КҮРІШ ДАҚЫЛЫ
Күріш дақылының пісу кезеңіндегі жер үсті мүшелерінің жалпы
көрінісі 1-суретте көрсетілген. Күріш бірнеше ерекшеленген жапырақтары
бар тарамдалған сабақтардан (қауыздардан) бұтақ құрап өседі. Бұтақтың
жоғарғы бөлігінде жеміс беретін мүшелері орналасқан.
Сұлы бұтағы – табанында диаметрі 3...4 мм және ұзындығы 0,6...1,1 м
болатын жіңішке қабырғалы қуыс түтікше сияқты, шашақпен бітетін қауыз.
Бұтаққа механикалық беріктікті қалыңдатылған жақтары немесе ішінде
бұтақты буынаралықтар немесе мүшелер қатарына бөлетін көлденең
аралықтары орналасқан түйіндері береді.
ӨСІМДІК ШИКІЗАТ
Ағаш емес өсімдік шикізатын целлюлоза алу мақсатында химиялық
өңдеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу шикізаттың химиялық құрамы туралы
ұғымға негізделеді. Өсімдік тіндерінің негізгі компонентеріне көмірсу
комплексі (гемицеллюлоза, целлюлоза), лигнин, сығып алынған және
минералды заттектер жатады.
Химиялық құрамы бойынша дәнді өсімдіктердің сабаны жапырақты
сүрекке жақын. 1-кестеде дәнді өсімдіктердің сабаны мен сүректің құрамы
зерттеу нәтижелері бойынша салыстырылып көрсетілген
ШИКІЗАТ ҚҰРАМЫ
Өсімдік шикізатының құрамы туралы әдебиеттерде берілген
мәліметтер сандық көрсеткіштер бойынша өзгешеленеді, ол әр түрлі
сұрыптарға және өну шарттарына байланысты. Сабанның көмірсулық кешені
гемицеллюлозаның (әсіресе пентозанның) жоғарғы мөлшерімен сипатталады,
сондықтан одан жасалған талшықты жартылай дайын өнімдер оңай үгітіледі
және жақсы қағаз жасаушы қасиетке ие. Сабанда гексозан мөлшері әлдеқайда
азырақ. Құрамындағы целлюлозаның мөлшеі бойынша жапырақты ағаш
түрлеріне жақын. Сабан гемицеллюлозасының негізгі полисахаридтері болып
глюкороноқышқылдар табылады, оның молекулалары D-ксилозаның
қалдықтарынан құралған және L-арабиноза мен D-глюкурондық қышқыл
немесе 4-0-метил-Б-глюкурондық қышқылдардың аз мөлшері бар.
ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Күріш өндірісіндегі қалдықтар басқа барлық дәнді дақылдардың
қалдықтарынан химиялық құрамы бойынша ерекшеленеді, ең алдымен сабан
мен қабығында аморфты кремний диоксидінің көп мөлшерде болуымен.
Сондықтан сабан мен қауыздың жылу шығару қасиеті сүрекке немесе басқа
дәнділердің (мысалы, сұлы мен қарасора) сабаны мен қабығына қарағанда
төменірек, ал жағу кезінде қолдану мүмкіндігі шектелген майда дисперсті
күл көп мөлшерде пайда болады. Сабан мен қабықтан жасалған азықтың
немесе тыңайтқыштың сапасы кремнеземның жоғарғы мөлшеріне
байланысты да өте төмен. Күріш қалдықтарын ұсату түрпілігіне байланысты
жабдықтың тез тозуына алып келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Волокносодержащее сырье солома, содержание целлюлозы,
химический состав растительного сырья [Электронный ресурс]. – Режим
доступа: http://straw-house.ru/voloknosoderzhaschee-syre-soloma-s.
2 Косточко А.В. Получение и исследование свойств целлюлоз из
травянистых растений [Текст] / А.В. Косточко [и др.] // Вестник Казан.
технол. ун-та. – 2010. – № 9. – С. 267-275.
3 Технология бумаги [Текст] / С.Н. Иванов – М., 2006. – 696 с.
4 Fedenko, J. Biomass production and composition of perennial grasses
grow for bioenergy in a subtropical climate across Florida, USA [Text] / J.R.
Fedenko [et al.] // Bioenergy research. – 2013. – № 6. – Р. 1082-1093.
5 Cellulose science and technology [Text] / Wertz, Jean-Luc [et al.] –
Lausanna: EPFL press, 2010. – 364 p.