Жоспар: Коллоидтық химия пәні



Pdf көрінісі
бет124/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
1. Поляризациялық теория 
Я де Бур мен Цвиккердің (1929) көзқарастарына сәйкес полярлы адсорбент 
беті  бірінші  адсорбциялық  қабатта  полярсыз  адсорбтив  молекулаларын 
полярлайды;  пайда  болған  индукцияланған  дипольдар  өз  кезегінде  екінші 
қабатта  диполь  индукциялайды  және  т.с.с.  бұл  процесс  келесі  қабаттарға 
тарайды. Мұндай модель 
Ԑ(𝑥) = Ԑ
0
∙ exp (−𝑎𝑥)                                  (1) 
өрнегіне әкеледі. Мұндағы Ԑ-адсорбциялық потенциал; а-полярлануға (α) және 
молекула диаметріне тәуелді коэффициент. 
Бұл теңдеуді dԐ/dT=0 және Дубинин теңдеулерімен  
𝜗 = 𝜗
𝑚𝑎𝑥
∙ exp (𝐵Ԑ
2
)    және     𝜗 = 𝜗
𝑝
∙ exp (ϐԐ
2
)             (2) 
байланыстыру  (мұндағы:  𝜗-адсорбция;  𝜗
𝑚𝑎𝑥
-шекті  адсорбция;  В  және 
ϐ 
тұрақтылар,  𝜗
𝑝
-қуыстар  (кеуектер)  көлемі)  тәжірибеде  жиі  байқалатын 
мынадай сызықтық тәуелділік береді: 
𝜗 = 𝑓[𝑙𝑔𝑙𝑔(𝑃 𝑃
𝑆
)]

 ,                                 (3) 
мұндағы 𝑃
𝑆
-қаныққан бу қысымы. 
Бұл  теория  көп  жылдар  бойы  естен  шығарылып  қалды  (Бранауэрдің  Ԑ 
жеткілікті  көп  емес  деген  сыны  нәтижесінде).  Бірақ,  ХХғ.  60-80жж. 
орындалған  беттік  потенциалды  есептеулер  органикалық  молекулалар  мен 
бекзат  (асыл,  инертті)  газдардың  металдарда,  графиттте,  Al
2
O
3
-те  және  т.б. 
адсорбциясында  жоғары  жеткілікті  Ԑ  (0,8  В-қа  дейін)  пайда  болатынын 
көрсеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет