Жалпы ұйқы артериясы Жалпы ұйқы артериясы – 3 ден – 4-ші қолқа доғалары бойында вентралды қолқадан дамиды; оң жағында truncus brachiocephalicus-тен, сол жағында қолқа доғасынан шығады. Жалпы ұйқы артериялары кеңірдек және өңештің жағымен жоғары қарай жүреді. Оң жақ жалпы ұйқы артериясы сол жақтағы-дан кысқалау, өйткені, сол жақ ұйкы артериясы екі - кеуде (қолқа доғасынан сол жақ төс-бұғана буынына дейін) және мойын бөлімдерінен, ал оң жақ ұйқы артериясы тек мойын бөлімінен тұрады. Л.carotis communis, trigonum caroticum-re өтіп, қалқанша шеміршек немесе тіласты сүйегі денесінің деңгейінде өзінің соңғы тармақтарына: a. carotis externa et a. carotis interna-ға (бифуркация) бөлінеді. Қан ағуды тоқтату үшін жүзік тәрізді шеміршектің төменгі жиегі деңгейінде, жалпы ұйқы артериясын VI мойын омыртқасының - tuberculum caroticum-ына. батырып қысады. Кейде сырткы және ішкі ұйқы артериялары ортақ сабаумен емес, жеке-жеке қолқадан шығады, бұл олардың калай дамитындығын көрсетеді. A. carotis communis сабауының бүкіл ұзына бойынан оның қасында өтетін тамырлар мен нервтср үшін ұсақ ұсақ тармақтар vasa va-sorum және vasa nervorum-дар кетеді, бұлар, мойында жанама қан айналымының дамуы үшін белгілі бір қызмет атқарады.
Сыртқы ұйқы арериясы Сыртқы ұйқы артериясы - a. carotis externa бас пен мойынның сыртқы бөліктері қанмен қамтамасыз етеді. Сыртқы ұйқы артериясы басталған жерінен жоғары көтеріліп, in. Digastricus-ің артқы карыншасы мен т. stylohyoideus-тің артқы бөлігінін ішкі жағынан құлаққасы безін тесіп өтіп, төменгі жақ өсіндісінің мойынды өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді. Олар алдыңғы, ортаңғы жөне артқы топтарға бөлінеді.
Алдыңғы топқа жататын артериялар, қамтамасыз ететін ағзалардың дамуы және орналасуына байланысты, желбезек доғаларының туындылары болып табылады, атап айтқанда: калқанша без бен көмейдікі -a. thyroidea superior, тілдікі - a. lingualis, беттікті - a facialis. 1. A. thyroidea superior - жоғарғы қалқанша артериясы сыртқы ұйқы артериясының басталатын жерінен сәл жоғарыдан шығып, төмен және алдыға қарай жүріп, қалқанша безге келіп, сол жерде басқа қалқанша артерияларымен қосылады,
Жолында n. laryngeus superior мен ірге lig thyroidcum ды тесіп өтіп, тармақтарымен көмейдің бұлшыкеттерін, байламдарын және шырышты кабығын қанмен камтамасыз ететін a. laryngea superior-ді береді.
2. A. lingualis - тіл артериясы, тіласты сүйегінін үлкен мүйіздері деңгейінен шығып, т. hyoglossus-пен жабылған Пирогов үшбұрышы арқылы жоғары өтіп, тілге қарай келеді. Оған енгенге дейін тіласты сүйегіне, таңдай бадамшасыпа және тіласты безіне тармақтар береді. Тілге енгеннен кейін тіл артериясының сабауы - a. profunda linguae деген атпен тілдің ұшына дейін созылып, жолында тіл арқасына көптеген тармақтар - rr. dorsales linguae береді.
3. A. facialis - бет артериясы, алдыңғы артериядан сәл биіктеу Төменгі жақ бұрышы деңгейінен шығып, т. digastricus-тың артқы қарыншасынан ішке өтіп, т. masseter-дің алдыңғы жиегі түсында, төменгі жақтын жиегінен иіліп бетке өтеді. Бұл жерде, m. raasseter алдында, оны төменгі жаққа қарай кысуға болады (қан токтатканда). Одан әрі көздің медиалды бұрышына қарай жүріп, сол жерде ақырғы тармағы - a. angu-laria mil ішкі ұйқы артериясы жүйесінің тармағы - а. ophtalmica-дан кететін в dorsalis nasi-мен анастомоз құрады. Төменгі жақ арқылы иілгенге дейін жақын жатқан құрылымдарға: жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайға, таңдай бадамшаларына, төменгі жақасты безі мен ауыз көкетіне, сілекей бездеріне, иілгеннен кейін жоғарғы және төменгі еріндерге тармақтар береді.