Ұйымдастыруымен өткен оқушылардың ғылыми конференциясына 11



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата13.02.2017
өлшемі1,81 Mb.
#3992
  1   2   3

№ 2 (210)

27  қаңтар

2015 жыл

«Жүз бақытты жүрек» 

Ел ер


Жаңа   жылмен   басталған   жетістіктер

Тайпақ ауылында мүмкіндігі шектеулі жандарға аудан әкімінің қатысуымен өткізілген 

жаңа  жыл мерекесі көп баланың көңілінен шықты.

Аудан  әкімі,  ауыл  әкімі,  ауылымыздың  барлық  кәсіпкерлері  мүмкіндігі  шектеулі 

балаларға арналған жаңа жылдық  сыйлықтарын табыстады.

Оқушыларды  қамқорлыққа,  мүмкіндігі  шектеулі  жандардың  өздерін  ортаға 

бейімделуіне  мүмкіндік  жасау  мақсатында,  сол  мерекелік  шараның  көңілді  өтуіне,  

Тайпақ мектеп - гимназиясы «Жас ұлан» ұйымының оқушылары белсене атсалысты. 

Осындай салтанатты кештер мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуіне аз 

да болса ықпал етері сөзсіз. Енді мұндай шаралар тек мереке қарсаңында ғана өткізіліп 

қоймаса екен деген ниетіміз бар.

Ақбөбек АПЫРОВА

Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы

Тайпақ мектеп – гимназиясының  тәлімгері

«Ұстаздық 

еткен 

жалықпас, 



үйретуден  балаға»  -  деп  Абай  атамыз 

айтқандай,  жиырма  жылдық  тарихы 

бар  гимназия  ұстаздары 

мен  шәкіттері  жылдар 

жүзінде  талай  биіктерді  

бағындырды. Биылғы жаңа 

жылды  да      мектебіміз  

толағай 


табыстармен 

қарсы 


алды. 

Жуырда  


Орал қаласында облыстық 

«Дарын» 


орталығының 

ұйымдастыруымен  өткен 

оқушылардың 

ғылыми 


конференциясына 

11-


сынып 

оқушылары 

қатысып,  әдебиет  бағыты 

бойынша  Сағадат  Әли 

(жетекшісі  Әсел  Сатқанқызы)  және  

этно-мәдениеттану  бағыты  бойынша 

Айсұлу  Темірбаева  (жетекшісі  Айгүл 

Мақсотқызы) І орындарды  иеленді. Әли 

Сағадаттың  жұмысы  республикалық 

іріктеу кезеңіне жолданды.

Сонымен  қатар,  мектебіміздің  11-

сынып оқушысы  Қаншайым Қанатбаева 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті    пәнінен 

(жетекшісі  Әсел  Ерментаева)  және  10-

сынып  оқушысы  Гайнита  Имангалиева 

орыс тілі мен әдебиеті пәнінен (жетекшісі 

Жанаргүл Жардемова) Орал қаласында  

өткен  облыстық  пән  олимпиадасында  

жүлделі ІІІ орындарды иеленді.

  Балаға  білім  нәрін  сусындатқан 

ұстаздарымыз  білім  мен  біліктілігін 

арттыруда  шығармашылық  сайыстарға 

үнемі  қатысып  отырады.  Соның  дәлелі 

қаңтар айының басында Республикалық 

қашықтық 

олимпиадасында 

мектебіміздің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәнінің  мұғалімдері  Төлепбергенова 

Клара  Серікқызы  мен  Еслямғалиева 

Арайлым  Шынболатқызы  І  дәрежелі 

дипломдармен 

 

марапатталды. 



Мектебіміздің 

ізденімпаз, 

білікті 

ұстаздарына болашақта шығармашылық 

табыстар тілейміз. 

Гульфайруз МЕНДАЛИЕВА

         Абай атындағы мектеп-

гимназия тәлімгері

Ақжайық ауданы

«Салауатты өмір салты-ұлт 

келешегі»

          Зашаған  кенті  аумағындағы  

мекемелер 

арасында 

«Намыс» 


спорт  клубы  мемлекеттік  мекемесінің   

ұйымдастыруымен  волейбол  мен  үстел 

үсті  теннисінен    жарыс  оздырылды.  Бұл 

жарыстан №38 «Жазира» мектепке дейінгі 

ұйым  қызметкерлері  де  қалыс  қалмады. 

Жарысқа  №6  қалалық  емхана,  «Мақсат» 

медициналық  колледжі,  №  30  ЖОББМ, 

№ 3 8«Жазира» МдҰ,  Қылмыстық атқару 

жүйесі  департаменті,    «ИНТЕК-ОНМР» 

ЖШС  командалары  қатысты.  Салауатты 

өмір  салтын  қалыптастыру  мақсатында 

ұйымдастырылған  жарыста    командалар  өз  белсенділіктерін  таныта  білді.  Біздің 

мектепке  дейінгі  ұйымнан  үстел  үсті  теннисіне  Л.Габбасова,  волейбол  жарысына   

дене  шынықтыру  нұсқаушысы  Т.Курашев  және  Н.Темірханов,  Ш.Джаманкулов, 

С.Юсупов,  А.Белисанова,  А.Имашевалар  қатысып,  намысты  қолдан  бермей, 

жүлделі  ІІ  орынды  иеленді.  Ойын  барысында  біздің  қызметкерлер  өздерінің 

ұйымшылдықтарын  танытып,  спортқа  деген  ептіліктерін  көрсете  білді.  Осындай 

кең  ауқымды,  ізгі    шараның  бастамасы  болып,  ұйымдастырып  отырған  «Намыс» 

спорт клубының әдіскері Г.Алипкалиевке және Зашаған кенті әкімінің  орынбасары 

А.Бекжановқа алғысымыз шексіз. «Салауатты өмір салты - ұлт денсаулығының кілті» 

дегендей, осындай ізгі шаралар  жиі ұйымдастырып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

 М.МҰКАНОВА 

№38 «Жазира» МдҰ әдіскері

«Балабақшадағы 

спорт мерекесі»

  «Сау  дене,  азат  ақыл,  адал  көңіл  –  үшеуі 

мен  бақытты  болады  өмір»  -  дегендей,  №  29 

«Балауса»  мектепке  дейінгі  ұйымында  дені  сау, 

құрыш  білікті,  батыл  жүректі  болып,  салауатты 

өмір  салтын  ұстануға  тәрбиелеу,  спортқа  деген 

қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында  спортты 

серігім  деп  санайтын  тәрбиешілер  мен  тәрбиеші 

көмекшілері  арасында  «Шынықсаң  шымыр  боларсың»  атты  спорттық  сайыс  өткізілді. 

Әділқазылар  құрамына  директор  Н.М.Ниярова,  әдіскер  Ә.А.Зулкашева,  жоғары  санатты 

тәрбиеші  М.С.Уркунова  сайланды.  Бәсекеде  бақ  сынасқан  “Бәйге”,  “Сұңқар”,  “Бәйтерек” 

топтары  болды.  Сайыс  аяққа  үлкен  доп  қыстырып  алып  жүгіру;  Топтық  би  көрсету 

(флэшмоб); Ат сайыс (әр топтан бі рқатысушы шығып атқа отырып жүгіреді); Орындықтар 

арасынан жүгіріп өтіп,  эстатафета беру; Инені сабақтау ойыны (біреуі сабақтаса, екіншісі 

жіпті ағытып,жүгіріп келеді); Матрацтан айналу (жүгіріп, матрацтың үстінен айналу, қайтарда 

тағы айналып келу) кезеңдерінен тұрды. 

Сайыскер топтар, әр жарыс сайын әділ қазылардың әділ бағасымен бағаланып отырды. 

Топтардың  көз  ілеспес  жылдамдықтарына,  ептіліктеріне  сүйсіне  қол  соққан  көрермендер 

бір ауыздан «Бәрекелді!» десті. Ал, қазылар алқасы шапшаңдықпен алға сурылып шыққан 

Тұлпар тобын «Епті» номинациясымен. Ауыз біршілік танытқан «Ұйымшыл» номинациясымен 

Сұңқар тобын, батырлықтарымен көзге түскен «Батыл» номинациясымен Бәйтерек тобын 

марапаттады. Жоғары дәрежеде өткен бұл сайыс ұжымға көтеріңкі көңіл сыйлады. Мұндай 

тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар әлі де жалғаспақ.



Жұлдыз ЕСЕНАМАНОВА 

№29 «Балауса» мектепке дейінгі ұйымының ағылшын тілі мұғалімі

Орал қаласы


№2 (210)    27.01.2015 ж.

2

Отпен ойнама - қауіпті

Отсыз тіршілік жоқ десек те, оттың тілсіз жау екенін білмейтін адам жоқ. 

Бүгінгі ақпарат құралдарынан, күнделікті  өмірден де өрттің кесірінен  қаншама 

адамның    қасірет  тартып,  зардап  шегіп  жатқанын  көріп,  біліп  отырмыз. 

Сондықтан да өрт қауіпсіздігін сақтау - күн тәртібінен түспейтін өзекті  мәселенің 

бірі.

   Соның ішінде қыс мезгілінде үйде от жағу, газ баллондарды пайдалану, 



жылыту пештерін қосу өрт қауіпін күшейтеді. Кейде балалардың отпен ойнауы 

да өртке себепші болады. «Сақтансаң сақтармын» дегендей қасіреттің алдын 

алып балаларға оттың қауіптілігін санасына жеткізе  түсіндіру балабақшадан 

басталады. 

      Сондай  бір  тәлімді  тәрбие  сағаты    Тайпақтағы  «Балбұлақ»  мектепке 

дейінгі  ұйымында  өтті.  «Балбөбек»  тобының  тәрбиешілері  Алпаева  Гүлшат 

Төлепбергенқызы мен Сарсенғалиева Жансұлу Амангелдіқызы    «Отпен ойнама 

-  қауіпті»  тақырыбында  тәрбие  сағатын  өткізді.  Гүлшат  Төлепбергенқызы 

сәбилерге түсінікті қылып оттың пайдасы мен зияны туралы  толық мағлұмат 

берді. Бүлдіршіндерге оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға  

әкелетін  зардабын  түсіндіре  отырып,  сіріңке,  оттық  т.б.  қауіпті  нәрселерден 

аулақ  жүру  керектігін  айтты.  Тәрбие  сағаты  түсіндіру,  слайдтар  көрсету, 

сұрақ-жауап, ойын, мақал-мәтелдер айту түрінде тартымды  өтті. Өрттің шығу 

себептері  туралы  айтылып,  өрт  болған  жағдайда  101  нөміріне  хабарласу  

қажеттігі туралы да естеріне  салды.

  «Баланы  бастан»  демекші    кішкентайынан  үйде  ата-аналар,  мектепке 

дейінгі  ұйымда  тәрбиешілер,  мектепте  ұстаздар  баланың  өзін-өзі  сақтауға, 

қауіп-қатерден  сақтануға  тәрбиелесе,  құлағына    құя  берсе,  үгіт-насихат 

жұмыстарын  өрістетсе  отқа  күю,  тоққа  түсу,  суға  кету,  көліктің  астына  түсу, 

жоғалып кету сияқты бақытсыздықтың алдын  алар едік.



Ата-аналар атынан:   Қымбат АБДРАШИТОВА

Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы



«Тәртіпке бағынған құл 

болмайды»

    Киров  мектеп-балабақша  кешенінде 



«Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа  мүлдем 

төзбеушілік» апталығы өтілді. Апталық аясында 

«Заң  және  мен»  сынып  жетекшілер  біріңғай 

сынып сағаттары, ауылдық учаскелік инспектор 

М.Жиеналиев  пен  6-9-сынып  оқушылары 

арасында  «Құқық  және  тәртіп»  тақырыбында 

кездесу  ұйымдастырылды. Тарих пәні мұғалімі 

Д.Кайыргалиеваның 

ұйымдастыруымен 

9  қазақ  және  орыс  сыныптарында  «Құқық 

қорғау  баршаға  ортақ  міндет»  дөңгелек  үстел 

оздырылды.  9-сынып  оқушылары    А.Шакирова,  Е.Симоненко  «Құқықтық  білім 

туралы не білеміз?» атты баяндамасымен оқылып, «Адам», «Қоғам», «Құқық» 

сөздерінің  мағынасы  ашылып,  «Әрбір  адам  қайталанбас  тұлға»  екені  туралы 

мағлұмат  тереңірек  берілді.  7-сыныптарда  тәлімгер  А.Ержанова  «Құқықтық 

жекпе-жек» сайысын өткізді

Алдағы  уақытта  да  аталмыш  шаралар  өз  жалғасын  тауып,    құқық 

бұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмысымыз жалғасады деген сеніммен 

жұмыстанамыз.



Арайлым ДЕМЕСИНОВА

Киров мектебінің ДТІЖО-ы

Бөрлі ауданы 

«Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!»



                        

№  13  кітапхананың  филиалының    оқу  залында  «Ертеңіңді  ойласаң,  есірткіге  жолама!» 

атты шара  № 5 мектептің  8-9-сынып оқушылары  және № 4 қалалық емхананың «салауатты 

өмір  салтын  қалыптастыру»  кабинетінің 

дәрігер  -  маманы  Габдрахимова  Әслима 

Құрманғалиқызының  қатысумен  өткізілді. 

Кітапханашы  Жанат  Хайруллина    қазіргі 

кезде  елімізде  ұрпақтарымыздың  өсіп-

өнуіне, қалыпты өмір сүруіне кедергі жасап 

отырған кеселдің бірі – нашақорлық, арақ пен 

темекі,  соның  ішінде  ел  ішіне    індет  болып 

енген нашақорлыққа тоқталып,  қазіргі таңда 

Қазақстан  үшін  нашақорлық  мәселесі  өте 

күрделі екендігін атап өтті. Ресми деректер 

бойынша  әлемнің  220  миллион  адамы 

есірткі  тұтынады.  Яғни,  жер  шарының    0,3 

пайызы немесе 15-64 жас аралығындағылардың 5 пайызы.  Есірткіге тәуелді әйелдер саны күрт 

өскен. Жас өспірімдер жақсыға да, жаманға да тез еліктегіш, сондықтан  бүгінгі шарамызды осы 

қатерлі дерт туралы, одан сақтану, алдын алу турасына  арнап отырмыз – деп, шараның қонағы 

№ 4 қалалық емхананың  дәрігері Әслима Габдрахимоваға сөз берді.

-  Дәрігер  есірткіге  байланысты  слайдтар  көрсету  арқылы    жер  шарын  жайлаған  кеселдің 

түрлерін,  оның  ағзаға  әсері  туралы,  адамның  осы  дерттен  шегетін  зардабы  туралы  баяндап 

беріп,  ойын-тренинг    өткізді  және  оқушылардың  сұрақтарына  жауап  берді.  Есірткінің  қазіргі 

уақытта  өте  қатерлі  синтетикалық  түрлері  кең  тарауда,  ол  ар  адам  денесін  тез  арада  ірітіп 

жіберетіні туралы және оны қолданған адамның өмірі өте қысқа болатынын түрлі  буклеттерді 

қолдана  отырып  айтып  берді.  Сонымен  қатар,  кей  жерлерде  есірткіге  тәуелді  адамдарға 

дәріханалардан осы есірткіні ауыстыратын дәрілер берілетіні туралы және ол туралы қоғамдағы 

пікірлер туралы да сөз болды. Неге бұлай деген сұраққа, осы тәуелді адамдардың доза үшін 

қылмыстық  топтардың  құрығына  түсіп,  оның  зардабы  отбасына  да  тиіп  жататынындықтан, 

оларды  осы жайдан қорғау мақсатында  істеліп отыр,- деген  жауап қайтарылды. Джангалиева 

Айдана осы дерт туралы әртүрлі мағлұматтар  алып жүргендерін, бірақ өз замандастарының 

неліктен есірткіге қызығушылығының себебі туралы сұраса, Жеңіс Ерназ есірткі сатушылардың 

өз  құрбандарын  қалай  қолға  түсіретіні  туралы  сұрады.  Мақсат  Бақтыгереев  адамдар  есірткі 

жасаудың түрлі тәсілдерін әртүрлі жолдармен біліп отырса, онымен күресудің тиімділігі болама 

деген сұрақ қойды. Осы сауалдардың бәріне дәрігер де, кітапханашылар да өз пікірлерін ортаға 

салып,  толық  қанды  жауап  беруге  тырысты.  Шара  барысында  тақырыпқа  байланысты  кітап 

көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. 

 

Күләш ҚАНАТҚАЛИЕВА 

№13 кітапхана меңгерушісі  

Есірткісіз болашақ

Мектебімізде 

7-9-сынып 

оқушыларының 

қатысуымен 

биология 

пәнінің 


мұғалімі 

А.Жаксыгұлова  «СПИД-ХХІ  ғасыр  індеті»  атты 

дөңгелек  үстел  өтті.  Мектеп  медбикесі  «Есірткісіз 

болащақ» деген тақырыпта баяндама оқып, мектеп 

психологі оқушылар арасында  сауалнама жүргізді. 

Темекінің  зияны, алкогольдың зияны, нашақорлық 

туралы  мәліметтер  беріліп,  видео  роликтер 

көрсетіліп, көрніс қойылды.

    Сонымен қатар, 5-сынып жетекшісі Э.Қайырғали 

«Өмірің өз қолыңда» атты тәрбие сағатын оздырды 

                                  

                             Зинеп БЕКБОЛАТҚЫЗЫ

Лбішін негізгі жалпы білім беретін  мектебінің  тәлімгері Қабыл ауылы, Ақжайық ауданы

Сүйіктісі «Самалым» көп 

баланың, сенгенім халқым еді, 

мың тағзым бағаладың 

Әр  шаңырақтағы  «Менің  жазғаным  шықты  ма  екен,-деп  асыға  күтетін  балғын 

оқырмандарым  армысыздар!  Келіп  жеткен  қой  жылы  шаңырақтарыңызға  шаттық 

сыйласын. Сабақтарыңызды жақсы оқып, ата-аналарыңызды тек тәтті қылықтарыңызбен 

қуанта  беріңіздер.  Бүгінде  үш  мыңға  жуық  жас  оқырмандары  газеттеріңізде  өздеріңіздің 

ата-ана, ұстаздарыңыздың қолдауымен баспасөздің ұлы көшіне ілесіп келе жатқаны мені 

қатты қуантады. 

Елбасымыз Н.Назарбаев өткен жылғы халыққа Жолдауында; Журналистер қауымына 

елдікті жазу, жас ұрпақты тәуелсіз еліміздің тарихын танып бағалай білуге тәрбиелеу, рухы 

биік ұрпақтың ұлтжанды болып өсуіне жағдай жасау басты міндет екенін айтқан-ды. Біздің 

газет  қашанда  осы  ұстанымды  ұстанып  келеді.  Жас  авторларымыз  қай  шығармасында 

да Отанын сүйетінін, отбасы қуанышын, ұстазын ардақтайтынын, туған жерлеріне  деген 

сүйіспеншілігін  жазады. 

Жазарымызды  жаңғырту  мақсатында  былтыр  Ақжайықтан  Айгүл  Усахова 

қарындасымызды ауданның меншікті тілшісі етіп тағайындадық. Мұндағы ойым, жазары бар 

әріптесім газет бетінде көрінбей келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты тақырыптарды 

талдап  жазсын  дегенім.  Биыл  Қаратөбе  ауданы  бойынша  Айнұр  Айтқалиева  әріптес 

болуға  ниет  танытып  отыр.  Мен  әріптестерімнен  тұщымды  дүниелер  күтетін  боламын. 

Жаңақалалық жас тілшіміз Азиза Сүйінішқалиева, Ақжайықтан Қазына Файзуллина  сынды 

жас әріптестерімнің жазары нақтыланып келеді. 

Енді  биылғы  жазылымға  келсем,  алдымен  қолдау  білдірген  әр  ата-ана,  ұстаздар 

ұжымына  үлкен  рахмет.  Орал  қаласы-430,  Бөрлі  -415,  Жаңақала-242  Қаратөбе  –  169, 

Теректі, Ақжайық, Казталов, Зеленов қалған аудандар шама шарқынша жазылыпты. Ең азы 

Бөкейордасы -10, Шыңғырлау -19. Қазақтың қайыры аздан ба, көптен бе дегені осы шығар. 

Баласының жазғанын жариялағаныма қуанып, Самалын жаздырып берген Ақжайығымның 

халқы сіздерге мың рахмет. Мен бұған дейін де айтқанмын қаймағы бұзылмаған қазақи 

аудандар Сырым, Жәнібек, Бөкейордасы аудандарының халқы да басшылары бала газетін 

жеке басылымға балап қажетсінбейді деп. Өткен жылғы жазылым кезінде бұған тіпті көзіміз 

жетті. Басшылары «Қазіргі балалалар газет оқи ма?, ғаламтор тұрғанда  аға газеттерге 

өздері ақшасы бөлгесін амалсыз жаздырамыз деген уәж айтып мазаламауымызды сұрады. 

Бөкейордасы аудандық білім бөліміндегілер, «Газетіңізді қолдаймыз арнайы біздің ауданға 

бет арнаңыз дегесін күмәніміз болса да материалдарын шығарғанбыз, 2015 жылғы алты 

айлыққа мектептеріне бір-бір газетке амалдап жаздырыпты, не ойларымызды білмедік. Ал, 

Шыңғырлаулық білім саласының басшылары мен ұстаздары «Сен тимесең, мен тимен» 

деген ұстанымды ұстанған. Риза болатыным, Ордалықтардай емес, ойлары дұрыс, бұл 

ауданнан жиырма ғана оқырманымыз бар. 



Алдағы  Ақпан  айынан  бастап  алатын  болып,  газетімізге  жазылған  жандарға 

500 тенге бағамыз барын ескерте кетейін. Қалталарыңызға тиіп жатса, үш айға да 

жазылуға болады. Индексіміз 65771

 

Енді  алдағы  жоспарларымыз  жайында  аз  ғана  айтарым,  Ұлы  Жеңістің  жетпіс 

жылдығына  орай,  «Ардагерлерімізі  аялайық»  тақырыбында    редакция  алқасы  төрт 

номинация бойынша бәйге жариялайды. 

Мақала -  көлемі  фотосымен 1,5 бет болуы шарт. (еркін тақырып)

1. 


Естелік (Атамның айтқандары тақырыбында, фотосымен)

2. 


Тақырыптық өлен төрт шумақтан аспауы керек, автордың фотосымен

3. 


«Самалдың» галлериясында Ұлы Жеңіске 70-жыл фото-сурет бәйгесі 

4. 


          (ескерту:  бәйгеге  отбасындағы  сақтаулы  ардагердің  майданда  түскен  фотосы 

болуы керек және қай майданда болғандығы көрсетілуі тиіс. Ал суреттер майлы бояумен 

салынғаны дұрыс. 

Бәйге  қорытындысы  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығына  арналған    жетінші  Мамыр  күні 

шығатын санымызда жарияланады.  

Бәйгеге    3-7-сынып  арасындағы  оқушылар  қатыса  алады.  Материалдар  элоктронды 

түрде 15 сәуірге дейін қабылданады. Ендеше, қаламдарыңыз қарымды, айтар ойларыңыз 

алымды болғай жас әріптестерім.



                                Сіздерге деген құрметпен: ЖҰМАЖАН ҚАДИМҰЛЫ

№2 (210)    27.01.2015 ж.

3

 «Қат


Бірл

Менің елім - мәңгілік менің мекенім

Анама


Сәбилік қой бәрі де өткен  кетіп,

Бала кезде  жүруші  ем өкпелетіп.

Бір мұғалім ұлыңды мақтап келсе,

Қала-тұғын көңілің көкке жетіп.

Тыңдамаған  ақылын ананың да,

Тентек едім, ұрыстың, сабадың да.

Сол бір тәтті таяқты  еске  аламын

Күлкі үйіріліп кейде бір жанарыма.

Қайран ана, қашан да  бағың  мықты,

Жолатпапсың  жаныма  жамандықты.

Жақсылықты  тілейсің перзентіңе,

Мен тілеймін  өзіңе  амандықты.

Өткен жоқ қой өмірің  бекер мынау,

Бар ауырын  тағдырдың  көтердің-ау.

Тірлік болса  мен сіздің өмір бойы

Парызыңды, жан  ана, өтермін-ау.

Ерден тудым «ел десе еңіреген»,

Перзентімін  айы-жаз, өмірі-өлең.

Сені  ойласам ыстық  қан тулап бойда,

Сені ойласам  ақын боп тебіренем.

Қасиетіңді ұғындым  жете  бүгін,

Қажеті  жоқ ешкімнің жетегінің.

Ардай  таза  атыңды  «Ана»  деген,

Анттай  сақтап,  ардақтап өтеді ұлың.



Нұржан КЕҢЕСОВ

Еңбекші  негізгі жалпы білім беретін  

мектебінің  8-сынып  оқушысы.

Ақжайық  ауданы

Жаңашыл ұстаз

Мұғалімнің өз бетінше біліктілігін арттыруы, осы саладағы  үздіксіз ізденісі, озат 

тәжірибені  қолдануы,  оны  өзгелерге  насихаттауы,  жаңашылдық    танытуы,  іскерлік 

негіздері – педагогикалық  шеберлікке жеткізудің бірден – бір жолы болып саналады. 

Мұғалім сахнадағы актер іспеттес, ол әрқашан оқушылардың  көз алдында  болады, 

ал бала бәрін байқап білетіні сөзсіз. Сондықтан да мұғалім  шеберлігі, оның әдептілігі 

мен  сыпайылығына,    жүріс-тұрысына,  киім  киісіне,  яғни  педагогикалық    техниканы 

меңгеруіне, өзінің мінез-құлқын басқаруына  байланысты. Осындай ұстаздардың бірі 

Сарытоғай орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі өзінің он үш 

жылдық еңбек жолында тәрбие ісінің меңгерушілігін қоса атқарып келе жатқан  Макка 

Умбеталиева                              ІІІ Республикалық  «Менің үздік презентациялық сабағым» атты дистанционды 

мұғалімдер  сайысына  қатысып,  тәрбие  жұмысын  жаңа  форматта  жүргізу  жолдары  жобасынан    3-ші 

дәрежелі  дипломға  ие  болды.  Бұл  ұстаздың  алғашқы  жетістігі  емес,  бұдан  бұрында  ол  3-деңгейлік 

біліктілігін  арттыру  курсынан  өткеннен  кейін  жаңа  форматта  білімін  жетілдіре  түсіп,  «Қазіргі  үздіксіз 

білім беру жүйесіндегі функционалдық сауаттылық дәстүрлері мен инновациялар» атты республикалық 

ғылыми-тәжірибелік  конференцияға    ат  салыса  отырып,  Қазіргі  білім  берудегі  құзіреттілік  нәтижелері» 

атты мақаласы  жарияланса, «Кәсіби біліктілікті  арттыруда белсенді оқыту тәсілдерін қолдану» жұмысы 

үздік  танылып,    «ХХІ  ғасырдағы  білім:  теория,  тәжірибе  және  даму  бағыттары»  тақырыбында  өткен 

халықаралық ғылыми-практикалық Интернет – конференцияға қатысқанын және жұмысы 

www.zkoipk

.kz 

сайтында жарияланғаны жөнінде куәлік табысталған болатын.



«Оқу мен тәрбие – егіз» деген ұстаныммен Макка Сұлтаниярқызы  2001 жылдан бері тәрбие ісінің 

менгерушісі  қызметін  атқара отырып, тәрбие саласында  да   өз  дәрежесінде  жұмысын жүргізіп келеді. 

Макка  Сұлтаниярқызы  әріптестерімен  өзінің  іс-тәжірибесімен  жан-жақты  бөлісе  жүріп,    2010  жылдың 

мамыр  айында  облыстық  ғылыми  конференцияда»  Азаматтық  және  патриоттық  тәрбие  жағдайы, 

проблемалары,  шешу  жолдары»  тақырыбында  баяндамасы  тыңдалып  жинаққа  енгізіліп  жарық  көрді. 

2013 жылы  «Ұстаз»  журналына  «Жеті модульді меңгеру» тақырыбында мақаласы жарық көрсе, 2014 

жылы» Үш тілдік сөздік» тақырыбындағы іс-тәжірибесі аудан мектептеріне таратылуға ұсынылды.

  «Мұғалім  -  мектептің  жүрегі»  демекші,оқушыға  білім  мен  тәрбие  нәрін  себер  жүректің  қызметі 

сапалы болса, жемісі де шырынды болмақ. Қазіргі заман талабына сай ұстаз жүгі ауыр жүк. Ұстаздың 

жан-жақтылығы,  үнемі  ізденіс  пен  шығармашылық  жолындағы  талабының  биік  болуы  шәкірт  жүрегіне 

жол  салары    анық.  Макка  Сұлтаниярқызына  бүгінгі  күннің  өткір  талаптарын  өтеу  жолында  іздену  мен 

өзіндік іскерлік қабілетін дамытудан шаршамай, ұрпақ тәрбиесінде еңбегі шыңдала түссін деп, ұстаздық 

қызметінде шәкірттерінің жетістіктерін көре берсін деген тілегімізді жолдаймыз.

Алия  САПАРҒАЛИЕВА

Ақжайық аудандық білім бөлімінің әдіскері

Ақжайық ауданы

ҚИЫН ОҚуШЫ ҚАйДАН ШЫҒАДЫ?

   Жасыратыны  жоқ, бастауыш сынып, жоғары сынып оқушылары 

арасында да адамгершілік тәрбиені іске асыруды қиындық келтіретін, 

оқуға және тәрбиеге көнбейтін мінезі нашар, қиқар оқушыларды жиі 

кездестіреміз.  Оларды  «қиын  оқушылар»  деп  атап  жүрміз.    «Қиын 

оқушылар»  отбасы,  мектеп  және  жұртшылық  тарапынан  тәрбиеде 

жіберілген түрлі кемшіліктерден болса керек.  Жоғары сыныптардың 

мұғалімдері, «қиын балалар жоғары сыныптарда көп кездеседі» - деген 

жаңылыс  пікір  айтады.  Меніңше,  ондай  пікірдегі  ұстаздар  мүлдем 

қателеседі. Себебі, тәрбие негізінен отбасынан басталып, бастауыш 

сыныптарда  қалыптасатын кейбір мұғалімдердің түсінбеуі өкінішті-ақ. 

Жоғары  сыныптарда    қиын  оқушылардың  тәртіп,  заң  бұзушылығын 

кездейсоқтық  деп қарауға  болмайды, ол оқушы бойындағы бұрыннан 

қисық мінездің болуына, әрине, отбасымен бірге, бастауыш  сыныпта 

оқытқан мұғалімдердің де әсері бар екенін мойындауымыз керек. 

          Оқушылармен  жұмыс  істеу  жан-жақты  зерттеуді,  баланың 

бойындағы  ұнамсыз  әрекеттердің  шығу  себебін,  тәрбиеленіп,  өскен 

отбасын,  мектептегі  тәрбие  жұмысының    деңгейін  зерттеуді  жан-

жақты білуден бастау керек. Кейбір қиын оқушылардың ата-аналары  

мектепке  ата-аналар  жиналысына  келмейді,  баланың  тәртіпсіздігін, 

қылмыстарын естуден қашады. Кейбір ата-аналарлың өз міндеттерін 

түсінбеуі, түсінгендерінің өзі менің балам «судан таза, сүттен ақ»-деп 

бетпақтырмауы бала тәрбиесінде қиындық келтірер үлкен кедергі. 

        Отбасында  әкесі  мен  анасы  қосылып  ішіп,  бала  тәрбиесіне 

назар аудармайтындар қаншама. Әрине, ондай ата-аналарға, әсіресе 

жас отбасыларына мектеп жиі-жиі ата-аналар жиналыстарын өткізіп, 

педагогикалық  білім  берілуі  керек.  Қиын  балаларды  тәрбиелеуде 

спорттық шаралар мен әскери-патриоттық тәрбиенің де маңызы зор. 

«Қиын» балалардың үлгілі оқушылар  санатына қосылуы педагогикалық 

ұжымның  талмай  еңбек  етуінің  арқасында  жүзеге  асатын  үлкен  

жұмыстың  айғағы  екенін  ата-ана  мен  ұстаздар  қауымының  дұрыс 

түсінгені жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет