рефлексиялық
түзетушілік



Рефлексия:
-Балалар ал енді бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе Мына үкілерге смайлик жапсырайықшы.

VI. Бағалау


-Оқушыларды Сүйікті оқушым деген чупа чупс арқылы бағалау.

Смайлик жапсырады.

Бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет