Статистика Қазіргі кезде «статистика»



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі26,46 Kb.
#12814
  1   2   3   4   5

Статистика

Қазіргі кезде  «статистика» деген сөзді  естімедім, білмедім дейтін адам сирек болар. Солай дей тұрсақ та, кейбіреулер «статистиканы» ешқандай маңызы жоқ, қаз-қатар сандар тізбесі деп түсінеді.  Мұндай ұғымды ұстанушылар-көрсетілген сандық көрсеткіштердің неге керек екенін білмейтіндер, оның мағынасын жетік түсінбейтіндер және өзі өмір сүріп жатқан елінің жетістіктері мен кемшіліктерін саралай алмайтындар. Шын мәнінде статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиыны. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімдар адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білуі керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, қанша хаықтың тұратындығы, оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамның қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері; халықты күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екендігі; олардың облыстар, аудандарға қалай бөлетіндерін біз біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана алауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет