Жоспары: Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы олардың көрсеткіші



Дата21.09.2022
өлшемі13,14 Mb.
#39793

Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына өмір сүру жағдайларының әсері.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 107 топ
Орындағандар: Умирбекова Балауса, Белгібаева Ғазиза, Аққасинов Исабек, Қамза Аружан, Болатқұл Диана, Нұржігіт Ақбота
Қабылдаған: Cейдехан М. Қ
Жоспары:
  • Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы олардың көрсеткіші
  • Өсу мен даму заңдылықтары
  • Адам жасының кезеңдері
  • Қорытынды

Өсу – организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің өсуі. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар. Олар оның бойы, салмағы және кеуде шеңбері.
Организмнің дамуы мен өсуі
Даму -сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы - деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады.
Организмнің дамуы
Физикалық
Функциялық
Оның көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі.М: жүректің дамуын анықтау үшін оның систолалық не минуттық көлемін өлшейді.
Оның көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей болады. Мысалы, мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы және салмағы да бірдей болады.
Адам өмірінің кезеңдері:
Өсіп даму, жетілу – өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқым жалғастыруды қамтамасыз етеді.
Кемелдену - ақыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді.
Қартаю – биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерің үдемелі төмендеуі. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:
Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.
Өсу мен даму баланың жынысына байланысты
Функциялық мүшелер жүйелері мен қызметтерінің биологиялық беріктігі, мықтылығы
Өсу мен даму тұқымқуалау қасиеттері мен сыртқы орта жағдайына тәуелділігі
Өсу мен дамудың акселерациясы
Организмнің жасқа сай
өсуі мен дамуы
Жасқа сай дене пропорциясының өзгеруі
Жас кезеңдері бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.
1965 жылы Москвада болған дүниежүзілік жиналыста адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.
Жас ерекшелігі
Хронологиялық жас – дүниеге келген уақыттан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан, ешқандай қиындық туғызбайды.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыдан адам организмінің толық жетілуі, яғни кәмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.
Биологиялық жас – әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Акселерация
ұғымы
Қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді.
Көптеген гигиенисттердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімін бұзатын болғандықтан, бұл фактор балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады.
Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе «ауысу мерзімі» деп атайды
Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты.
Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады
Балалардың дамуына әсер ететін факторлар:
Қоршаған ортаға байланысты:
Биологиялық(генетикалық):
Сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді жатқызамыз.
Тұқымқуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады.
Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын төмендетеді.
Қорытып айтсақ, бала организмінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі бірдей бола бермейді. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланысты мөлшерлеген жөн. Былайша айтқанда, өсу мен дамудың гетерохрондылығын сыртқы ортаның жағдайлары мен бала еңбегін дұрыс мөлшерлеудің ғылыми негізі деп есептеуге болады.
Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет