Жоспары: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет1/3
Дата28.03.2023
өлшемі65,53 Kb.
#76672
  1   2   3
Байланысты:
сроп биофиз 8


МЕББМ «ҚАЗАҚСТАН-РЕССЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІ»
БОӨЖ

Тақырыбы: Капиллярлық құбылыстар



Орындаған: Мұхамедқали Іңкәр
Группа: 104А
Стомотология курсы
Тексерген: Уразакынов Д.К.

Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім

  1. Анықталуы

  2. Рөлі

  3. Капиляр

  4. Капилляр құбылысы өсімдіктерді және топырақтағы рөлі.

III.Қорытынды
IV.Пайдалынылған әдебиеттер


I.Кіріспе. Жұғу – сұйықтықтың қатты денемен немесе басқа сұйықтықпен жанасуы кезінде пайда болатын құбылыс. Қатты дене бетіндегі тамшының немесе сұйықтыққа батырылған дене бетіндегі газ көпіршігінің пішіні жұғу процесіне тәуелді. Жұғу құбылысы, көбінесе, үш фазаның жанасу аймағындағы молекула аралық өзара әсерлесу нәтижесі деп қарастырылады.
Әркім-ақ жапырақ бетіне, парафин жағылған қағаз бетіне тамған су тамшысы шар пішінін алатынын, ал таза әйнек бетіне жұқа қабат жасай жайылып кететінін біледі. Ағаш бетіне тамызған қорғасынның балқытылған тамшысы шар пішінін алады, ал су тамшысы таза мыс пластина бетіне шыны бетіндегі тәрізді жайылып кетеді.
Жұғатын не жұқпайтын сұйықтардың қатты денелер беттерімен әсерлесуінің ерекшеліктері капиллярлық құбылыстардың себебі болып табылады. Капиллярлық құбылыстар– бір-бірімен араласпайтын заттардың шекарасында, беттік керілудің әсерінен пайда болатын физикалық құбылыстар. Басқа сұйықтықпен, газбен немесе өзінің буымен шекаралас орналасқан сұйық бетінің иілуі де капиллярлық құбылыстарға жатады.
Әр түрлі орталардың шекарасында (мыс: сұйық және қатты дене) жұғу және жұқпау құбылысын бақылауға болады. Молекулалық тартылу күштері сұйықтар мен қатты денелердің молекулаларының арасында да болады, олар шама жағынан сұйықпен қатты дененің табиғатына байланысты.
Егер сұйық пен қатты дененің молекулаларының арасындағы тартылыс күші сұйықтың молекулаларының тартылыс күшінен көп болса, сұйықтың молекулалары қатты дененің бетіне жабысады. Бұл құбылыс жұғу деп аталады, сұйық жұққыш деп аталады, ал сұйық беті гидрофильді болады (2-сурет). Егер сұйық пен қатты дененің арасындағы молекулаларының тартылыс күші, сұйықтың молекулаларының тартылыс күшінен аз болса, сұйық жұқпайтын деп аталады, ал сұйық беті гидрофобты болады (3-сурет).
Жұғу жағдайында бұрышq < p/2 , ал толық жұғылғанда q =00. Толық жұғылмағанда бұрыш
q =П(пи) -ғатең болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет