6 Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама. Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі, оны жетілдірудің жолдары мен бағыттары. ҚР электоралдық үдерістің ерекшеліктері.
Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлері;
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады.
Пропорционады сайлау жүйесі.
Мажоритарлық сайлау жүйесі.
Сайлау жүйесі
Мажоритарлы сайлау жүйесі, оның түрлері мен модификациясы;
Мажоритарлық сайлау жүйесі (majorіte — көпшілік) — сайлау кезінде дауыс берудің нәтижелерін анықтау тәртібі. Мажоритарлық сайлау жүйесі кезінде үміткер немесе партия сайлануы үшін сайлаушылардың көпшілік дауысын алуы қажет. Әрбір округтегі депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиесілі.
Мажоритарлық сайлау жүйесі
Абсолютті
Салыстырмалы
Пропорционалды сайлау жүйесі
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:
дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);
қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.