Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім бал арасының тіршілігі жәрне түрлері Ара шаруашылығы өнімдері Омартаға арналған жерге қойылатын гигиеналық талаптар Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Ара



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата09.12.2022
өлшемі94,24 Kb.
#56143
  1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-42448 (2)



Жоспары:
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1 Бал арасының тіршілігі жәрне түрлері 
1.2 Ара шаруашылығы өнімдері
1.3 Омартаға арналған жерге қойылатын гигиеналық талаптар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Ара
 
шаруашылығы немесе Омарта
 
шаруашылығы – ауыл
шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара
шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің
(ара уы, прополис, балауыз, ара желімі,  т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара
шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған.
1777 ж. Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге
қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт
жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары
екенін іс жүзінде дәлелдеді. 
19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле
Алатауларының көптеген
жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта
Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең
қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-
салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш
ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар –
Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Михаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес
қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол
Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны
жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-
жабдықтарәкелдірді. 1915 – 16 ж. оның басшылығымен Оңт.-батыс Алтай ара
өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан
алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев
болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау
етектеріндегі аудандарда ғана дамыды. Кейін омарталар Шығыс
Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы
аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді
алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызы
өнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия,
т.б.
салаларында шикізат ретінде пайдаланылады. Ал прополис, ара уы, т.б. осы
сияқты ара өнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен
қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет