Жоспары: Кіріспе Дж. Ритцер туралы



Дата20.11.2022
өлшемі17,03 Kb.
#51367

Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»


Кафедрасы: «Кадастр»

СӨЖ
Орындаған: Даулетбек Думан


Тексерген: Омарова А
Алматы 2022
Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Дж.Ритцер туралы

  3. Суицидтің ғылыми бөлінуі

  4. Қорытынды

Дж.Ритцер еңбегін пайдалана отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлерін оқыңыз және талдаңыз


Суицид – адамның өз еркі, өз шешімі бойынша өзіне қол жұмсау оқиғасы болып табылады. Бұл қазіргі уақытта өте белең алған проблемалардың бірі. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ бір ғана Қазақстанның өзінде суицид көрсеткіші 100 000 адамға шаққанда 53 адамға тең. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Жалпы суцидтің себептері әртүрлі болуы мүмкін, өзін жалғыз сезіну, қоғамнан алшақтау, өз өзіне көңілі толмау, ауа райы тіпті махаббат та болуы мүмкін. Мұның себептері өте көп. Бұл туралы Дж.Ритцер өзінің «Әлеуметтану теориясы» кітабында толық айтқан.
Дж.Ритцер – америкалық әлеуметтанушы. Ол өз еңбегінде суицид туралы жазғанда Дюргейм айтқан теорияларды мысалға келтірген. Дюргейм де өз кезегінде суицид себептерін жан жақты зерттеген ғалым болып табылады. Дюргеймнің айтуы бойына суцидтің шығу тарихын әлеуметтану емес, психология зерттейді. Ал әлеуметтану неліктен бір топ өкілдерінде екінші топқа қарағанда жоғары дегенді қарайды. Сонымен қатар Дюргейм осы тұрғыда Г.Тардың мынадай пікірін жоққа шығарады: Адамдар суцицд жасауға алып келетін жайт – ол еліктеушілік яғни жұқпалылық деген пікірге қарама қарсы «суицид деңгейі жоғары елдерге көрші мемлекеттерде де соған сәйкес өлім деңгейі жоғары болады. Ал қоғамда мұндай жайт кездеспейді» дейді. Менің ойымша, көрші мемлекет үшін сол елдегі суицид деңгейінің әсері болмайды.
Дюргейм өз кезегінде суицидті ең ірі екі бөлікке бөліеді:
Интеграция : Жоғары: Альтуристік суицид
Төмен: Эгоистік суицид
Реттеу: Жоғары:Фаталистік суицид
Төмен: Аномиялық суицид
Бұл жердегі
Интеграция дегеніміз – адамның қоғамға деген байланысы
Реттеу – адамға сырттан қойылатын шектеулер.
Дюргеймнің айтуы бойынша бұл екеуі өте айнымалы. Егер біреусі жоғары екіншісі төмен болса немесе керісінше болса бұл өз кезегінде суицидтің көтерілуіне әсер етеді.
Егер интеграция деңгейі жоғары болса онда ол альтуристік суицид. Альтуристік суицид – адамның қоғам алдында қандай да бір жауапкершілікті ақтай алмай өз өзіне қол жұмсауы. Мысалы 2001 жылы Америкада болған терракта көп адам шейіт болуға ұмтылған. Яғни адам өзінің кесірінен басқа да топқа зардап тиер болса ол адам өз өзіне қол жұмсауға баруы мүмкін.
Ал бұл төмен болған жағдайда эгоистік суицидке алып келеді. Менің ойымша бүгінгі күндегі өз өзіне қол жұмсаудың көп себебі осы қоғамнан алшақтау болып табылады. Адам өзін қоғамға мүлдем қажетсіз сезініп кетеді. Кез келген оқиға оған теріс істеліп жатқандай көрінеді. Мұның алғашқы сатылары стресс, депрессия болатын болса ақыр аяғында суицидке әкеліп соғады.
Аномиялық суицид – реттеу яғни адамның ішінен емес қандай да бір сыртқы реттеуге байланысты өз өзіне қол жұмсауы. Дюргейім мұның мысалын зауыттардың жабылуы негізінде көрсетеді. Мысалы бір зауыт жабылса ондағы қызметшілер өзінің отбасын асырай алмай, өз өзіне қол жұмсауы.
Фаталистік суицид те аномиялыққа ұқсас. Бірақ сырттан келген қысым аномиялықта жұмсақтау болса, фаталистікте бұл тым жоғары деңгейге жетеді. Менің ойымша бүгінгі күндегі әскерде болып жатқан суицид түрі осыған жататын секілді. Бұдан түсінгеніміздей қысымның яғни реттелу деңгейі жоғары болуы адамды суицидке алып келеді.
Қорыта келе, қоғамдағы суицидтің себебі әртүрлі болуы мүмкін. Ал оның себептерін ғылыми түрде төрт бөлікке бөлдік, талдадық. Жалпы алғанда суицид жсау бұл ең қауіпті құбылыс. Суицидтің ең төменгі баспалдағы адамдағы стресс. Стресс депрессияға алып келеді. Сондықтан да өмірде болып жатқан әр құбылысқа қайғыра беруге болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет