Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі Аты-жөні



бет1/4
Дата29.03.2023
өлшемі25,96 Kb.
#77270
түріДиссертация
  1   2   3   4

Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі
Аты-жөні:Бостай Нурбина Жақыпбайқызы
Ғылыми зерттеу тақырыбы:Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ерекшелігі
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, сапалы білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, оның ішінде қоғамның сұранысына қажетті мамандарды дайындап білім мен ғылымды интеграциялау арқылы білім берудің сапасын арттыру және ақпараттық технологияларды тиімді қолдану мәселелеріне қол жеткізу, еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік озық тәжірибеге сай реформалауды пәрменді жүргізуді талап етіп отыр. Бұл мәселеде әсіресе жоғары педагогикалық білім беруді жетілдіруді алатын орны ерекше. Елбасы педагогикалық жоғары оқы орындарының алдында бәсекеге қабілетті ұрпаққа тәрбиелей алатын жаңа формациядағы ұстаз дайындау міндетін қойып отыр.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Болашақ мұғалім мамандығы аса қажет және жоғары ақы төленетін мамандық болады. Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт даярлау қажеттілігі туып отыр, яғни ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік елдің тығырыққа тірелуі анық. Біз болашақтың жоғары педагогикалық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасатуымыз қажет. Демек барлық деңгейдегі техникалық және білім берудегі ұлттық құндылықты дамытуға бағытталған қсиетті шараларды қолдануымыз шарт.
«Тәрбиедегі ең басты бағыт, - делінген тәлім тәрбие тұжырымдамасында: бір адам ең алдымен өз халқының перзенті , өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тәрбиелеу керек.
Ұлттық құндылықтарғаәр хaлықтыңғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Осы құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеу – ұстаздар алдындағы басты міндет. Ұлтымыздың тұнып тұрғaн асыл мұра, рухани байлығын оқыту үдерісінe енгізу арқылы қазaқ хaлқының құнды ойларын, даналық пәлсaпаcын, өмірлік тәжірибeсін халық игілігі үшін қолдaна алaтын жан-жақты дамыған, білімді, өзіндік көзқaрасы бaр жеке тұлғаны қaлыптастырaмыз.
Faсырлар шеруінде халқымыздың алақaнына салып аялаған ба­ға жетпес рухани мұрасы, даналық да­рия­сы оның әдебиетінен көрініс табады. «Тyғaн тiлiн cүюдeн бacтaлaтын мaxaббaт, eлжaндылықтaн aдaмзaтты шeкciз құpмeттeyгe дeйiн өceдi. Жacынaн тyғaн xaлқының дaнaлығымeн cycындaп, oның өcиeтiнeн нәp aлып, әдeбиeттi cүйiп, coл apқылы ұлтжанды aзaмaт бoлып өcepi xaқ», - дeйдi aca көpнeктi әдeбиeттaнyшы Ш. Eлeyкeнoв.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз. Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген сөз бар. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі Адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін еңбекті қажет ететін аумағы кең ,жауапкершілігі мол күрделі іс екенін ұқтырса керек. «Ту жанында қисық ағаш жатпайды» дегендей, сом тараулы тәрбие жолының тоғысар тұсы халықтың өзінде ,ата –баба салт санасында, дәстүрінде. Жас ұрпақты ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәрбиелесек,еліміздің халқымыздың болашағы, даналығы да солай айқын көрінеді
Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру саласында халықтық педагогиканы енгізе отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруде оқушылардың бойына ұлттық имандылық, адамгершілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы .Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында ,оның қадір қасиеті мен бітім- болмысында. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні даусыз. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат , адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материялдық құндылықтар. Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған мұрағаттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Өз ұлтын қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі – өзім, екіншісі – халқым»-дейді. Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани материялдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне келешек ұрпақты ел жұртқа ие болатын азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа? Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратынқұлықты болуын,сұлу сөз сйқырлы ұн.әдемі өң мен түрлі ләззат ала білетін, һәм байсалды ,ойламдышымыр болып өсуінұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұстаған. Ұрпақ тәрбиесіне кешігу дегеніміз мертігумен бірдей.Тәрбие бала тумай тұрып, дүниеге келмей тұрып берілуі тиіс. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: – Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде ,оларға жастайынанимандылық пен ұллттық қасиеттерді сіңіре білсек,сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлес қоса алатын азамат өсіре аламыз деген болатын-деген болатын. Сондықтан қатардағы пендені нағыз толық қанды тұлғаға айналдыру үшін ұллттық құрдылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор . Даналық білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын. Сондықтан жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жақсы жолбасшы керек. Ол жолбасшы әрине біздер, яғни тәрбиешілер мен педагогтармыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет