Жоспары Ахмет Йүгінекидің этикалық-моралдық, философиялық ойлары



Дата31.10.2022
өлшемі1,78 Mb.
#46487

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Ахмед Йүгінекидің этикалық-моральдық, философиялық ойларын саралау. Нақыл сөздері.
Орындағандар:
Мадиева Таңшолпан
Нұрболат Альфина
Мақсұт Жұлдыз
Тоғтаубай Зейнеп
Тургунбай Арайлым
Жоспары
1.Ахмет Йүгінекидің этикалық-моралдық,
философиялық ойлары
2.Нақыл сөздері
3. «Инсерт» әдісі арқылы саралау
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ойшыл «Ақиқат сыйы» атты дастанында да адамның мінез-құлық мәселелеріне моральдық,этикалық,норма-ларды жырлауға ерекше назар аударған.
Ахмет Йүгінеки абайлап сөйлеу,тілге сақ болу әдептіліктің басты шарты деп біледі.Ол өз оқырманын қысқы да нұсқа сөйлеуге,артық сөз айтпауға,сыр сақтай білуге үндейді
Әдептіге «үндемес» ат тағылар.
Тіліңді тый-сонда тісің сынбайды,
Жөнсіз шыққан тілден тісің тағылар.
Сөз есепсіз-тіліңді тый,тарт,ұста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз-ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста.
Ақылды ма көп сөйлеген түбіне.
Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.
Оқ жарасы жазылады,бірақ та
Тіл жарасы жазылмайды:түбі не?
«Басқа пәле-тілден»
«Аңдамай сөйлеген-ауырмай өледі»
«Тіл-тас жарады,тас жармаса-бас жарады»
-деген секілді қазақтың мақалдарымен
сәйкес келеді.
«Ашулы тіл аңдамай айтады» Плутарх
«Тілдің жүгенсіздігі өзіне балта боп тиеді. Қаншама
адамды ренжітіп, сан мың адамның жүрегіне
жара салады» Әлішер Науаи
Білімді – аса құнды, ерінбей үйреніп, жалықпай еңбек еткен адам ғана игереді. Ойшыл-ақын білімсіздікті сүйексіз етке теңейді
Білімдінің аты өлмейді, ал білімсіз адам тірі жүрсе де оны «өлік», құр жүріп аты өшеді деп дәл болжайды.
Қоғамдағы мәселелердің ең маңыздысы ретінде білімнің әр адамның дүниетанымында жинақталуын келтіріп, оны ойшыл үнемі өмір салтының күн тәртібіне қойып отырады.
Бұл дүниетанымдық көзқарастан аңғарылатын нәрсе ортағасырлық қоғамдық болмыс үшін шынайы білім жинақтау, дүниенің сыры туралы негіздерді күшейту адам үшін өте өзекті болғанын танытады.
Жоғарғы рухтың терең тамырлары адам үшін әлдеқайда маңыздырақ екенін байқайды, сонымен қатар жай ғана байқап қана қоймайды, соны замандастарына және кейінгі ұрпаққа рухани мұра етуге тырысады.
Білімсіздікті надандықпен қатар қояды, құнын қара бақырға теңеген.
Инсерт әдісі

V
Білемін

+
Мен үшін жаңалық

-
Келіспеймін

?
Сұрақ пайда болды?

Ойшыл «Ақиқат сыйы» атты дастанында да адамның мінез-құлық мәселелеріне моральдық,этикалық,норма-ларды жырлауға ерекше назар аударған.

Біз үшін жаңалық Ақиқат сыйы шығармасындағы нақыл сөздер.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Әдеби жәдігерлер [электронды ресурс] Жиырма томдық.5-том
Аударған А.Қ.Егеубаев 2007 ж
2.Ежелгі дәуір әдебиеті Н.Келімбетов «Атамұра баспасы» 2005 ж
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет