Сана- адам миына байланысты пайда болды, ал ми оның мекені. Сана- адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адм миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі.
Діндарлардың пікірінше, адам ұйықтағанда шыбын-жан дүние кезіп жүретін көрінеді. Кейін ол шыбын-жан қайтып оралғанда, адам ұйқыдан оянады деп түсінген.
Діндарлардың пікірінше, адам ұйықтағанда шыбын-жан дүние кезіп жүретін көрінеді. Кейін ол шыбын-жан қайтып оралғанда, адам ұйқыдан оянады деп түсінген.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп ғана қоймайтын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді.
Сана-объективті дүниенің бейнесі.
Сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін- сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми олрды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми-ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінще дәлме-дәл болмайды. Сана-оның идеалдық бейнесі.
Сана бір жағынан жинақталған білім, ал екінші жағынан-таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол-үлкен шығармашылық процесс. Өйткені сана объективті дүниенің механикалық бейнесі (репродуктивті) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды.