Жоспар: Ас қорыту мүшелері және олардың қызметі



Дата07.05.2023
өлшемі23,34 Kb.
#90875

№ 7. Дәріс тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің жас ерекшеліктері. Зат пен энергия алмасуы. Тағам гигиенасы
Жоспар:
Ас қорыту мүшелері және олардың қызметі.
1.Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері.
2.Қарындағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері.
3.Ішектегі ас қорыту және оның жас ерекшеліктері.
4.Іш, ішек ауруларының алдын алу
Ас қорытудың маңызы. Организмнің қалыпты тіршілігі үшін, оның өсуі мен дамуына ретімен белоктар, майлар, көмірсулар сияқты органикалық қоректік заттар, сондай-ақ минериалды заттар, витаминдер мен су келіп орыру керек.
Ас қорытуы деп қоректік заттардың физикалық, химиялық өңдеуден өтіп олардың организм де сорылып, қанмен таралып, организмге сіңуін айтады.
Ауыз қуысында қөректік заттар ұсақталады. Адам сілекейі құрамында органикалық зат мутцин болады. Ол ұсақталған қоректік заттардың ылғалданып, өңештен кедергізіп өтіп кететін жылпылдақ түйірге айналады. Өңеш ұзындығы адам өсуіне байланысты ұзарып отырады. Ол жаңа туған нәрестеде 10 см болса, 5 жаста 16 см, 15 жаста 19 см, ал ересектерде 25 см ге дейін жетеді. Сілекеғй бездері балада туған кезде жұмыс істей бастайды. Бірақ оның мөлшері алғашқы айларда аз болады.
Жасы асқан сайын сілекей мөлшері ұлғая түседі. Тәулігіне балалардан 800 см3 ке дейін сілекей бөлінеді.
Ас қазанда ас қорытылуы. Қарының құрылысы да, көлеміде жасқа қарай өзгеріп отырады. Ондағы бұлшық ет қабаты жас балаларда нашар дамыған. Ас қазанның безді бөлігінің дамуы негізінен 7 жаста дамып бітеді. Десекте толық қалыптасуы жыныстық жетілуі кезінде болады.
Қарын асты безі немесе ұйқы безінің массасы мен көлемі 1 жастан 8 жасқав дейін өседі. Оның секрет құрамы да өзгереді. Оның белок қорыту активтілігі балалар еметін кездің өзінде күшті болады. Ол жас асқан сайын ұлғаяды. 4-6 жасқа жеткенде шегіне жетеді. Липозаның активтілігі 1 жастың соңына дейін ұлғайып, 9 жасқа дейін сол қалпын сақтайды. Көмірсуларды ыдырататын ферментер активтілігі бірінші жылы 3-4 есе артса, максимум активтілігіне 9 жаста жетеді. Ас ќорту он екі елі ішек өте маңызды рөл атқарады. өт бөлуді балалар организімі туылғаннан күннен бастайды. Ол бөлінген өт уыз бен ана сүтінде эмуляция майларын ыдыратуға жеткілікті болса да, өсе келе мектепке барғанша, төменгі кластарда ол азая түседі. Сөйтсе де ересектерде ол қайта көбейе түседі. Ересек балаларда өт от қапшығына жиналатын болады.
Балалар ішегінде бастапқыда бұлшықет қабаты нашарлау дамиды. Сонысына орай балалар ішегінің перисталтикасы осалдау, балалардың іші қатып қалатыны содан. Балалар ішегі ересектермен салыстырғанда салыстырмалы түрде ұзындау. Ересектерде ішектері денесінен 4-5 есе ұзын болатын болса, балаларда 6 есеге дейін ұзын болады. Әсіресе балалар ішегі 1-3 жаста олар аралас қоректенетін кезде қарқынды өседі.
Іш, ішек ауруларының алдын алу . Іш аурулары әр түрлі ауырлықта өтеді. Балаларда жиі кездесетін іш аурулары, сүзек, паратиф аурулар.
Алдын алу шараларынан атап айтсақ: тамақтан алдында қолды мұқият сабындап, тазалап жуу; жер алдында көкөністер мен жемісті де тазалап жуып жеу, әсіресе оларды пісірмей жегенде көп көңіл бөлу керек; зарарсыздандырған таза су не қайнаған су пайдалану; пайдаланылатын ыдыс- аяқты тұрақты түрде таза ұстап, оқтын-оқтын зарарсыздандырып тұру; кухня қалдықтарын сақтау тәртібін орындау; үйде болатын шыбын, тарақандарды болдырмау сияқты шараларды орындау болып табылады.
Зат алмасу тірі табиғаттың ероекше маңызды және организнің негізгі қызметі. Зат алмасу барсында организмге түрлі қуаты бар қоректік заттар, тұздар мен су кіреді де, бұл заттардың ыдыраунан пайда болған денеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі үлпалардың клеткалардың өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге еңген заттарды өздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.
Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезеңінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар ересек адамда ғана теңеседі. Ал қартайғанда, керісінше диссимиляция ассимиляциядан басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауыруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайлардың әсеріне байланысты бұзылады.
Организмде белоктар алмасуы.
Энгенльс айтып өткендей “Тіршілік-белокты заттардың болуы ”. Шындығында тіршілік бар жердің бәрінде құрамында азот кіретін белокты заттар.
Оны ешқандай басқақоректік заттармен алмастырып болмайды.
Балалар организмінде тұрақты түрде өсу мен қалыптасу процесі қарқынды жүріп отырады. Осыған орай ересектермен салыстырғанда балалар организміне белок тұрақты түрде керек қорек.
Балалар организмнің 1 кг массасына 1 жасқа дейін 4-5 гр , 1-3 жаста-4-4,5 г, 6-10 жасында 2,5-3 г, 12 жастан жоғары- 2-2,5 г, ал ересек организмге 1,5-1,8 г белок талап етіледі. Олай болса 1- 4 жасар балаларға тәулігіне 30-50 г, 4-7 жаста 70 г, 7 жастан бастап 75 – 80 г болу керек. Осылай болғанда организмге азот максимум жинақталады.
Белоктар организмде қор ретінде жиналмайды, сондықтан да артық белок организде синтезделмейді. Мұндайда балалардың тәбеті нашарлап, организмдегі қышқыл – сілті баланысы, тепетеңдігі бұзылады, артық азот зәр мен нәжіс арқылы шығып отырады. Балалар жейтін белок мөлшері оптимум, ондағы амин қышқылдары толық болуға тиіс.
Балалық шақтағы май алмасуы ерекшеліктері. Май цитоплазма, ядро, құрылымдары мен клетка мембранасының, әсіресе нерв клетаксының негізгі құрамды бөлігі болып табылады. Организмде керекті майдан артығы қор заты ретінде денеге жиналады.
Бірқатар линол, линолен және арахидон сияқты толықпаған май қышқылдары организмде жасалына алмайтындықтан күнделікті тамақ арқылы келіп отыру керек. Тоглықпаған май қышқылдары өсімдік майлары құрамында, әсіресе зығыр мен кендір майларында мол болады. Ал линол қышқылы күнбағар майында мол. Құрамында өсімдік майы болатын маргарин балалар үшін бағалы.
Май мен бірге организмге майда жақсы еритін А, Д, Е витаминдері мол. Ересек организмге 1 кг массасына сәйкес күніне 1,25 гр май келіп отыру керек, немесе 80-100 гр.
Май организмде толық ыдырағанда су мен көмір қышқыл газға айналады.
Балалр бірінші жарты жылда қажетті қорегінің 50% -ін май арқылы қанағаттандырады. Майсыз жалы да, арнайы да имунитет түзілуі мүмкін емес. Балалардың май алмасуы тұрақсыз, организмге көмірсулар жетіспегенде, не олар көбірек шығындалып жатқанда организмдегі май қоры жылдам азая бастайды.
Май сіңірілуі балалар организмде қарқынды жүреді. Емізулі кезінде келетін майдың 90 % -іне дейін қорытылса, ересек балаларда ол 95-97 %-не дейін қорытылады.
Май балалар организмінде жақсы сіңуі үшін қорекпен жеткілікті мөлшерде көмірсулар келіп отыруы керек. Олай болмағанда майлар толық тотықпайды да, организмде алмасудың қышқыл өнімдері жинақтала бастайды.
Балалар жас болған сайын олардың 1кг массасына керекті май мөлшері жоғары. Ал жасы өскен сайын балалар организміндегі абсалют май мөлшері жоғары болады.
Балалар организмінде көмірсулар алмасуы және оның ерекшеліктері.
Көмірсулар негізгі қуат-энергия көзі болып табылады. Астық тұқымдастарда, картопта көмірсу мол. Сондай көкөніс пен жемістер де көмірсуға бай. Олар ас қорыту трактында глюкозаға дейін ыдырап, қан арқылы дене клеткаларына таралады. Клеткаларға керекті глюкозадан артығы бауыр мен бұлшықеттерде гликогенге айналады. Онда олар глюкоза жетіспегенге қайта глюкозаға айналдырылады. Көмірсулар жетіспегенде олар май және белоктардан да жасалынады. Көмірсулардың жетіспеуіне әсіресе нерв тканы шыдамсыз. Қанқада шамалы глюкоза азайса болды организм тез шаршайтын болады, бас айналады. Егер қант жетіспеуіне айтарлықта болса вегетативті нерв жүйесі жұмыстары бұзылып, организм тырысып, естен танады. Көмірсулардың ыдырауы оттегі бар жерде де, жоқ жерде де, жүзеге асады. Олар толық ыдырағанда су мен көмірқышқыл газға айналады. Көмірсулар тез арада ыдырап, тотыға алады. Ол энергия қажеттілік туғанда, күрт көңіл-күй өзгергенде, қарқынды бұлшықет жұмысы кезінде жүзеге асады. Ұзаққа созылған спорттық жарыстарда қатты шаршағанда бірнеше түйір қант жесең организм жағдайы жақсарып қалады.
Көмірсулар организмінде тек энергия көзі ғана емес. Ол нуклеин қышқылдарының, цитоплазманың құрамына кіреді. Демек ол организм қарқынды өсу кезінде керек болады.
Балалар организмі өсіп, дамып келе жатқанда көмірсулар энергетикалық организм сұраныстарын қанағаттандырып ғана қоймай, олардың организмміндегі клетка қабықшаларының түзілуіне, дәнекер тканы заттарның құрамына еніп пластикалық та қызмет атқарады. Көмірсулар белоктар, майлар алмасуы тотығуларына қатысады. Осының арқасында ғана организмдегі қышқыл-сілті тепетеңдігі сақталады.
Балалар организмінің қарқынды дамуы белок пен май сияқты пластикалық заттарды көп қажет ететді. Сондықтанда балалар организмінде көмірсулардың белок пен майдан жасалуы жоқтың қасы.
Көмірсуларға балалар организмінің сұрансы мол; 1 кг массасына 10-12 г көмірсу керек. 1-3 жасар болғанда 193 г, 4-7 жастағыларға –287 г, 9-13 жастағыларға –370 г, 14-17 жастағыларға –470 г, ересек организмдерге 500 г-дай тәулігіне көмірсу керек.
Су-тұз алмасуы. Су мен тұз организмде энергия көзі болмағанмен олардың организмге келіп және шығарылуы қалыпты тіршілік шарты болып табылады. Себебі организмде болатын барлық тіршілік процестері сулы ортада жүреді. Су қоректік заттарды ерстеді, минералды тұздармен бірге клетка түзілуіне және де басқа алмасу реакцияларына қатысады. Су мен тұз қан пласмасының, лимфаның, ткан сұйығының негізгі құрамды бөлігі болып, организмнің ішкі ортасын түзеді. Су буланып дененің шектен тыс қызып кетуден сақтайды, демек температураны реттеуге қатысады. Барлық ас қорыту секреттерінде су мен тұз болады. Су ересек адамдар денесінің 65% -ке дейін массасын, ал балалардың 75-80 % -ке дейін массасын құрайды. Әсіресе су қан құрамында көп, 92 % -тейін құрайды. Адам тамақсыз ұзақ уақытқа шыдаса да, сусыз көпке шыдай алмайды. Температура қоршаған ортада қалыпты болған жағдайда, қалыпты тамақ ішкенде ересек адамдар үшін күніне 2-2,5 л су қажет. Оны адамдар ішкен сумен, тамақтармен бірге (1 л шамасында), сон дай-ақ зат алмасу кезінде пайда болған сулар арқылы (300-350см2) қанағаттандырады. Су негізінен организмнен бүйректер, тер бездері, өкпе, ішек арқылы шығарылады. Адамдар тәулігіне 500-700см3 су шығарады. Қалыпты температура менада ылғалдылығы кезінде 1см2 –тері бетінен 10 минут ішінен 1мг су бөлініп шығады.

Өкпе қалыпты жағдайда тәулігіне 350см3 су шығарса, тыныс жиілеген кезде 700 –80 см3 қа дейін жетеді.

Нәжіс арқылы ішектен күніне 100-150см3 су шығарылады. Ас қазан бұзылғанда оның мөлшері көбейіп кетуі мүмкін. Организм қалыпты тіршілік жасау үшін оның шығынданатын су мөлшері қоршаған ортадан түсіп отыруы керек.

Егер шығарылатын су мөлшері енетін Судан аз болса організм шөлдей бастайды. Шығарылатын су мен енетін судың арақатынасы су баланысы деп аталынады. Бала організмі суды тез жоғалтып, тез сіңіріп алады.

1 кг массасына қажетті су мөлшері жасы жоғарылаған сайын азая түседі. 3 айлық балаға 1 кг массасына 150-170 г су керек, 2 жаста –95 г, 12-13 жаста –45 г су керек. 1 жасар бала күніне 800 мл, 4 жасар 950-1000 мл, 5-6 жасар –1200 мл, 7-10 жасар –1350 мл, 11-14 жасар балаларға 1500 мл су қажет. Организм тұрақты түрде тұздарды қажет етеді. Натрий, калий, хлор бар тұздар тітіркеністерді қамтамасыз етеді. Сүйектің өсуі мен дамуына да минерал заттар айтарлықтай қажет. Минералды заттар қан қышқылдығын (рН) анықтайды, жүрек пен нерв жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етюді. Минералды заттар гемоглобин түзілуіне, қарын сөлдерін дегі тұз қышқылының түзуге қатссады. Минерал заттар клеткаға керекті осмос қысымын жасайды.


Витаминдер және оның маңызы. Витаминдер органиизм қалыпты жұмыс істеу үшін керек органикалық заттар. Олар көптеген ферменттердің құрамына кіреді. Осының өзі- ақ олардың зат алмасудағы маңызын көрсетеді. Витаминдер гормондар әсерін күшейтеді, организмдердің инфекцияға, жоғары, төмен температура әсерлеріне тағы сол сияқтыларға төзімділігін арттырады. Витаминдер өсудің қарқынды жүруін, травма, операциядан кейін ткандар мен клеткалардың қайта қалпына келуі үшін қажет-ақ.
Витаминдердің ферменттермен гормондардан ерекшелігі көпшілігі организмдерде түзілмейді. Олардың негізгі көзі – көкөніс, жемміс –жидектер. Сондай-ақ витаминдер сүтте, етте, балоықщтарда мол. Витаминдер организмге өте аз мөлшерде қана керек. Бірақ, соның өзінде олар болмаса соған байланысты ферменттер түзілмейді.
Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витамин жет- іспеуінен болатын ауыр аурулар. Организм қалыпты дамып жетілуі үшін мына витаминдер керек:
Витамимн В1-тиамин, не аневрин. Ол орман жаңғақтарында, қабығына ажыратылмаған күріште, ірі тартылған ұнда, арпа, тары дәндерінде болады, әсіресе сыра ашытқыларымен бауырда мол. Тамақта витамин В1 жетіспегенде бери –бери кеселіне шалдығады. Аурудың тәбеті болмай, тез шаршап қалады, аяқтары әлсірейді. Одан әрі аяқтарының бұлшық еттері сезімнен қалады. Есту, көру нервтері зақымданады, сопақша ми мен жұлоын клеткалары істене шығып, аяқтары паралечке айналады. Уақытылы емделмесе өледі.
Витамин 2- рибофлавин. Нанда, гречкада, сүтте, жұмыртқада, бауырда, етте, таматта болады. Адамға осы витамин жетіспегенде терілері әсіресе еріндерін жара басады. Жарылып су шығады. Ол жерлер қара қабыршақтанады. Кейінірек көздерінде жара басып қабыршақтары түсе бастайды. Одан әрі ісікті қан жетіспеуі нерив жүйесі зақымданады, күрт қан қысымы төмендейді, организм тырысып, естен танады.
Витамин РР –никотинамид. Көкөністерде, сәбіз, картоп, бұршақ, ашытқы, гречка, қара нанда, нанда, сүтте, етте, бауырларда болады. РР авитаминозы кезінде аузы ғыжылдап, сілекей мол бөліне бастайды, іші өтеді. Тілдері қызарып кетеді. Қолдарын мойындарын, беттерін қызыл теңбіл басады. Терілері кедір бұдыр болып кетеді, осынысына орай оны “пеллагра” деп атаған. Ол италянша кедір- бұдыр деген сөз. Ауру асқынғанда адамдардың еске сақтау қабілеті нашарлап, психоз, галлюцинация пайда болады.
Витамин В12- цианкобаламин. Адам ішегінде синтезделеді. Сүт қоректілердің бүйректерінде, бауырларында және балықтарда болады. Ол организмде жетіспеген ісік қан азайуы пайда болады. Қандағы эритрациттер азай ып кетеді.
Витамин-аскарбан қышқылы. Көкөністе, жемістерде, ағаш қылқандарында, бауырда кең тараған. Олар ашытқан капустада жақсы сақталады. 100 г қылқанда 250 мг, ал ит мұрын-шиповникте-150 мг витамин С болады. С витаминінің жетіспеуі цинга ауруының пайда болуына әкеп соқтырады. Ауру жалпы мазасы болмай, қысылып жүруден басталады. Терілері нашар түске енеді, иектері қанталап, тістері түсе бастайды. Денелерінде қан жиналып, қарадақтар пайда болады. Бірқатары ашылып, қатты ауыртады. Ертеректе цингадан көп адам қырылған. Витамин А-ретинол,аксерофтол. Адам организімінде А витамині табиғатта кең таралған провитамин каротиннен түзіледі. Каротин жаңа жұлынған сәбізде, помидорда, салатта, өриікте, балық майында, сары майда, бауырда, бүйректе, жұмыртқа сарысында мол.
А витамині жетіспегенде балалардың өсуі баяулайды, “намазшам көр ” ауруы пайда болады. Оның алдын алмаса түбегейлі соқырда болып қалуы мүмкін.
Витамин Д –эргокальциферол. Олжұмыртқа сарысында, сүтте, балық майында болады. Балаларда кем таралған кеселдің бірі рахит. Бұл кесел кезінде сүйек дұрыс дамыып қалыптаспайды. Бас сүйегі гипертрофиялық шүйде, маңдай төмпешіктері пайда болады. Селсоқ, боп-боз, басы қазандай ауру балалардың ақыл-есі де жөнді дамымай қалады.
Д витамині жетіспеу ауыр ауытқулар туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет