Ұлттық құдылыққа негізделген мектеп моделі» жобасы
Жобаны дайындаған: Аманжолова Тана Тастанқызы Ыбырай ізімен Ыбырай ізімен Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектеп Алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіп Жасымда қойылған ат адам Жүсіп, Жұрт кеткен сүйгенінен Мəшһүр десіп. Қолыма қағаз, қалам алған шақта, Кетемін қара сөзге желдей есіп, Жасымда қойылған ат адам Жүсіп, Жұрт кеткен сүйгенінен Мəшһүр десіп. Қолыма қағаз, қалам алған шақта, Кетемін қара сөзге желдей есіп, Алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіп Мен жарқын болашақтағы мектебімнің моделін осылай елестетемін. Дамып келе жатқан мемлекетімізге қазіргі заманғы біліммен қаруланған, іскер, шығармашыл, өзі таңдау жасай алатын, елінің тағдырына, әлеуметтік-экономикалық гүлденуіне ат салысатын оқушылар тәрбиелейтін қазақы болмысымызға тән үлкен үлгілі мектеп. Ғимараттың сыртқы құрылысы да ұлттық нақышта болғанын, жан-жағын көркем бақшалар мен ұлттық нақыштағы бейнелердің көрінісі көркейткенін қалар едім! Жоба тақырыбы: «Мектеп-білім мен тәрбиенің тірегі»
Жоба мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері: 1) Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, тұлғаны патриотизмге, Отанына адал қызмет етуге және оның мүдделерін қорғауға тәрбиелеу;
2) Тұлғалық қасиеттерді дамыту; бәсекеге қабілеттілікті, сын тұрғысынан ойлауды және функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өздігінен шешу қабілетін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау;
3) Білім алушыларды еңбекқорлыққа жетелей отырып, бойында өзін-өзі тану, өз-өзіне баға беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен даму, әлеуметтік жауапкершілік және әлеуметтену дағдыларын қалыптастыру;
4) Білім алушылардың да, ұжымның да табыстылығын және денсаулығы мен жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету үшін, мектептің эмоционалды ахуалын жақсарту, білім беру ортасын дамыту;
5) Оқу-тәрбие процесінде ата-аналардың қатысу рөлін арттыру;
Жобаның өзектілігі: Ұлттық құндылықтар негізіндегі мектеп жобасының тиімділігі: оқушы бойына заманауи технологияларды меңгертуде, рухани адамгершілік-қасиеттерін дамытуда, өз тарихымызды сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор екенін дәріптеу.
Ұлтымыздың әдет – ғұрпы мен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау. Ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту. Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады.
Жобаның болжамы: -Ұлттық құндылықты бойына игерген тұлға қалыптастыру;
- Бүгінгі ұрпаққа берілетін тәрбиеден күткен нәтижеге қол жеткізу;
-Ұлттық тәрбиені қаз-қалпында атадан балаға ұластырудың сабақтастығын тұрақты сақтау.
Қазіргі таңда қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында.
Менің алға қойған мақсаттарымның бірі – өзім білім алған ұстаздарым секілді білімді де білікті маман болу. Мұғалім – мектеп жүрегі болса, оның беделі–мектептің беделі. Ал, мектеп – мемлекеттің басты тірегі. Елбасымыз, Н.Назарбаевтың айқанындай «Қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күшжігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ»