Еңбек гигиенасы. Пән, мазмұны, міндеті, әдістері. Еңбек гигиенасы маманы жұмысын ұйымдастыру және мазмұны. Еңбек гигиенасы саласындағы ескертпелі және ағымдық санитарлық қадағалау.
Жоспар
Еңбек гигиенасы пәні, мазмұны, міндеті, әдістері;
Еңбек гигиенасы маманы жұмысын ұйымдастыру;
ескертпелі және ағымдық санитарлық қадағалау.
Еңбек гигиенасы – еңбек жағдайының және қоршаған өндірістік орта факторларының еңбек етуші жұмысшылардың ағзасы мен денсаулық жағдайына тигізетін әсерін зерттейтін профилактикалық медицина ғылымының бір бөлімі. Өндірістегі гигиеналық зерттеулердің негізгі мақсаты денсаулықты сақтау, кәсіптік ауруларды болдырмау және өндірістік үдеріс барысында жұмысшылардың тиісті еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында аса қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған санитарлық-гигиеналық ұсыныстарды шығару болып табылады.
Еңбек гигиенасы өндірістегі еңбек жағдайларын зерттейді.
Еңбек жағдайлары - әлеуметтік-экономикалық үрдістердің әсерімен қалыптасатын өндірістік факторлардың жиынтығы болып табылады.