Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


ДӘРІС 15. Литосфера. Жердің ішкі құрылысы. Геологиялық бедер түзуші процестер



Pdf көрінісі
бет85/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
ДӘРІС 15. Литосфера. Жердің ішкі құрылысы. Геологиялық бедер түзуші процестер. 

Эндогенді процестер. Топырақ туралы түсінік. Топырақ тірі организмдердің тіршілік 

ету ортасы. 

Мақсаты:  Студенттерге  литосфера,  геологиялық  бедер  түзуші  процестер,  эндогенді  және 

экзогенді процестер туралы білім беру. 

Литосфера  жердің    қатты  бөлігінің  сыртқы  қабаты,  ол  біртіндеп  заттектердің  беріктілігі 

азаятын сфераларға  өтеді, оның құрамына  жер қыртысы мен Жердің беткі мантиясы кіреді. 

Литосфера қалыңдығы  5-200 км, оның ішінде жер қыртысы құрлықта  50-70 км,  жазықтарда 

35-45  км,    тау  сілемдері  астында  70,    мұхит  астында    төменгі  шегі  5-10  км.  Литосфера 

қоршаған  табиғи  ортаның  ең  маңызды  бөлігі,  ол  көлеммен  ,  бетінің  пішінімен,  топырақ 

жамылғысымен,  өсімдіктерімен,  кен  қазбарымен,  халық  шаруашылығының  әр  түрлі 

салаларының  кеңістікте  орналасуымен  сипатталады.  Табиғи  күштер  мен    адамның  іс 

әрекетінің нәтижесінде  уақытқа байланысты  литосфера жағдайы өзгеріп отырады.   

Жер  қабатының  үстінгі  қабатын  топырақ  дейді.  Топырақ  –  ол  аналық  жыныстардың,  ауа 

райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестегі 

нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық – тарихи дене. 

Топырақтың  ең  маңызды  қасиеттерінің  бірі  оның  құнарлығы,  яғни  өсімдіктердің 

органикалық  және  минералды  қоректі  затттектермен  қамтамасыз  ету  қабілеті.  Топырақ 

құнарлығы оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты келеді. 

Топырақ  үш  фазадан:  қатты,  сұйық  және  газ  тәрізді  заттектерден  тұратын  орта.  Ол  ауа 

райының,  өсімдіктердің,  жануарлардың,  микроорганизмдердің,  бастапқы  жыныстардың 

күрделі  өзара  әрекеті  нәтижесінде  түзіледі,  дамиды  және  дербес  табиғи  түзілу  болып 

табылады. 

Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғалымы В. В. Докучаев (1846  – 1903 ж. ж.) 

қалады.  Ол  бірінші  рет  «топырақ»  және  «топырақ  құрылымы»  ұғымдарының  анықтамасын 

береді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты. 

В.  В.  Докучаев  топырақ  түзілу  процесінің  бес  факторға  байланысты  екенін  анықтады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет