ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ.
Тақырыбы :Тамырдың соғуын анықтау
Орындаған : Қажыкенова Күнімай Х5 101
ТАМЫРДЫҢ СОҒУЫН АНЫҚТАУ
Жүректен шыққан қан қимылының әсерінен тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс тамыр-дың соғуы деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасы-мен ортаға ырғақты лақтырылған қан айналымы арна-сы ішінде тербеліс жасап, артериялар қабырғаларьш зластикалық кеңейтіп, орнына келтіреді. Тамыр соғудың белгісі оның жиілігімен, ырғағымен, кернеп, толуымен анықталады. Қалыпты т а м ы р с о ғ у ы ж и і л і г і минутына 60-тан 80-ге дейін өзгеріп отырады, бірақ жа-сына, жынысына, дене температурасына және қоршаған ортаға байланысты, сондай-ақ дене күшіне қарай көп түрленіп отырады. Ана құрсағында дамуы мен өмірінің алғашқы жылдарында тамыр неғұрлым жиі соғады. 25-тен 60 жасқа дейін тамыр соғу тұрақты. Әйелдердің та-мырларының соғуы еркектерге қарағанда жиі. Неғұр-лым көп күш жұмсайтын қарқынды жұмыс кезінде та-мырдың соғуы да жиі болады.Тамыр соғу артериялары үстінде орналасқан және тікелей сол тамырды басып табуға (пальпация) болатын жерлерде зерттеледі. Тамыр соғудың жалпы іздейтін жері — кәрі жілік артериясы. Тамырдың со-ғуын самай, сондай-ақ ұйқы және ұршық артериялары-нан табуға болады. Оны анықтаудың негізгі тәсілі — сипау, әдетте білектің алақан жағындағы I саусақтың негізін (кәрі жілік артериясын) сипап табады. Бұлшық ет пен сіңір сипауға кедергі келтірмеуі үшін сырқат қо-лы еркін жатуы тиіс. Кәрі жілік артериясының соғуын міндетті түрде екі қолдан да анықтап, тек айырмашылық болмаған жағдайда ғана оны бір қолды ұстап анықтай-ды. Сырқаттың саусақтарын оң қолымен білезік буыны тұсынан еркін ұстайды. Мұнда I саусақты шынтақ жа-ғында, ал II, III және IV — кәрі жілік, тікелей кәрі жі-лік артериясына қаратады. Саусақтың астында тамыр-дың жұмсақ та шымыр соғуы сезілее, ол қалыпты бол-ғаны. Сынаушының IV саусағы сырқаттың V саусағына қарсы тұруы тиіс. Тамыры соғып түрған артерияны үш саусақпен сипап тауып, оны орташа күшпен кәрі жілік-тің ішкі жағынан басып қысады. Артерияны қатты қысу-ға болмайды, себебі қысымнаи тамырдың соғу толқыны жоғалып кетуі мүмкін. Егер кәрі жілік артериясының соғуы қалай да табылмаса, онда самай немесе ұйқы ар-териясының соғуын анықтайдыТамырдың жиі соғуы — тахикардия деп, сирек
соғуы — брадикардия деп аталады. Тахикардия кезінде де, брадикардия кезінде де түрліше асқынулар болмауы үшін сырқатты мұқият қадағалау қажет. Та-мырдың соғуын санау 30 секундтан кем болмауы тиіс бұдан алынғаи санды 2-ге көбейтеді. Тамырдьщ ретсіз соғуы кезінде 1 минут бойы санайды. Тамырдың соғу толқындары шетіне дейін жетпейтін, жүректін сол жақ қарыншасының кейбір жиырылулары өте баяу жағдай-да т а м ы р с о ғ у тапшылығы (шеткі тамыр соғу мен жүректің жиырылуы арасындағы алшақтық) пайда болады. Мүнда тамырдыи. соғуын екі адам санауы қажет: біріншісі кәрі жілік артериясыньщ соғуын, екін-шісі жүректің жиырылу санын. Егер тамырдың соғуы бірінен кейін бірдей уақыт аралығында болса, тамырдын соғуы дұрыс немесе т а м ы р д ы ң с о ғ у ы ы р ғ а тЯі т ы дейміз. Керісінше жағдайда тамырдың соғуы дұрА емес, тамыр соғуының ретсіз құбылысы байқалады. Д сау адамдардың дем алғанда тамырыньщ соғуы жиц лдем шығарғанда сиреу сияқты — дем алу арит-м и я с ы жиі кездеседі, ол кезде нервінің тонусының өз-геруіне байланысты; бұл балалық және жасөспірімдік шақта неғұрлым жиі болады. Аритмияның түрлері элек-трокардиография әдісімен неғұрльш дәл анықталады.Тамырдың қатты соғуы тамырдың соғу тербелісінің таралуын түгел тоқтатуға қажетті күшпен анықталады. Тамырдың қатты соғу дәрежесін шамамен ең жоғары қан қысымының мөлшерімен шамалауға бо-лады: қан қысымы неғұрлым жоғары болған сайын, та-мыр соғұрлым қатты соғады.Тамырдық соғуы қан тамыры соғуының толқы-нын жасайтын қан мөлшерімен анықталады жә-не жүректің жиырылу көлеміне байланысты болады. Та-мыр жақсы соғуы кезінде саусақтың астынан тамырдың қатты соғу толқынын, ал нашар кезінде тамырдың әлсіз соғуын, тамыр соғуының толқыны аз, білінер-білінбес сипап білуге болады. Бұл жүрек бұлшық еті жүмысыньщ нашарлағанын көрсетеді. Әсіресе білінер-білінбес соғуы тамырдың білінбей соғуы деп аталады. Мейіркеш сыр-қаттың тамырының білінбей соғуын байқаса, бұл жөнін-де дереу дәрігерге хабарлауы тиіс.Тамырдың соғуын сипап анықтау барысында назар қойса, әрі тиісті дағдысы болса, өте құнды нәтиже бере-ді, алайда біршама субъективті түрде қалады. Соңғы жылдары тамырдың соғуын ұзақ та үздіксіз зерттеу үшін арнайы аппараттар: пульсотахометрлер, монитор-лар қолданылады, олар тамырдың соғуын санап, жазып отырады, бұның ұзақ уақыт жасалатын операциялар ке-зінде маңызы зор.Тамыр соғуынық мәліметтері температура бетіне жа-^ аьклады. Температурасы өзгерсе, тамырының соғуы да үөзг£реді, сондықтан тамыр соғуы туралы мәліметтерді лрафикалық жазудың белгілі бір мәні . Қан қысымы систола (ең көп), диастола (ең аз) және п у л ь с т і (тамыр) қысымдар болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |