Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды



Дата10.04.2023
өлшемі15,19 Kb.
#80969
Байланысты:
Іңкәр. Журналистика


Журналистика

Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды.


Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады.
Н.Михалковский
Журналистика – кемел мамандық. Сөз білгеннің бәрінің қолынан келе қоймайтын, айдағанға көне қоймайтын мамандық. Қоғаммен өсіп, адаммен көркейетін мамандық.
Анық, бұл сала-кезкелген адамның уысына түсе кететін, екі сөздің басын біріктіргеннің жұлдызын жаға қоятын осал дүние емес. Әсте, нақ қаламгердің, нақ жазушының, нақ журналисттің уысында ғана ойнайтын сала. Жаза білгеннің бағын жағып, айта білгеннің ауызын дуалы ететін сала. Нақ адамзат тілі болмақ.
Қоғам қанша өзгерсе, журналистика да қоғам ыңғайына қарай сан құбылып, уақыттың әр секундына тәуелді болып, сәттерді қалт жібермей отыруымен, шартарапты ел мен жұртқа ләзде хабардар етуімен, жаңалық пен оқиғаның мәні мен мәйегін бұлақтың басынан бақылап, қоғам мен адамның арасында елші болып жүргендігімен ерекшеледі. Қазақ баяғыда-ақ баспасөздің адамын «жегені жантақ, арқалағаны алтын» деп бағалап-ақ кеткен. Бұл сан жылдар өтсе де, әріпі бұзылмаған ақиқат екеніне дау жоқ. Сырт көзге ел «әдемі сөздерді сапырып, әдемі жерлерде жүріп, мақалалар жазып, жаһанды жалпағынан басуды кәсіп етеді» деп ойлайды баспасөз адамын. Дегенмен, мамандықтың жеңілі жоқ. Әр саланың өз ауыртпашылығы, өз қиыншылығы, өз жеңілдігі мен қызықшылығы болады. Сол сияқты, журналистика саласы да – ат үстіндегі мамандық емес. Өзгесін былай қойғанда, бір мақала жазып, оны газетке жариялау анау-мынау адамның қолынан келе беретін дүние емес. Екі жүз сөз жазу үшін де, ойың екі жүз тарапқа сандалып, пікірің жүзге бөлініп, елу рет жазып, жиырма рет жөндеп, біреуі ғана ойсанадан өтеді. Бұл дүниеге моральдық қаншама күш қажет болады. Тек біреуінің өзіне. Ал, журналист ол-маман. Осы саланың маманы. Оған күніне кем дегенде, дәл осылай бес рет шашылып, жиналу керек болады. Ол үшін үлкен шығармашылық шабыт, қалыптасқан дағды, саналы зейін, терең білім, жазушылық қабілет керек болады. Бұның артында қажырлы еңбек пен үлкен төзім жатқаны бесегеден белгілі жайт қой. Осының жайын түсінген қазақ баспасөз адамдарын қатты қадірлеген. Олардың білім иелері екеніне, жаңашылдыққа бейім әрі «осы халықтың мұң-зарын жеткізуші» қаһарман ретінде қабылдаған. Ерекше сыйлаған. Бүгінде, журналистика мамандығына деген қызығушылық өте жоғары. Соған орай, осы мамандықпен оқуға түсу мүмкіндігі де жоғары білімді талап етеді. Себебі, журналист-халықтың тілі. Халықтың құлағы мен көзі, сенімі мен үміті. Халық сенімін ақтау, арқалау – үлкен жауапкершілік, ауыр міндет. Ел жанын терең түсініп, ішіндегісін жарыққа шығаруға сезімтал жүрек пен терең түсінік қажет болады. Алып жүрек иесі болу керек журналист деген. Кемеңгер ақыл кеніші болуы керек. Тұлға болуы керек.

Біле білсеңіз, кейбір зерттеушілер журналист еңбегінің ауырлығын жеті қабат жер астында көмір қазатын бұрғылаушылармен салыстырып жатады. Оны қисынсыз теңеу деуге келмейді. Қызып тұрған оқиғаның басы-қасында болуды, қайнаған өмірдің ортасынан «кен қазу» журналистің маңдайына әлдеқашан жазылып қойған. Мамандықтың талабы, міндеті сол болғандықтан амал жоқ, көндігуге тура келеді. Және журналистердің еңбегі жұмыстың сегіз сағатымен шектелмейді.
Өзгелер жұмыс уақыты біткен соң кеңселерінде бәрін қалдырып, демалуға қайтса, журналистің «арқалаған жүгі» одан бір елі қалмай үйіне қоса еріп барады. Көзі ұйқыға кеткенше аяқталмаған мақаласының, ертеңгі телебағдарламасының сценарийін жоспарлап жатуы тиіс. Түсінде көріп, оянған сәтте идеясын қойын дәптеріне түртіп қойып қайтадан жантайса, оған да таңқалуға болмайды.
Бірақ соны біліп, сезінбегендіктен бе қоғам журналистер қауымына қатал әрі биік талап-міндеттер қояды. Бұған халықаралық журналист Қуандық Шамахайұлының жазған сөздері факт болады.
–«Мынаны телеарналар неге көрсетпейді, газеттер неге жазбайды? Әлгі журналистер қайда жүреді, осы» деп бір тобы мін тақса, келесі бірі «Қарашы, жедел жәрдем мен өрт сөндірушілерден бұрын мына журналистер келіп алып түсіріп жүр. Не деген жамандыққа жандары құмар адамдар десеңші. Аңдыған баққандары өсек-аяң бұлардың» деп жатып кеп сөгеді. Қыл аяғы түрлі мекеменің есігін қорыған күзетшінің өзі оларды кеудеден итеріп маңына жолатпауға бар. Сөйте тұра бәрі тың ақпарат алып, тосын жаңалықтар көргілері келеді. Эфир арқылы немесе газет бетінде ұсынған туындының өзіне не көп, сыншы көп. «Ананы бүйтпеді, мынаны сөйтпеді» деп журналистерді кінәлауға келгенде біздің қоғам алдыға жан салмайды. Осылайша, ешкімге ұнамайтындығымен де журналистика деген қиындығы молдау мамандық.
Журнилистика деген әлемнің тілі ғой. Ғаламда болып жатқан әрбір оқиға баспасөздің назарында сыннан өтіп, қаламына өріліп, газетінде басылып жатады. Н.Михалковскийдің «Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады» деген пікірімен келіспеске болмас. Шынында, Ғалам дәуірлей берсе, баспасөздің де ғұмыры соншалық ғасырларға созылмақ. Дәуірлей бермек.
Қорыта келгенде, журналистика мамандығы қызығы мен шыжығы қатар жүретін, арпалыс, аласапыранға толы күндерден тұратын жолы қиындау мамандық дегім келеді. Атағы атырапқа жайылып, елдің ауызынан түспей жүрмесе де, бір үзік ғұмырда артында хаты, жазары қалатын мамандық иесі журналисттер. Қазақ дәл осы себеп үшін де «Өзі өлсе де, хаты өлмейді» деп аспандататыны тегін емес. Әр саланың өз ерекшелігі бар. журналистиканың ерекшелігі деп - Қоғамда орын алған қайшылықтарды сөз етіп, олардың түйінін тарқатып, қолдау күткен жанның проблемасын шешіп, олардың көңілдеріне ізгілік ұялататындығын айта кеткен жөн секілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет