Жоспар: Кіріспе Негізгі



Дата08.02.2023
өлшемі146,89 Kb.
#66297
түріПрезентация

Тақырыбы:Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар.
Презентация
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі
1.Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар.
2.Газет,журналдардың ұлт үшін мамаңызы.
3.М.Сералин,С.Көбеев,С.С.Торайғыров шығармалары
Қорытынды
Пайдаланған адебиеттер
Мерзімді басылымдардың тарихи дерек ретіндегі қызметі айқындалып, олардың тарихтағы орны көрсетілді. Қазақ баспасөзінің тарихы ХІХ ғ. аяғында басталып, бүгінгі күнге дейін жеткендігі жəне тарихи дамудың əр кезеңдерінінен өткен отандық газет-журналдардың жалпы жағдайы туралы баяндалады. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында, кеңес кезеңінде жəне тəуелсіздік жылдарындағы Қазақстанда басып шығарылған газеттер мен журналдарға салыстырмалы талдау жасалды. Мерзімді басылымдарды зерттеу барысында қосымша дерек ретінде цензура мен цензура құжаттарының рөлі талданды.
Тарихи деректердің бір түрі мезгіл-мезгіл шығып тұратын ұзақ мерзімді басылымдар болып табылады. Оның атқаратын қызметтері — қоғамдық ой-пікірді ұйымдастыру, мемлекетке идеологиялық тұрғыдан ықпал ету, экономикалық, саяси жəне мəдени ахуал бойынша ақпарат беру, басқару жүйесінде кері байланыс орнату.
Белгілі деректанушы-ғалым Қ.Атабаев мерзімді басылымдарды дереккөз ретінде зерттей отырып, қазақ баспасөз тарихын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруды ұсынады:
1870–1917 ж. наурызы, «Түркістан уалаяты газетінің» шыққан күнінен патша өкіметінің құлатылған күніне дейінгі қазақ баспасөзінің тарихы.
1917 ж. наурызы — 1918 ж. ортасы. Уақытша үкімет тұсындағы демократиялық бастамалар кезіндегі ұлттық баспасөз.
1918 ж. ортасы — 1920 ж. аяғы. Демократиялық күштердің большевиктік авантюраға қарсы жанталасқан күресі кезеңіндегі баспасөз.
1921 ж. — 1991 ж. аяғы. Кеңес өкіметі немесе большевиктік диктатураның толық орнауы, тоталитарлық жүйенің қалыптасуы жəне коммунистік партияның шексіз үстемдік етуі жылдарындағы мерзімді басылым.
1991 жылдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі, тəуелсіз Қазақстан тұсындағы ұлттық баспасөз» [2; 58, 59]. Ғалым бұдан басқа кеңестік дəуірдегі баспасөз тарихының өзін шартты түрде кезеңдерге бөліп көрсете отырып [2; 59, 60], «ұлттық баспасөздің пайда болу, қалыптасу жəне даму тарихын еліміздің тəуелсіздік алуына байланысты қайта зерттеу, оның жүріп өткен жолын, қилы кезеңдерін айқын бейнелеу мерзімді басылымды халқымыздың ХХ ғ. тарихының дерегі ретінде пайдаланудың басты алғышарттарының бірі болып табылады» [2; 61], — деп жазғаны орынды.
Қазақстан тарихына байланысты мол əрі тың деректер жинақталған газет-журналдар ХІХ ғ. бастап пайда болды. Сол себепті ХІХ ғ. аяғы — ХХ ғ. басында жарық көрген газет-журналдар өзінің маңыздылығы бойынша мұрағат қорларымен теңесе алады, яғни мерзімді басылымдарға жарияланған мəліметтер мен мұрағат қорларында сақталып келген деректердің құндылық деңгейі бірдей.
Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 ж. шыққан «Түркістан уалаяты газетінен» басталады. Газет сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы болған Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сəуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығып отырған. Бұл газеттен басқа да мерзімді басылымдардың бар екені баршаға аян. Олар ұзақ жылдар бойы ұлттық мерзімді басылымдардың тарихын зерттеуші, олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап, мəтіндерін қайта бастыру арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердинаның еңбектері арқылы мəлім. Ғалымның «Айқап» энциклопедиясындағы «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты кіріспесін оқи отырып [2; 6–9], алғашқы басылымдарды жарық көрген мерзімдеріне байланысты былайша көрсетуге болады:
ХІХ ғасырда жарық көрген басылымдар — «Түркістан уалаятының газеті» (1870–1882), «Дала уалаятының газеті» (1888–1902); ХХ ғ. басындағы газет-журналдар — «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911–1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913– 1918), «Айқап» (1911–1915), «Алаш» (1916–1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917).
Айқап» журналының шығарушысы жəне оның редакторы танымал жазушы, белгілі журналист Мұхамеджан Сералин. Зерттеуші-ғалымдар М. Сералинді қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі деп есептейді. Оған дəлел М. Сералиннің қазақ халқының ауыз əдебиетін зерттей отырып, өзінің де өлеңдер жаза бастауында. Орыс, парсы, татар тілдерін жетік меңгере отырып, «Топжарған» жəне «Гүлһашима» поэмаларын жазып, көпшілікке танымал болады. «Айқап» журна- лында М. Сералин алдымен қолға алған, көп жазған негізгі, маңызды тақырып — жер мəселесі, отырықшы болу, егін кəсібімен айналасу, қала салу мəселелері болды. Бұл мəселелер жөнінде М. Сералин өзінің «Жер мəселесі», «Ескі жыр», «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген мақалаларын жазып, оны «Айқап» журналының беттерінде жариялайды. Мұхамеджан Сералин тек журнал шығарып қана қоймай, ел арасындағы ағарту мəселесіне де көңіл бөледі. Журнал жабылып қалғаннан кейін ол 1919–1920 жж. «Ұшқын» газетінде де қызмет атқарады.
1913 ж. шыққан «Қазақ» газеті ел арасына ресми түрде ұлттық идеяны насихаттауда үлкен қызмет атқарды. Қазақ тарихындағы ең алғашқы ірі қоғамдық ұйым — ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының ұйымдасуына ұйытқы болған да осы «Қазақ» газеті. Газеттің № 1 санында «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі осы. Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенінше істеп кетелік...», — деп өз оқырмандарына ой тастауында үлкен философиялық мəн бар.
Мерзімді басылымдар қазақ жерінің бірқатар өңірлерінде жарық көре бастады. Айталық, Семей- де «Сарыарқа», Ордада «Ұран», Ташкентте «Алаш» газеттері шықты. Бұлардан басқа Өскеменде «Голос Алтая», Орынборда «Қазақ мұңы», Қостанайда «Вольное слово», Верныйда «Мұхбір» жəне басқа да газеттер жарық көрді.
Спандияр Көбеев (1878, Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады.
Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» (1912 жылы) кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.
С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген.
Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (28 қазан 1893, қазіргі Қызылту ауданы, Көкшетау облысы – 21 мамыр 1920, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) – ақын, ағартушы.
Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді.
Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.
Мұхамеджан Сералин (1872, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы — 8 қараша 1929, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы) — ақын, жазушы, журналист, публицист, қазақ журналистикасының атасы.
Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді:
1-кезеңіне “Айқап” журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жазады.
2-кезең 1918 – 1928 жылдары аралығын қамтиды, бұл кезеңде “Ұшқын”, “Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды.
Алғашқы “Топжарған” (1900) поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада 19 ғасырдың 30 — 40-жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген.
“Гүлқашима” (1909) поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Сералин өз шығармаларында Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократия идеяларын қолдады.
Ол Фердоуси “Шаһнамасының” “Рүстем — Зораб” бөлімін В.А. Жуковский (1846 – 1847) нұсқасынан,
сондай-ақ А.Сорокиннің “Жусан” повесін қазақ тіліне аударған (1915).
Қорытынды
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші – баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе.
Халқымыздың саяси-әлеуметтік, әдеби, мәдени ой- пікірін оятып, қалыптастыруға септігін тигізген ұлтымыздың кейінгі жүз жылдан аса тарихының сырлы шежіресі – қазақ баспасөзі ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында «Түркістан уалаяты», «Дала уалаятының газеті» болып патшалық Ресей үкіметінің үкімімен дүниеге келді.
Қазақ баспасөзінің іргетасын қалаған «Түркістан уалаяты» газетінің соңын ала Орта Азия халықтарының тіліндегі газет-журналдар шыға бастады. Соның бірі «Дала уалаяты» газеті болды. Өзінің бағдарламасына сәйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық – жарлықтарын, заң – закондарын әкімшілік басқару істерін жариялайтын басылым болды
Газет қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. Саяси-экономикалық мәселелермен қатар оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер-білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері, қазақ әдебиетінің хал-қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру тарихи мақалалар, хабарлар жарияланды.
Орыстың революцияшыл-демократиялық баспасөзі мен публицистикасы мен журналистикасының негізін қалады. Орыс баспасөзінің әсерінде қазақ тілінде «Қазақстан», «Серке», «Қазақ», «Алаш», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұлан», «Үш жүз», «Тіршілік» және т.б. газет- журналдар шығып, қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарастарын кеңейтіп, прогрессивтік ағартушылық бағытта үлкен қызмет атқарды.
Қазақстанда ұйымдастырылған социал-демократиялық топтар мен ұйымдар өлкедегі революциялық қозғалысқа басшылық етті, сонымен қатар олар жергілікті басылымдарды пайдалана отырып, өздерінің дербес баспасөз органдарын құрды.
Патша самодержависінің отаршылық саясатын батыл әшкерлеп, пролетариатты оған қарсы әзірлеуде аса маңызды рөл атқарған газеттер Лениндік «Искра» , «Новая жизнь», «Орал», «Трудавая жизнь», «Степная жизнь» еңбекшілердің саяси оянуы туралы үнемі хабарлап, бұл фактілерге айқын большевиктік баға беріп отырды, сөйтіп ұлт-азаттық қозғалысқа жергілікті партия ұйымдарының дұрыс басшылық етуіне жөн сілтеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
https://www.inform.kz/lenta/gazeta/kz/
2.
https://malimetter.kz/kazak-gazeti-zhane-serke-
3.
https://qazaquni.kz/alash/96116-alash-ardaqtylary
4.
https://bugin.kz/18319-qos-bas-basylym-nelikten
5.
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/
Глоссарий
Газет — мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым.
Журнал — мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі.
Қазақ" газеті (قازاق) — 1918 – 1913 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
«Айқап» — қазақтың тұңғыш қоғамдық­саяси, әдеби журналы. 1911—1915 ж. аралығында Ресейдің Троицк қаласында бастапқыда айына бір рет, кейін екі рет шықты.
Мұхамеджан Сералин (1872, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы — 8 қараша 1929, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы) — ақын, жазушы, журналист, публицист, қазақ журналистикасының атасы.
Спандияр Көбеев (1878, Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (28 қазан 1893, қазіргі Қызылту ауданы, Көкшетау облысы – 21 мамыр 1920, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) – ақын, ағартушы.
Алаш» газеті - 1916 жылдың 26 қарашасынан 1917 жылдың ортасына дейін Ташкентте шығып тұрған апталық газет.
Дала уалаятының газеті — 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде "Акмолинские областные ведомоства" газетіне қосымша ретінде шығып тұрған ресми газет
Ұран» газеті – Бөкейлік қазақ зиялыларының 1917 жылғы сәуір съезі шешімі нәтижесінде құрылған «Ордалық мұсылман бюросы» атты ұйымның құрылтайшылығымен жарық көрген газет.
Сарыарқа” — газет. 1917 — 1918 ж. Семей қаласында шыққан. Газетте негізінен алаш қайраткерлерінің (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов, т.б.) мақалалары жарияланды. “Алаш” партиясының органы ретінде сол кездегі саяси-қоғамдық мәселелерді көтерді.
$$ 1
1879 ж. бастап Ы. Алтынсарин шыѓарѓан қолжазба газет:
A) «Түркістан уалаяты».B) «Дала уалаяты».C) «Оренбургской листок».Д) «Торѓай».E) «Қазақ».
$ 2
Ш. Уәлихановтың ѓылыми ењбектері жарық кµрген басылым:
A) «Санкт-Петербургские ведомости».B) «Библиотека для чтения».
C) «Полярная звезда».D) «Современник».E) «Орыс географиялық қоѓамыныњ журналы».
$ 3
«Шоқанныњ қасиетті ісі» деректі хикаяттыњ авторы, ѓалым-публицист
A) С. М±қанов.B) Ѓ. М‰сірепов.C) Қ. Сәтбаев.D) Е. Букетов.E) М. Әуезов.
$$ 4
Революцияѓа дейін Абай µлењдерін жариялаѓан басылым:
A) «Т‰ркістан уалаяты».B) «Дала уалаяты».C) «Оренбургский листок».
D) «Торѓай».E) «Серке».
$$ 5
«Т‰ркістан уалаяты» газеті қазақ-µзбек және орыс редакцияларыныњ редакторлары:
A) аѓайынды Ибрагимовтар және Остроумов.B) Жанышев және Северцев.C) Шайхылбеков және Толстой.D) Казыбеков және Бартольд.
E) Ш. Валиханов және Погодин.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет