Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Өлшем және өлшемдер туралы ғылым Өлшеулер теориясының постулаттары Сандық ақпаратты алу және қолдану сұлбасы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет1/3
Дата06.03.2023
өлшемі190,53 Kb.
#72075
  1   2   3

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Өлшем және өлшемдер туралы ғылым
2 Өлшеулер теориясының постулаттары
3 Сандық ақпаратты алу және қолдану сұлбасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Өлшеу – адамның табиғатты танудың негізгі жолдардың бірі, ғылыммен өнеркәсіптер өлшемсіз өмір сүре алмайды. Әр секунд барысында дүние жүзінде көптеген өлшем операциялары өндіріледі. Олардың қорытындылары өндірілетін өнімнің техникалык деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін,транспорттың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін, медициналық және экономикалық диагноздар үшін қолданылады.Өлшеу – адамның табиғатты танудың негізгі жолдардың бірі, ғылыммен өнеркәсіптер өлшемсіз өмір сүре алмайды. Әр секунд барысында дүние жүзінде көптеген өлшем операциялары өндіріледі. Олардың қорытындылары өндірілетін өнімнің техникалык деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін ,транспорттың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін, медициналық және экономикалық диагноздар үшін қолданылады. Өлшеу қорытындысының жоғарғы әрі кепілді дәлдігінің мәні алынған шешімдерді дұрыс шешуді қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуы көптеген және әр-түрлі нақты өлшеулерді орындауға мүмкіндік береді. Ғылыми техникалық бағдарламалардың жоғарғы сапасы, өлшеу ақпараттары, дәлдігі, анықтылығы, қорытынды бағаларының принциптері мен әдістерінің бірегейлігі –бірінші деңгейлі мағына болып табылады.


1 Өлшем және өлшемдер туралы ғылым
Өлшем – заттың, нәрсенің сапалық және сандық сипаттарының диалектикалық бірлігін көрсететін философиялық категория. Диалектика теориясында өлшем оның негізгі заңдарының бірі болып табылатын сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге және керісінше, сапалық өзгерістердің сандық өзгерістерге өту заңының құрамына енеді. Бұл заң бойынша, қандай да болмасын объектінің сапасы мен сандық сипатының арасында терең байланыс бар. Өлшем берілген сапаның өзін сақтай отырып, сандық өзгерістердің шегін білдіреді. Бұл шектен асқанда объект сапалық өзгеріске ұшырайды, ал сапаның өзгеруі, жаңа сапаға өтуі өз кезегінде сандық өзгерістерге жетелейді. Сондықтан Гегель өлшемді “сандық сапа” немесе “сапалық сан”, яғни сапа мен санның бірлігі деп анықтаған.
Өлшемнің көлемі мен қолданысы контекстке және пән саласына байланысты. Жаратылыстану ғылымдары мен техникада өлшеулер объектілердің немесе оқиғалардың номиналды қасиеттеріне қолданылмайды, бұл Халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросы жариялаған халықаралық метрология лексикасының нұсқауларына сәйкес келеді. Дегенмен, статистика, сондай-ақ әлеуметтік және мінез-құлық ғылымдары секілді салаларда өлшемдер номиналды (nominal), реттік (ordinal), интервалды (interval) және арақатынастық (retio) шкалаларды қамтитын бірнеше деңгейге ие болуы мүмкін.
Өлшем сауданың, ғылымның, технологияныңжәне көптеген пәндердегі сандық зерттеулердің тіректасы болып табылады. Тарихта, адам өмірінің әртүрлі өрістері үшін көптеген өлшем жүйелері бірліктері түрлі салаларда салыстырма үшін қолданылған. Көбінесе ондай өлшемдік бірліктерге сауда серіктестігі, немесе серіктестер арасындағы келісімдер арқылы қол жеткізген. ХVIII ғ-дан бастап біртұтастыққа қарап дамудың арқасында, адамзат қоғамы қабылданған стандарттарға келісе бастады, нәтижесінде қазіргі заманғы Халықаралық бірліктер жүйесі(SI) пайда болды. Бұл жүйе барлық физикалық өлшемдерді жеті негізгі бірліктен тұратын математикалық комбинацияға дейін азайтады. Өлшеу ғылымы метрология саласында да жүргізілуде.
Қарапайым етіп айтқанда, өлшеу әдетте белгісіз шаманы белгілі, немесе стандартты шамамен салыстыру барысында анықтайды.Өлшенетін шама бірнеше рет бақыланады, одан алынған нәтижелер математикалық жолмен өңделеді және ең соңында өлшеудің жүйелік қателіктерін шығарып тастап, шаманың ақырғы мәні алынады. Өлшеу - берілген өлшем бірліктерінде өлшенер шаманың сандық мағынасын табу үшін өлшем құралдарымен орындалатын әрекеттер жиынтығы.
Өлшеу жүйесі — өзара арасы байланыс каналымен жалғасқан өлшеу құралдары мен қосымша құрылғылар (өлшеулер, өлшеу аспаптары, өлшеу түрлендіргіштері) жиынтығы; өлшеу ақпаратының сигналын автоматты өндеуге, беруге және автоматты басқару жүйелерінде пайдалануға ыңғайлы түрінде шығару үшін қолданылады. Өлшеу құралдары  — сыртқы және ішкі өлшемдерді (нониустық, межемен жабдықталған өлшегіш құралдар, микрометрлер, микрометрлік штихмастар), тереңдік пен биіктікті (штанген тереңдік өлшерлер, микрометрлік тереңдік өлшерлер) өлшеуге арналған, тетіктерді белгілеуге (штангенрейсмустар) арналған аспаптар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет