Жүрек қан тамырлар аурулары


Жүректің дірілдеуі (қалтырауы) және жыпылықтауы



бет9/10
Дата03.12.2023
өлшемі281,41 Kb.
#133394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жүректің дірілдеуі (қалтырауы) және жыпылықтауы.

  • Патология кезінде жүректің жүрекшелері немесе қарыншаларының бұлшықеттерінің өзіндік бір күйін бақылауға болады. Ол жүректің дірілдеуі (қалтырауы) және жыпылықтауы деп аталады (фибрилляция). Осы кезде жүрекшелердің не қарыншалардың бұлшықетті талшықтарының өте жиі және асинхронды жиырылулары орындалады- минутына 400-ге дейін (дірілдеу, қалтырауы кезінде) және 600-ге дейін (жыпылықтауы кезінде). Фибрилляцияның басты айрықша белгісі жүректің берілген бөлігінің жеке бұлшықетті талшықтарының біруақытта жиырылмауы. Осындай жиырулар кезінде жүрекшелер немесе қарыншалар бұлшықеттері қанның ығыстырылуын жүргізе алмайды. Адамда қарыншалар фибрилляциясы егер оны тоқтату үшін шаралар жылдам қабылданбаса, өлімге әкеліп соғады. Оны тоқтатудың аса тиімді тәсілі электр тогының күшті соққысымен әсер ету (бірнеше киловольт кернеулі), ол қарыншаның бұлшықетті талшықтарының қозуын тудырады, одан соң олардың синхронды жиырылуы қалпына келеді.
  • ЭКГ және ВЭКГ миокардтың әрекет потенциалының бағыты мен шамасының өзгерісін кескіндейді, бірақ жүректің ығыстырушы қызметінің ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік бермейді. Миокард жасушаларының мембранасының әрекет потенциалы миокард жасушаларының жиырылуын жүргізуші механизм ғана болып табылады, ол миофибрилдердің қысқаруымен аяқталатын жасуша ішіндегі үрдістердің белгілі бір тізбектілігін жүзеге асырады. Тізбектелген үрдістердің осы топтамасы қозу мен жиырылудың түйіндесуі деп аталады.

Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі.

  • Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографының техникалық мәліметтері:
  • Электрокардиограф кернеуі 110- 220 Вт-қа дейінгі, жиілігі 50 Гц айнымалы токпен; ішкі қоректендіру көзінен- 12,6 В аккумулятордан қоректенеді.
  • Электрокардиосигналдардың ену кернеуінің диапазоны 0,03 - 10 мВ шамасындай.
  • 2 Гц жиілікте кернеуді өлшеудің салыстырмалы қателігі 0,1- 0,5 мВ диапазонында 10%- тен артық емес; ал 0,5- тен жоғары- 5 мВ-қа дейінгі диапазонда- 5%- тен артық емес.
  • Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографы- әртүрлі жағдайларда электрокардиограмманы оперативті алуға мүмкіндік беретін портативті 
  • электрокардиограф. Электрокардиограф құрылысының жасалуы пациент пен жұмыс істейтін персоналдың сенімді электроқауіпсіздігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет