Жүктілік физиологиясы



Дата27.11.2023
өлшемі15,66 Kb.
#128892

Жүктілік физиологиясы.
Ұрықану – еркектің және әйелдің жетілген жыныс клеткаларының қосылу құбылысы. Аналық безде фолликуланы жетілдіретін гормонның әсерінен фолликулалар өсіп-өне бастайды. Олармен қоса жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Біріншілк фолликулалар (примордиалды) жетілмеген аналық клетка жасушасынан тұрады. Примордиалды фолликулалар сыртқы бір қабатты эпителий мен дәнекер ұлпасымен қоршалған. Әдетте осы фолликулалардың біреуі толық пісіп жетіледі де, эпителий мен дәнекер ұлпа бірқатар өзгерістерге ұшырайды.
Аналық жұмыртқа клеткасы толық пісіп жетілуі үшін екі рет бөліну сатысынан өтеді.
Бірінші реттік бөліну саысындапішіндері бірдей емес ІІ қатардағы овоцит пен редукционды денешіктер түзіледі.
Екінші реттік бөліну сатысынанөткенде, жұмыртқа клеткасынан хромосомалар бөліне бастайды. Адамда әрбір клетка 22 жұп хромосомадан тұрады. 23-жұбы – жыныс хромосома, Х-хромосома әйелде, Х және У-хромосома еркекте. Пісіп жетілген аналық клетка адам организміндегі ең үлкен клетка – диаметрі 0,2-0,3мм. Фолликулалардың толық пісіп-жетілуі, етеккірдің 13-14 күніне сәйкес келеді. Осы кезеңде овуляция поцесі жүріп, пісіп жетілген аналық клетка құрсақ қуысына, содан соң жатыр түтікшесінің ең кең ампулялық бөлігіне түседі.
Ұрықтың даму сатылары. Жатыр қабырғасына енуі.
Ұрықтанғанан кейін (24 сағатта) түтікте зигота бөлінеді де, бірінші бөлінуден екі бластомер, төрт бластомер шығады. Бластомерлер ірә қарай асинхронды бөлініп, “тұт жемісі” тәрізді болады, бұл сатыны – морула сатысы деп атайды, осы сатыда жатыр қабырғасына енеді. Ұрықтың келесі бөліну сатысы – бластоциста. Бұл сатыда екі түрлі бластомерлер түзіледі, біреуі – үлкен күңгірт, ал екіншісі – ұсақ ашық түсті. Орталығында ірі күңгірт клеткалы морула (эмбриобласт), сыртқы қабатын “трофобласт” деп атайды. Келешекте эмбриобластан ұрық, ал трофобластан плацента түзіледі. Бластоциста үзілгеннен кейін 7-8 күнге қарай трофобласт протеолиттік ферменттер өндіреді, бұл ферменттер жылтыр қабықты бұзады. Осы кезде жқмыртқа клеткасы жатыр қуысына түсіп, шырышты қабатқа жабысады (имплантация). Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы біріккеннен кейін, ұрық морфологиялық және биологиялық өзгерістерге ұшырайды. Осыдан бастап жатырдың шырышты қабаты децидуалдыдеп аталады.
ЕРТЕ ЭМБРИОГЕНЕЗ
Эмбрионның ерте кезеңдегі дамуында,сарғылт қуық өсіп, қан тамырлар шоғырларымен қамтамасыз етіледі. Бастапқы сатыларда ұрық амниотикалық сұйықтықпен және үш қабықшамен – децидуалды,хорионмен, амнионмен қоршалып жатады. Децидуалды қабық жатырдың шырышты қабаты аналық жағы, ал хорион мен амнион ұрықтық жағы. Децидуалды қабық үш бөліктен тұрады:

  1. Deciduaparietalis – жатыр қуысын қаптап тұратын шырышты қабық.

  2. Deciduacapsularis – ұрықты жатыр қуысы жағынан жауып тұратын бөлік.

  3. Deciduabasalis– ұрық пен жатыр қабырғасының арасындағы бөлік.

Хорион – трофобластан дамиды. Ал,ашқы кезде хорион бүрлері ұрықты толық қоршап жатады,екінші айында атрофияланады, үшінші айында жойылады.
Амнион(сулы қабықша) плацентаны жіне кіндік бауды қаптап, кіндік сақинасының түбінде ұрық терісімен жалғасады.
Плацентаның екі беті болады: аналық беті – децидуалды қабықшамен, ұрықтық беті – түкті хоионнан тұрады.
І. Децидуалды қабықша: базалды, капсулалы бөліктерден тұрады.
А) базалды бөлігі плацента құрамына кіреді, ұрықты миометрийден бөліп тұрады.
Ә) капсулады бөлігі: жүктіліктің 18-куні капсулалы бөлік жатыр қуысына енген ұрықпен бірігіп, оны жатыр қуысынан бөліп тұрады.
Б) қабырғалық бөлігі мен децидуалды бөлік бездері қосылған кезде, бұл бөлік кішірейіп айырмашылық жоқ болады.
Адамдағы плацентаның түрі гемохориалдық – ана мен бала қаны араласпайды. Ана мен бала қанын синцитий, Лангханс клеткалары, дәнекер ұлпаның стромасы, ұрық капиллярларының эндотелийі бөліп тұрады. Плацентадағы ағып өтетін вена тамырларындағы қан артериялық.
Плацентада бірқатар гормондар түзіледі: хориалды гонадотропин, эстроген, прогестерон.
Плацентаның әр түрлі заттарды өткізу қабілеті күшті. Әр түрлі эфирлік заттар, азот тотықтары, алкоголь, морфин, никотин, антибиотиктер, токсин, антиденелер плацента арқылы ұрық қанына өтеді.
Кіндік бау– екі артериядан, бір венадан құралған. Қанды ұрықтан плацентаға, плацентадан ұыққа жеткізеді. Кіндік бау арқылы жалпы қан ағу көлемі – 500мл/мин.
1. Плацента, кіндік бауының аномалиясы (ауытқуы)
А) плацента қосымша бөліктерімен. Плацентаның қосымша бөліктері, босанғаннан кейінгі кезеңде жатыр қуысында қалып, қан шығынын арттыруы мүмкін.
Ә) екі бөлікті плацента – екі бөліктен тұрады, арасы қан тамырлармен байланысқан.
Б) терезелі плацента – бөліктері жұқарған,бүрлі хорион жоқ.
В)жқұарған плацента – көлемі өте үлкен, эндометрийдің қабыну салдарынан (аборттан кейін) пайда болады. 
2. Кіндік бау ұзындығы – 70-80см.
А) кіндік баудың түсуі – кіндіктің қынапқа түсуі салдарынан босану кезінде нәрестенің басы оны жаншып, нәресте асфиксияға ұшырайды.
Ә) кіндік баудың қысқаруы. Тұрақты қысқаруы – ұзындығы 40см-ден кем емес. Тұрақсыз қысқаруы –ұзындығы әдеттегідей,бірақ қысқаруы мойынға немесе денеге оралуынан.
Бала жолдасы плацентадан, ұрық қабықшаларынан, кіндік баудан тұрады.
Қағанақ суының маңызы
Қағанақ суы немесе амниотикалық сұйықтық ұрықты қоршап жатқан биологиялық орта. Жүктілік ағымында қағанақ суы түрлі функционалдық қызмет жасайды, ана-плацента-ұрық жүйесінің дұрыс жұмысын қалыптастырады.
Қағанақ суының мөлшері жүктілік мерзіміне байланысты, мөлшері бірқалыпты емес. Мысалы: жүктіліктің 10-аптасында қағанақ суының мөлшері – 30 мл, 13-14 аптада – 100мл т.б.
Қағанақ суының алмасуы амнион, хорион және параплацентарлық жол арқылы болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет