- 1967 жылдан өмірінің соңына дейін бірыңғай шығармашылықпен айналысқан.
- «Оңтүстік самалы» атты өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы 1960 жылы жарық көрген. Кейіннен проза саласына ауысып, бірнеше әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынған. Пьесалары облыстық драма театрларында қойылған.
- Шығармалары: Жоғалған кілт. Повесть пен әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; Сыр пернесі. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Бүгінгі ауыл адамдары. Очерктер. А., «Қайнар», 1969; Буырқанған бұлақтар. Роман, «Жазушы», 1976; Сын сағатта. Роман. А., «Жазушы», 1980; Түркістан. Роман. А., «Жазушы»,1982; Тереңдегі тебіреністер. Роман А., «Жазушы», 1983; Алтын арал. Роман. А., «Жазушы», 1985.
«Сын сағатта» романының қысқаша түсіндірмесі - Жұмабек Еділбаевтың «Сын сағатта» романы Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл өмірін, ондағы колхоз шаруалары мен жұмысшылардың ерлік еңбегін баяндайды. Партия қызметкері Алмасбек, дәрігер Тамаша, шофер Сүгірәлі, Микола, Дәу әже т.б. кейіпкерлер нанымды суреттелген. Қоқанбай сияқты жағымсыз образды жасауда автор тәжірибелілік көрсеткен. Романның оқиғасы қызық, тартымды оқылады.
Еділбаев 200-ден аса шығарманың авторы. "Сезікті секіреді" (комедия, 1969), "Әке мен бала" (драма, 1970), "Жалғасқан жүректер" (драма, 1976), "Қоштасқым келмейді" (драма, 1981), "Дәу әже" (1983), "Келіншектің кереметі", "Бір күннің оқпғасы", "Сағыныш сазы" секілді пьесалары облысы, респ. драма театрларында койылған. «Ұлы Уақыт» Шіркін уақыт сырға толы қандайсың? Бір сыдырғы жылжуыңнан танбайсың. Кірпік қағар уақыттарды есептеп, Ғасырларды ғасырларға жалғайсың. Өткен ізге мақтанышпен қараймын. Тасқындаған табысымның мөлшерін, Күнмен емес, сағаттармен санаймын. Үлкен белес – өткен жылғы уақытым, Болды айғағы алып күштің, қуаттың. Миллион гектар айдынында дән сүйді, Көк тамшысы, ашық ауа, шуақ күн Жоғары шық, жаңа жылым қонағым, Құшағыңда сенің өсіп, толамын. Ашсаң да есік аязды түн ақ қарда, Жүрегімді ыстығыңмен орадың. Аппақ жүзің ақ күмістей нұрланды. Қосылды да миллион дауыс ырғағы, Ұлылығың, қасиетің жырланды. Таңдандырмақ тағы сенің табысың, Аз емес қой алдымызда тағы сын! Партия айтса орындаймыз бәрін де, Ардақтаймыз уақыттың намысын! Жұмабек Еділбаев
Достарыңызбен бөлісу: |