03.02.2021
14-тақырып. Педагогикалық шеберхана технологиясы
Жоспар:
1. Педагогикалық шеберхана технологиясы.
2. Педагогикалық шеберхана технологиясының тиімділігі.
Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат – оқушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыра білу керек. Осы мақсатқа жетудегі бірден-бір тиімді жол оқытудың инновациялық технологияларының бірі – педагогикалық шеберхана. Педагогикалық шеберхана – Ресей педагогтерінің озық тәжірибесі.
Шеберхана – оқушының сыныптағы іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыру тәсілінің бір формасы, яғни, оқытудың жаңаша жүйесі. Педагогикалық шеберхана балаларға тек мектепте білім берумен шектелмей, сонымен бірге білімнің қалыптасу жолын түсіндіреді.
Педагогикалық шеберхана технологиясы мұғалімнен шеберхана өткізбестен бұрын дайындықты, жан-жақты ізденісті талап етеді. Ал шеберхана барысында мұғалім тек бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде болады. Мұғалім оқушының өзіндік әрекетіне көмекші, жетекшілік рөл атқарады. Шеберхананы құратын мұғалімнің қағидасы – оқушы әрекетінің еркіндігіне, оның тұлғалық ерекшелігіне және ой толғамына құрметпен қарауға негізделген.
Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндердің жартысынан көбі балабақшаға бармаған. Сондықтан ұлттық мектептердегі мұғалімдер көптеген қиындықтарға кезігеді:
– баланың сөйлеу мәдениеті толық қалыптаспаған;
– өз ойларын еркін ашып айта алмайды;
– кейбір оқушылар сынып ұжымында жиі оқшауланады;
– оқу үрдісіндегі дәстүрлі сабақтар оқушыларды зеріктіріп жібереді
– ақпаратты технологияның уақыт жылдамдығына байланысты прогрессивті дамуы.
Осы орайда, педагогикалық шеберхананы тиімді пайдалансақ, сапалы нәтижеге қол жеткізеріміз анық. Шеберханадағы білім берудің тәсілдері:
1. Ізденіс;
2. Зерттеу;
3. Жаңалық ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |