Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Химиялық пәндер кафедрасы презентация



Дата03.02.2023
өлшемі4,07 Mb.
#64851
түріПрезентация

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Химиялық пәндер кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы:Дәстүрлі емес энергия көздері.Дәстүрлі энергиятасымалдағыштармен салыстыру.

Орындаған: Набиева Н.Ш

Тобы: 203 «А» ФӨТ

Қабылдаған:Бердалиева Айдын

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Дәстүрлі емес қуат көздерін пайдалану – бүгінгі күн талабы 2 Жел энергиясы 3 Күн энергиясы 4 Биоотын 5 Атом энергетикасы 6 Жерасты ыстық су, бу қорлары 7 Су энергетикасы

Қорытынды

Пайдаланыған әдебиеттер


Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Ғалымдардың пікі¬рінше, осы жүз жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылы-нып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Бұл – құрлықты тұншықтыратын топан судың алғашқы белгісі. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, энергетикалық қуат шикі¬заттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып тұр.
КІРІСПЕ
Барған сайын адамзат үшін аса үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну процесін тежеу, электр энергиясы өндірудің негізгі көзі – көмірсутегі шикізатына балама табу мәселелері былтырғы жылы өткен 19-шы Дүниежүзілік мұнай конгресінде де ерекше күн тәртібіне қойылды. Мамандардың айтуынша, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырылып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемдегі өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Сондықтан бұл салада Қазақстан энерге¬тикасы мамандарының алдында тұрған міндет ұшан-теңіз.
Адам саны 7 миллиардқа жеткен әлемде энергетика сұранысы да артып отыр. Бірақ әдеттегі энергетиканың басты кейіпкерлері мұнай, көмір, табиғи газ сияқты қазынды энергетика көздері әрі шектеулі, әрі қымбат және қоршаған ортаны ластайды. Осы себепті жаһандық ысыну басым болып отырған ғаламшарымызда таусылмайтын және қоршаған ортаны ластамайтын, жаңартыла алатын энергетика көздері күн сайын алға шығып отырады. Атап айтсақ, Еуропа Одағы алдымыздағы 10 жылдың ішінде энергетиканың 20 пайызын жаңартыла алатын энергия көздерінен алуды жоспарлауда.
Жаңартыла алатын энергия көбінесе тікелей немесе жанамалы түрде күннің әсерінен пайда болады. Күннің сәулесі немесе күн энергиясы жылыну және жарық мақсатында тұрғын үйлер мен әртүрлі ғимараттарда тікелей пайдаланылса; электр өндіру, суды жылыту, суыту және әртүрлі сауда мен өнеркәсіптік мақсаттарға жанамалы түрде қолданыла алады.
Қазақстан су, жел, күн энергетикасы сияқты электр қуатын өндірудегі балама қуат көздеріне бай елдердің бірінен саналады. Алайда, осы уақытқа дейін ішінара гидроэнергия қуатын пайдаланудан басқа, елімізде бұл бай балама қуат көздері іске қосылған жоқ. Оның басты бір себебі, еліміздің жер қойнауына энергетикалық шикізат көздерінің мол шоғырланғаны болып отырғандығын да жасыруға болмайды.
1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір
60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде.
Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері-жер асты пайда қазба
қорлары-мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады?
Пайдалы қазба қорларының таусылу қарсаңында, олардың бағасы да
қарқындап өсуде. Жыл сайын атмосфераға түрлі жанғыш заттардың жануы нәтижесінде 23 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газы бөлініп, сондай мөлшерде оттек сіңіріледі. 
Атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 13%-ке өсті, соның салдарынан атмосфера температурасы бірнеше градусқа мөлшерден тыс жоғарылап, мұздықтар еріп, соның салдарынан Дүниежүзінің мұхиттық деңгейі көтеріліп, табиғатта түрлі апаттар болып жатыр. 1980 мен 2004 жылдардың аралығында жер бетінде 14500 табиғат апаттары тіркеліпті, осы апаттардан миллиондаған адамдар қаза болды. Дереу проблеманы шешетін амал табу керек. Бүкіл әлем ғалымдары мен инженерлері ізденістің арқасында баламалы энергия көзін табуды мақсат етіп қойды
Ол сарқылмайтын қалпына келтіретін энергия көздері деп аталады. Оған жел, күн энергиясы, геотермиялық энергия, биомасса, су ағынының энергиясы, мұхиттардағы тасу мен қайту кезіндегі судық көтерілуінен болатын энергиясы жатады. Қалпына келтіретін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі қор көздері ешуақытта сарқылмайды және экологиялық таза. Бұларды пайдалану табиғат байланыстарын бұзбайды.
Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендер гидорэнергиясынан
100 есе асып түседі. Жел энергетикасын дайындауда Балқаштың климаттық жағдайы қолайлы болып табылады. Балқаш өніріңде Сарыарқаның аңызық желі үздіксіз соғып тұрады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Барлық жел двигателінің жұмыс істеу принципі біреу–ақ, онда желдің әсерінен қозғалатын жел доңғалағының қалақшаларының қозғалысы электр энергиясын өндіретін генераторының айналып тұратын бөлігіне беріледі.
Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғыны фотоэлектрлік немесе фотовольталық, ал күн энергиясын жылулық энергияға айналдыратын аспапты – термиялық деп атайды. Бұл аспаптарды гелиожүйе-лер деп атайды. Экономикалық құндылығын бағаласақ, күн қондырғылары эксплуатациялық шығынға ұшыратпайды, оны жөндеу және қалпына келтіру үшін қор жұмсалмайды, ұзақ мерзімде жұмыс істей береді.
Биогаз – бұл тамаша қалпына келетін ресурс және мұны кез келген органикалық қалдықтан ( тамақ қалдығы, мал қалдығы, тұрмыстық қалдық, ағын суларының тұнбасынан және т.б. сол сияқты ) алуға болады. Тек бір ғана ауылшаруашылық өнімдерінің қалдықтарынан пайда болған биогаздың потенциалдық қоры жылына 1-1,3 млрд. тонна жанғыш шикізат береді екен, ал бұл дегеніміз пайдаланылатын дүниежүзілік энергия ресурстарының оннан бір бөлігі.
Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. 2008 жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында президент Н.Ә.Назарбаев электр қуатын жаппай үнемдеу қажеттілігіне ерекше назар аударып, кәсіпорындарды қуат үнемдейтін және қоршаған ортаға зиянсыз келетін технологияларды ендіруге күш жұмсауға шақырды. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады.
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

  •  kk.wikipedia.org
  • malimetter.kz
  •  Источники энергии // Научно-технический энциклопедический словарь (рус.). Научно-технический энциклопедический словарь
  •  Wind energy in Europe. 2020/p. 19
  •  Air Hydro Electric Station (AirHES, АэроГЭС)
  •  Cleantech in Kazakhstan 2010 (недоступная ссылка). Дата обращения 6 июня 2012. Архивировано 9 мая 2012 года.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет