|
Жол сапары мен практика барысында ерте тұрып, уақытында кешкі ұйқыға жатады
|
бет | 1/2 | Дата | 18.11.2023 | өлшемі | 32,75 Kb. | | #124535 |
| Байланысты: ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ (копия)
Жол сапары мен практика барысында ерте тұрып, уақытында кешкі ұйқыға жатады;
қоғамдық орында сағат 22.00 кейін тыныштық сақтайды;
уақытша орналасқан ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды;
өзінің шыншыл, адал және иманды мінез-құлқымен үлгі болады;
өзі үлгі бола отырып, ұжымда ынтымақ-бірлікті, моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға үлес қосады;
практика барысында жеңіл, шапшаң қозғалыс-қимылға лайық киінеді;
практиканың бағдарламасындағы көрсетілген барлық оқу және қоғамдық жұмысты жауапкершілікпен орындайды;
жеке бас қауіпсіздігі ережелері қағидаттарын қатаң сақтап, практика жетекшісінің тапсырмаларын уақытында зор жауапкершілікпен орындайды;
қоғамдық орындар мен көлікте (поезд, автобус) тазалық, тәртіп сақтайды;
қоғамдық орындар мен көлікте (поезд, автобус) бөгде адамдармен қарым-қатынас жасамайды;
поездағы сапар барысында вагондар арасында бос жүріске салынбайды;
темір жол аялдамаларында жеке бас қауіпсіздігі мақсатында бей-берекет тамақ сатып алмайды;
темір жол аялдамаларында перроннан ұзап кетпейді;
сапар барысында жолсерік ескертулерін тыңдап, орындайды;
кездейсоқ көлікке мінуге қатаң тиым салынады;
практика жетекшісінің рұқсатынсыз ешқайда шықпайды;
жеке басындағы кез-келген тосын жағдай туралы практика жетекшісін хабардар етеді;
әлеуметтік желілерде тексерілмеген, дәйексіз немесе әдепсіз ақпаратты таратпайды;
сапарға күнделікті жеке бас гигиенасына қажет құралдары мен ас ішетін ыдыстарын және дәрі-дәрмегін алып шығады;
жол сапары мен практика барысында алкогольдік ішімдік түрлері мен есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға қатаң тиым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|