Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар, Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар Алдыменен алайық амандасып, Армысыңдар бәрің де, армысыңдар! Жүргізуші



Дата11.11.2022
өлшемі16,4 Kb.
#49500

Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
(Бастауыш сынып оқушыларының әдеби монтажы) Б.Женисовна
1 - маусым- Балалар мерекесі құтты болсын!

Ортаға Әжелер мен кішкентай бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.
«Тәй-Тәй» әні
«Немере» әні
Би «Гүл» орындайтын 5- сынып оқушылары
Жүргізуші
: 1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымызбен таныстырып өтейік.
Құттықтау сөз кезегін Кулыкөл селолық округінің әкімі Уалиев Ағыбай Бозайұлына беріледі.
Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Тажмиева Айман Кульбекқызына береміз. Әділқазы алқасын сайлау
Келесі кезекте «Эстафета станциялары» ойынына кезек береміз.3 топқа бөлу. Атаулар беру.
Ойын шартымен толық таныстыру үшін ортаға Кайникенова Ақбота Сайранбекқызын шақырамыз.

Жалпы 6-станция бар. Олар


1.Станция А.Арыстанбековна - «Әуенді тап!»
2. Станция «Гул суару» - мұғалімдер бөлмесі, даярлық топ, қазақ тілі кабинеті, ағылшын. А.Сагитовна фотоға
3 Асфальтта немесе Плакаттағы суреттер М.Асауовна
4. Ж.Назымбековна - көңілді ойын өткізеді
5. М.Мағжанович, Рахат – «Көңілді старт» ойынын өткізеді
6. Дискотека - Ж.Акимовна

Рахат «флэшмоб» - орындалады




Жүргізуші: Жақсы балалар, керемет ойын үшін баршаларыңызға рахмет. Эстафета қорытындысын жасау үшін ортаға ДТЖО Кайрбекова Жанаргуль Акимқызын шақырамыз.


Жүргізуші: Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа, мамамызда
Ырза болсын балалар


Жүргізуші: Ән айтайық қосыла
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрт
Балалар деп үлгілі
«Жас ұлан» ұйымы атынан би қабыл алыңыздар


Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып
Қыран биік самғайды қанат қағып
Адам үшін парыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып.
5-сынып қыздарынан би қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние көрікті де көңілді
Ән шашу: ______________________________________


Жүргізуші: Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің 
Ән шашу: _______________________________________


Жүргізуші: Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл ______________________________


Жүргізуші: Жаз да келді көңілді.
Келді гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі,
Балалары әндетті.
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің _____________________________________


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Ән көмейден құйылды.
Қайғы бұлты шегінді.
Балалар мен дүние
Көрікті де, көңілді.
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз өмірдің гүліміз» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Барлық оқушыларды ортаға флэшмоб билеуге шақырамыз. (балалар ортаға шығып үйренген флэшмобтарын билейді)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет