Жоспар:
Кіріспе
1 . Гидродинамика
2. Сұйықтар мен газдардағы денелердің қозғалысы
3.Сұйықтың ағын сызықтары мен ағын түтіктері
4.Ағынның түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 . Гидродинамика
Гидродинамика – сұйықтық пен газ механикасының ертеден келе жатқан әрі жақсы дамыған саласы.
Гидродинамика көмегімен сұйықтықтың жалпы қасиеттеріне механиканың негізгі заңдары мен тәсілдерін қолдана отырып, сұйықтық алып жатқан тұтас ортаның кез келген нүктесінің жылдамдығы, қысымы тәрізді өлшемдер анықталады.
Гидродинамиканың негізгі тәсілдері дыбыс жылдамдығынан (шамамен 330 м/сx1200 км/сағ) жылдамдығы төмен газ қасиеттерін зерттеу үшін де пайдаланылады. гидродинамика теория гидродинамика және эксперименттік гидродинамика болып екіге бөлінеді. Теориялық гидродинамикада сұйықтықтың жеке бөлшектері сұйық орналасқан тұтас ортаның материалдық нүктелері ретінде қарастырылады немесе сұйықтық алып жатқан кеңістіктегі жылдамдықтар өрісі зерттеледі. гидродинамика тұрғысынан алғанда сұйықтықтың ең басты қасиеті – аққыштық пен тұтастық. Сұйықтықтың газ тәріздес ортадан негізгі айырмашылығы – оның сығылмайтындығы. Мұндай сұйықтықтар үшін үзіліссіздік теңдеуі мен Навье-Стокс теңдеуі қолданылады. Тұтқыр сұйықтық қозғалысы қарастырылғанда, ағыс сипаттамасы болып табылатын өлшемсіз шама – Рейнольдс саны қолданылады. Эксперименттік гидродинамика тәсілдерінің қатарына сұйықтық қозғалысы мен оған шекаралас орналасқан қатты дене маңындағы ағысты кішірейтілген масштабта қайта жасап алуға негізделген модельдеу тәсілдері жатады. гидродинамиканың көптеген есептерін шешуге ұқсастық теориясы мен ұқсастық өлшеміне негізделген гидродинамикалық тәжірибелер де қолданылады. гидродинамика әдістері гидравлика, гидрология және гидротех. есептерін шығаруды, гидротурбинаны, сорғыларды, құбырларды, т.б. есептеуді табысты шешуге мүмкіндік береді. Әр түрлі жағдайдағы ламинарлық ағыс гидродинамикасы ҚазҰУ-да, ҚР Білім және ғылым министрілігінің Теория және қолданбалы математика институтында, Қазақ энергет. ғылыми-зерттеу институтында, ал турбуленттік ағыс гидродинамикасы жоғарыда аталған институттарда, сондай-ақ Алматы энергетика институтында, Қазақ архитектура-құрылыс академиясында (Б.Қ.Әлиаров, Б.П.Устименко, В.П.Кашкаров, Қ.Е.Жауғаштин, Ш.А.Ершин, З.Б.Сақыпов, т.б.) зерттелді. Арналық ағындар мен гидротехникалық құрылыстар гидродинамикасына байланысты зерттеулер Қазақ энергет. ғылыми-зерттеу институтында, Тараз су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында, ҚазҰУ-да, т.б. жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |