Жоспар: Кіріспе



бет1/8
Дата07.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#17079
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
717372.pptx (1)


ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Минералды дистрофиялар

Шымкент-2018

Жоспар:



  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім

  • Кальций алмасуының бұзылуы

    Мыс алмасуының бұзылуы

    Калий алмасуының бұзылуы

    Темір алмасуының бұзылуы

    Тастардың түзілуі

    III. Қорытынды

    IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Минералдар жасушалар мен тіндерді құратын элементтерді түзуге қатынасып, ферменттердің, гормондарды, витаминдердің, пигменттердің, белокты кешендердің құрамына кіреді. Олар – биокатализаторлар, сондықтан зат алмасулық үдерістердің біразына қатынасып қышқыл-негіздік ортаны қажетті деңгейде ұстауда маңызды рөл атқарып, организмнің қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуде де айтарлықтай орын алады.

Практикалық маңызы зор алмасу бұзылулары

кальций


калий

мыс


темір

Кальций алмасуының бұзылуы



Кальций – жасуша мембраналарының өткізгіштігіне, бұлшықет-жүйкелік құрылымдардың қозғыштығын, қанның ұюына, қышқыл-негіздік ортаның жағдайына, қаңқаның қалыптасуына және басқа да үдерістерге қатынасатын элемент.

Кальций организмге аспен түсіп, аш ішектің қолайлы қышқыл реакциялы жоғарғы бөлімінде фосфаттар түрінде сіңіріледі. Кальций ішекте сіңірілуі үшін кальцийдің ерігіш фосфаттары түзілуін катализдейтін витамин D-ның маңызы зор. Кальцийдың дұрыс жұмсалуын белоктық коллоидтар мен қанның pH-шы қамтамасыз етеді. Кальций тұздары сүйектің органикалық негізіне қосылып, онда кальцийдің негізгі қорын түзеді.

Кальцийдің алмасуы нейро-гуморальдық жолмен реттеледі. Бұл үдерісте қалқанша бездің кальцитонинінің, қалқанша маңындағы бездің паратгормонының маңызы зор.

Кальций алмасуының бұзылуы кальциноздар, ізбесті дистрофия, немесе ізбестену деп аталады. Оның даму барысында ерітіндідегі кальций тұздары тұнып, жасушалар мен жасушааралық затқа шөгеді. Ізбестену ошағының қалыбын жасушалардың митохондриясы мен лизосомасы, негізгі заттың гликозамингликандары, коллагендік немесе эластикалық талшықтар қалайды. Сондықтан ізбестену жасушалық және жасуша сыртындағы, жүйелік және жергілікті түрлерге бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет