Құрамы және оның маңызы Топырақтың минералды бөлігінің құрамы Топырақтың гранулометриялық құрамы, жіктелуі, маңызы



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі15,85 Kb.
#125895
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
№3 дәріс


3-Дәріс
Топырақтың минералды бөлігі, гранулометриялық құрамы және оның маңызы

1. Топырақтың минералды бөлігінің құрамы


2. Топырақтың гранулометриялық құрамы, жіктелуі, маңызы


1. Топырақтың минералды бөлігінің құрамы
Топырақ төрт фазадан тұратын күрделі табиғи дене. Оның құрамы қатты, сұйық, газ және әр түрлі организмдерден тұратын тірі фазаларға бөлінеді.
Топырақтың қатты фазасы оның негізгі бөлігін құрайды. Қазақстанның көпшілік топырақтарының минералдық бөлігінің үлесі 95-98% құрайды, ал қалған бөлігі органикалық заттардан тұрады.
Шымтезекті топырақтардан басқа топырақтардың басым бөлігін біріншілік және екіншілік минералдар құрайды. Біріншілік минералдар тау жыныстарының үгілуінен пайда болады. Ал екіншілік минералдар біріншілік минералдардың әр түрлі үгілуінен және топырақ пайда болу процестерінің әсерінен пайда болады. Біріншілік минералдардың диаметрлерінің размерлері 0,001 мм-ден ірі, ал екіншілік минералдар 0,001 мм-ден кіші болып келеді.
Топырақта біріншілік минералдардың мөлшері екіншілік минералдардан артық болады. Оларға кварц, дала шпаттары, амфиболдар мен пироксендер слюдалар және тағы басқалар жатады. Бұл минералдардың топырақ құрамындағы мөлшері әр түрлі, себебі ол үгілу процесінің қарқынына байланысты. Мысалы: үгілу процестеріне төзімді кварцтың топырақтағы мөлшері 40-60%, ал дала шпаттарынікі 20%-ды құрайды. Олар әртүрлі мөлшерде ірі құм, шаң бөлшектердің құрамында кездеседі. Ал амфиболдар, пироксендер және слюдалар үгілу процестеріне төзімсіз, сондықтан бұл минералдардың мөлшері топырақта аз болады және майда бөлшектер құрамында кездеседі. Біріншілік минералдар топырақтың агрофизикалық қасиеттеріне ғана әсер етіп қоймай, ондағы қоректік элементтердің қоры болып табылады.
Топырақ құрамына кіретін екіншілік минералдардың мөлшері біріншілік минералдарға қарағанда аз. Оларға: қарапайым тұздар демірдің, алюминидің тотық және гидрототықтары мен балшықты минералдар жатады. Қарапайым тұздарға біріншілік минералдардың үгілуі және топырақ құралуы процесінде пайда болған кальцит (СаСО3 ), магнезит (МgCO3 ), доломит ([Ca, Mg](СО3 )2 ), ғаныш (CaSO4 2H20), мирабилит (Na2 SO4 10H20), галит (Na Cl), фосфаттар, нитраттар жатады. Оксид және гидроксид минералдарға опал (SiO2 nH2O), бемит (Al2 O3 H2O), гематит (Fе2О3 ), гетит (Fe2O3 H2O), гидрогетит (Fe2O3 3H2O) және т.б. жатады.
Балшықты минералдарға екіншілік алюмосиликаттар жатады (nSiO2 . AI2O3 HO;) олар бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болған қарапа­йым өнімдерден синтезделініп пайда болады. Сонымен бірге өсімдік қалдықтарының минерализацияланып ыдырауы арқылы биогендік жолмен де пайда болуы ықтимал.
Көп тараған балшықты минералдарға монтмориллонит, каолинит, сулы слюда, хлоридттер және аралас қабыршақты минералдар жатады.
Монтмориллонит тобындағы минералдардың бөлшектері өте майда. Құрамында 60%-ға дейін коллоидты бөлшектер және көп мөлшерде размерлері 0,001 мм-ден кіші бөлшектер болады. Олардың сіңіру қабілеті – 100 г топырақта 80-100м-экв. Ылғалдылық қасиеттері қолайсыз. Өсімдіктерге тиімсіз ылғал қоры көп, ылғалданғанда ісінеді, ал құрғағанда тығыздалынып жарылады, су өткізгіштігі шамалы.
Каолинит тобына кіретін минералдар ылғалданғанда ісінбейді, өте майда бөлшектері шамалы. Сіңіру қабілеті 100 г топырақта 25 м-экв-тен аспайды. Каолинит тобындағы минералдары мол топырақтардың сіңіру қасиеті төмен болады, су өткізгіштігі жақсы және жабысқақтығы аз.
Гидрослюда тобына (немесе иллит тобына) жататын минералдардың сіңіру қабілеті 100 г топырақта 45-50 м-экв. болады. Олардың құрамында 6-8% калий тотығы кездеседі. Ылғалданғанда ісінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет